Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сидней -опера театры -

Сидней -опера театры

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2247 | Размер: | Автор: Нартай4540
. МУЗЫКА 4-сынып
Сабақтың тақырыбы : Сидней -опера театры

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға әлемге әйгілі
Сидней опера театры музыкасын
таныстыру,тарихын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән
иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-
ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Суреттер, үнтаспа, оқулық

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Австралияның ірі қаласында қаламен аттас Сидней опера театры орналасқан.Театр әлемге өзінің архитектуралық құрылысымен танымал. Ғимараттың құрылысы 1959 жылы басталып,1973 жылы салынып бітті.Сидней опера театрын 1973 жылдың 20 қазанында Англия королевасы Елизаветта ІІ патшайым ашты.
Сидней опера театрының комплексі үш үлкен көрермендер залынан тұрады.
Сидней Опера театры - қаланың ғана емес, күллі Австралия елінің мақтанышы. Театр ғимараты өзінің ерекше құрылысымен көзге түседі. Алайда, оның құрылысына 15 жыл уақыт кетті. Жоба авторлары біраз қиындықтарға душар болды.
1954 жылы театр тұрғызу туралы шешім қабылданып, құрылыс жобалары үлкен байқау негізінде қабылдана бастады. Байқауға 32 мемлекеттен келген 233 маман қатысты.
38 жастағы сәулетші Йорн Утзонның жұмысы байқау әділқазылары арасында біраз талас-тартысты туғызған болатын. Дат елінен келген сәулетші жобасындағы ақ желкендер теңіз жағалауында орналасқан қаланың болмысын бейнеледі. Өзгелерден ерекшеленген бұл жұмыс жеңіске жетті.
Жоба бойынша, ақ желкендердің биіктігі 60 метрге жететін. Техникалық жағынан қарағанда ғимаратты тұрғызу оңай болған жоқ. Ғимарат құрылысы 1957 жылы басталып, оған 7 млн АҚШ доллар қаржы бөлініп, театр алты жылда салынып бітуі тиіс еді. Алайда, құрылыс он жылға созылып, бөлінген қаржыдан 15 есе көп қаражат жұмсалды.
Ғимарат іргетасы қаланған кезде, негізгі инженерлік мәселелер шешілмеген. Бұл олқылықты жөндеуге Утзонның өзі кірісті. Ол шатырдағы алып желкендерді бөлу арқылы құрылыс жұмыстарын жеңілдетті.
Инженерлік мәселелер өз шешімін тапқанымен, жоба авторы қаражат жағынан біраз қиналды. Құрылысқа бөлінген қаржы жетпей, ғимараттың іргетасын қалауға шамамен 8 млн АҚШ доллары жұмсалды. Сол сәтте Йорн Уотзонды қолдаған жандар лотерея сатып алып, ұтыс ойындарына қатысты. Ұтып алынған ақша-қаражаттар ғимарат құрылысына жұмсалды.
Құрылыстың қарқынын көрген Австралия билігі құрылыс жоспарларын өзгертті. 1966 жылы Уотзон жобадан кетуге мәжбүр болды. Құрылысқа жергілікті сәулетшілер тартылып, ғимарат 1973 жылы салынып бітті. Сол жылдың 20 қазанында театр ғимараты салтанатты түрде ашылды Ерекше келбетімен өзгелердің назарын өзіне қарататын Сидней опера театры бұл күнде әлемнің ең әдемі театрларының қатарынан орын алады. Теңіз жағалауында орналасқан қаланың жауһары саналатын Сидней Опера театры Австралияның көрікті мекеніне айналды. Театр қойылымдарынан бұрын, әдемі ғимаратты көру үшін жыл сайын жердің түкпір-түкпірінен туристер келеді.

Қорытындылау : Оқушылардың тест сұрақтар арқылы түсініктерін
пысықтау

Бағалау : Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы
оқушыларға баға қою

Үйге тапсырма: Тақырыпты үйден оқып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.