.
.
Сабақтың тақырыбы: Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2258 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтын мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға сазгер Алтынбек Қоразбаевтің өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орындарының ерекшелігі туралы музыкалық білім беру.
Б) тәрбиелік: Алтынбек Қоразбаевтің өнерін жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді азаматты тәрбиелеу.Алтынбек Қоразбаевтің әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып
Көрнекіліктер: слайдтар, домбыра,компьютер т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын,оқу-құралдарын тексеру)
ІІ.Үй тапсырмасы:
1.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?( А. Жұбанов)
2.Ахмет Жұбанов қай жылы дүниеге келген? (1906 жылы )
3.Ахмет жұбанов кім? (Сазгер,дирижер,музыкатанушы,этнограф,ҚазССР-нің халық артісі,өнертану ғылымының докторы,академик,қазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.)
4.А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін ата.
(Замана бұлбұлдары)
5.Ол Л.Хамидимен бірлесіп қандай опералар жазды? (Абай, Төлеген Тоқтаров)
Музыка тыңдату. «Би күйі» (А.Жұбанов)
1.Күй ұнады ма?
2.Күй дегеніміз не?(Қазақтың ұлттық музыкалықаспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады)
2.3.Несімен ұнады?
3.4.Күйдің сапасы қандай? (көңілді, қайғылы, жәй, жылдам)?
4.5.Күйді тыңдаған кезде көз алдыңа не елестейді?
Музыка сауаты: Динамикалық белгілер.Әннің шумақтарында кездесетін қатты, ақырын, орташа белгілері болады. Дыбыс күшін азайту немесе күшейту белгісін Динамикалық белгілер деп атайды.(грек тілінде динамикос – күшейту)
Шығарманың мазмұны мен табиғаи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту белгілері былай белгіленеді.
p – piano - пиано – ақырын, жай
f - forte – форте - қатты
mf- messo piano – меццопиано - орташа
ff – fortissimo – фортиссимо - өте қатты
pp – pianissimo – пианиссимо - өте жай
< - crescendo – крещендо – бірте-бірте күшейте
> - diminuendo – диминуэндо – бірте-бірте жайлата
ІІІ. Жаңа сабақ: Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады.Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.
Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы.
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
Ән айту : Сөзі Т.Қажыбаевтікі әні: Алтынбек Қоразбаевтікі «Әгугай домбыра»
3 шұмақтан тұрады.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
1.Қай жылы туылған,қай жерде? (1948 жылы Жамбыл облысы,Мерке ауданындағы Қызылсай ауылы.)
2.Қандай аспаптарда ойнап біледі? (мандолин,гармошка,домбыра,пианино)
3.Қай жылы Жамбыл облыстық «Алатау»эстрадалық ансамбілінің көркемдік жетекшісі болды?
(1973 жылы)
4.Халық сүйіп тыңдайтын қандай әндері бар? (Қара кемпір,Қара шал,Шашбаулым,
Сырғалым,Аяулы Таразым,Кенен ата,Сағындым Кенен атамды)
5.Қандай оркестрде домбырашы болып отырды? (Құрманғазы атындағы оркестрге.)
6.Қандай атақтар берілді ?(1993 ж. Қазақстан республикасының,1994 ж. Қырғызстан республикасының халық әртісі атағы берілді.)
Сөзжұмбақ:
1.Ағасының аты кім? (Бескемпір)
2.Домбыра аспабын үйреткен ұстазы? (Әбілахат)
3.Қай ауылда дүниеге келді? (Қызылсай)
4.1972 жылы Ғарифолла Құрманғалиевпен қай облыста өнер қөрсетті? (Гурьев)
5. Сол жылдары кімнің әндерін орындап жүрді? (Кенен)
6. Өзінің шығарған әндерінің бірі. (Сырғалым)
Үйге тапсырма: «Әгугай домбыра» әніннің сөзін жаттау, тақырыпты оқу әңгімелеу.
Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.