Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орыстың халық әні «Волга - реченька» -

Орыстың халық әні «Волга - реченька»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 287 | Просмотров: 1607 | Размер: 67.5 Kb | Автор: munira
. БАЕКЕЕВА ЖАНАР ТОЛЫБАЙҚЫЗЫ

К.Э.Циолковский атындағы №2 орта мектептің
І санатты музыка пәні мұғалімі
Байқоңыр қаласы

Сабақтың тақырыбы: Орыстың халық әні «Волга - реченька»
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіру.
Музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай
білуге дағдыландыру.
Ә) Дамытушылық: Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге
тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту. Оқушыларды басқа
халықтардың мәдениетімен таныстыру. Әр ұлттың музыкалық
шығармашылығындағы сұлулықты сезіне білуге баулу.
Б) Тәрбиелілік: Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде ұлттардың мәдениетіне
құрметпен қарауға, олардың әсемдігі мен музыкалық мұраларын
түсіне білуге үйрету. Егемендік алған жас мемлекет –
Қазақстанның басқа елдермен ұлтаралық байланысы арқылы
отансүйгіштікке, өзге ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі- иллюстративтік, репродуктивтік,
сұрақ-жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту
Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекі-құралдары: Композитор портреттері, дербес компьютер,
диапроектор, электрондық оқулық, ноталар,
деңгейлік тапсырмалар, сұрақтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Ой қозғау.
Дауыс жаттығулары
а) Сольфеджио (дирижерлау арқылы) ә) Легато б) Гамма

Ән орындау
И.Дунаевский «Марш юннатов» дирижердің көмегімен
(Дарынды оқушымен жұмыс)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Орыс халық музыкасы және Қазақстан композиторларының шығармалары. К.Күмісбеков өмірі мен шығармашылығы.
Берілетін сұрақтар:
1. К.Күмісбеков кім?
2. К.Күмісбековтің қандай шығармаларын білесіңдер?
3. «Достық мерекесі» күй – поэмасында қай әуен пайдаланылды?
4. Бұл шығарманы жазуға не себеп болды?
5. Біздің республикамызда қандай халықтар мекендейді?
6. Халықты халықпен байланыс тыратын не? (достық, мәдениет, өнер)
7. Күй – поэма дегеніміз не?
8. Симфониялық поэма дегеніміз не?
9. Симфониялық поэма жазған қандай Қазақстан компазиторын білеміз? (Қапан Мусин «Жайлауда»)
10. Қазақ халық музыкасын өз шығармаларында пайдаланған қандай орыс компазиторларын білесіңдер? (С.Рахманинов)
11. Қазақ халқының мол музыкалық мұрасын жинаған қандай музыка зерттеушісін білесіңдер? (А.Затаевич)

IV. Жаңа материалды меңгерту.

Орыстың халық әні «Волга - реченька»
а) Оқушыларға орыстың халық әні «Волга - реченька» әнін тыңдату;
ә) Дайындық (халық әні түрлері);
Мұхит «Дүние-ау»
Ыбырай «Гәкку»
Халық әні «Япырай»
б) Нотамен жұмыс (Екпін, өлшем, саз, характер);
в) 4/4 өлшеммен жұмыс;
г) Фраза бойынша үйрену, дикциямен жұмыс;
ғ) Әнді орындау;

V. Жаңа материалды бекіту.
Музыка тыңдату.

а) Дайындық (халықтық, компазиторлық, кәсіби музыкалар);
ә) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

1-деңгей

Тыңдалатын әуен Ән Би Күй Марш
1.
2.
3.
4.
2 – деңгей

Тыңдалатын әуен Халықтық музыка Компазиторлық музыка Кәсіби музыка
1.
2.
3.
4.

3 – деңгей

Тыңдалатын әуен Жай музыка Күрделі музыка
1.
2.
3.
4.

Тыңдалатын әуендер:
1. «Қазақша Камаринская»;
2. И.Штраус «Персидский марш»;
3. Е.Брусиловский «Алтынай» күй - поэма;
4. Халық әні «Ахау, керім»;

VI. Сабақты қорытындылау.

Оқушылар Венн диаграммасының көмегімен қазақ және орыс халқының халық әндерін салыстыра отырып, ұқсастықтарын табады.

Венн диаграммасы


VII. Бағалау.

Оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын, сабаққа қатысуын ескере отырып бағалаймын.

VIII. Үй тапсырмасы.

Үйге тапсырма: Орыстың халық әні «Волга - реченька» әнін дирижерлап орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.