.
.
Сыныбы: 1 Әсем әнге билейміз
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2377 | Размер: | Автор: Нартай4540Тоқсандық тақырыбы: Музыкалық аңыз әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейміз..
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Оқушыларды бидің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Музыканы естей отырып, билердің түрін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні : Әдемілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасы. «Мұғалім ол біздің» әні.
Жаңа сабақты түсіндіру. Әсем әнге билейміз.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Әртүрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Әнді шалқыта айтамыз, кейбір музыканы тыңдап отырып ,ойланамыз. Сондай – ақ көңілді музыкаға би билегіміз келіп тұрады.
Би –музыка ырғағына сай қимылмен биленетін өнер түрі. Би өнері түрлі ырғақта болады. Асықпай билейтін,тез және адымдап орындалатын билер.
Вальс – жұптасып билейтін бидің түрі.Оны айнала билейді. Вальсті «би патшасы» дейді.
Полька – көңілді және қарқынды билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.
Қара жорға – қазақ халқының ұлттық биі.
Қорытындылау:
1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?
2 Қандай билердің түрін білесіңдер?
3.Вальс қандай би?
Үйге тапсырма. Әндердің сөздерін еске сақтап, жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.