.
.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз. Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз.
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2182 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау қабілеттерін дамыту,оқушылардың ой - өрісін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Балаларға рухани – танымдық тәрбие беру,ұлттық өнерге, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ән айту , музыкалық аспаптармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Сыныппен амандасу.
ә) Сыныпты түгендеу.
ІІ Сабаққа зейін аударту.
1.Үйренсең нотаны,
Ән де саласың,
Барлығын оп- оңай,
Жаттап аласың.
Сен де қосыл, жасқанба,
Әнің жетсін аспанға.
ІІІ. Үй жұмысы.
Дархан даланың үні – сыбызғы.
Балалар музыкалық аспаптарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді?
1.Сыбызғы аспабы неден жасалады?
2. Ұлттық музыкалық аспаптарды ата.
3. Біз қандай әндер үйрендік?
4. «Әліппе» әнінің сөзін жатқа айтып бер.
5. «Ана», «Әке», «Отан » сөздерін тақтаға жазып көрсет.
Сергіту кезеңі: «Біздің оркестр» (Қимылдарын қолмен көрсету)
Өтпейді әр кеш құр,
Ойнаймыз оркестр.
Дауылпаз бастайды,
Қылқобыз қостайды.
Сыбызғы,ысқырық
Қосылар ысқырып.
Домбыра, сырнай да,
Күй төгер мұндайда.
ІV. Бекіту.
Жұмбақтар айтылып, жауаптарын табу арқылы слайдтан ұлттық музыкалық аспаптар көрсетіледі.
1.Даусы бар, жаны бар,
Шертсең күйі әні бар.
Құлағын оң бұра,
Ол не .... (Домбыра)
2. Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. (Сыбызғы)
3.Тілшікті аспап, қобыздай асқақ.
Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? Бұл -шаңқобыз.
Міне, балалар бүгінгі танысатын ұлттық аспабымыз- шаңқобыз.
( Үнтаспадан шаңқобыздың үнін тыңдатамын)
V. Жаңа сабақ. Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз
Шаңқобыз- қазақтың көне музыкалық аспабы. Шаңқобызды ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкентай темір тілшені қолымызбен тербеліске келтіру арқылы дыбысын шығарамыз.
Шаңқобыздың жасалу жолдын технология пәні мұғалімі Оразалина Алмагүл айтып өтеді.
Шаңқобыз –темірден, ағаштан, күмістен жасалынады.
Жақсы , балалар, біздер сыбызғының ағаштан, шаңқобыздың темірден жасалынатын білдік.
Өткен сабақта үйренген әніміз «Домбырасыз сән қайда?» әні. Әнін жазған композитор Ибрагим Нүсіпбаев ағамыз (Әнді қайталатамын)
Балалар, өткен сабақта сыбызғы аспабының шығуы жайында айтып өттім. Жолаушы жолда келе жатса судың жағасында ызыңдаған дыбысты естейді. Келіп қараса қураған қамыс екен. Қамысты жел үрлеп дыбыс шығырып жатса керек. Жолаушы үйіне алып келіп, қамысты ойып, музыкалық аспап жасайды. Ол – сыбызғы аспабы екен.
Біз де жайлауға, атамыздың аулына барып, қыдырып, ән айтып қайтайық.
б) Ән үйрету: «Қошақаным қайда екен?» әні.
Балалар, бүгін біз, Әсет Бейсеуов ағаларыңның «Қошақаным қайда екен?» әнін үйренеміз. Ән көңілді орындалады.
1.Әннің сөзін ауызша жаттатқызу.
«Қошақаным қайда екен?» әні. Әнін жазған Әсет Бейсеуов.
Жазда атамның аулына ,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шыға келді жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен,
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
Тентек құлын тебер деп,
Бұзаулармен бір ме екен.
Жазда мені келер деп,
Мені күтіп жүр ме екен?
2. Ән айту ережелерін еске түсіру.
3. Дауысқа жаттығу жасау.
4. Ән айту.
VІ. Қорытындылау.
Домбыра
Қобыз ------------ Ұлттық музыка аспаптары --------- Сыбызғы
Шаңқобыз Жетіген
Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары өте көп.Қазір біз, сабағымызды қорытындылай келе, Нұрғиса Тілендиев аталарыңның «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып қолымызбен әркім өзінің қалаған аспаптарын ойнау арқылы шағын «оркестр» құрамыз.
Үнтаспадан жайлап «Ата толғауы» күйін қосып қою.
VІІ. Үйге тапсырма.
«Қошақаным қайда екен?» әнін айтып келу, шаңқобыздың суретін салу.
VІІІ.Бағалау. Ноталар арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.