Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Татар халқының сұлу сазды әндері -

Татар халқының сұлу сазды әндері

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4598 | Размер: | Автор: Нартай4540
. МУЗЫКА 4-сынып
Сабақтың тақырыбы : Татар халқының сұлу сазды әндері

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға әлемге әйгілі
татар музыкасымен
таныстыру,тарихын түсіндіру

Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән
иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-
ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Суреттер, үнтаспа, оқулық

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Татар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиеті бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, қазақ, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауысты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең-тақпақ араластырып орындалатын әзіл-сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қазақтың шаңқобызы іспетті қобыз аспабы, гармонь, мандолина, добра, гусли, скрипка жатады
ТАТАР Ұлт, қазіргі Татарстан Республикасының негізгі халқы. Т-лар қазақтармен ерте араласқан, сауда-саттық жасап, ислам дінін таратқан. Олар, әсіресе, Семей, Верный, Қапал қалаларына, Жетісу, Семей облыстарының аймақтарына көбірек тараған, бала оқытып, ақын-жазушылары қазақ тілінде шығармалар жазған. Абай шығармаларында татар тіліндегі сөздері жиі ұшырасады. Ақынның татар халқы хақындағы пікірі де көңіл аударарлық. Ғақлияларының Екінші сөзінде ноғай ұлтын Т. мағынасында қолданған ақын олар: «солдатқа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат әсем де соларда» деп жазады. Оның оқыған баласы Әбдірахманға «ноғай ауылының» қызы Мағышты (Мағрипа) айттырып, алып беруі осы құрметтің бір көрінісі іспетті. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны турапы» деген тарихи еңбегінде: «Есте жоқ ескі мезгілде, монғолдан бір татар аталған халық бөлінген екен. Қытайлар «татан» деп жазады. Асыл түбі қазақтың сол татар. Осы күнде қазақтың төре нәсілдері өзін, біз татармыз деп айтысады» деген қызықты деректер келтіреді. Ақын Монғол татары мен Еділ бойы татарларының ара-жігін анық ажыратады және сонау көне замандағы монғол татарларының тарихын жетік білген. т. Барак ұлы. ТАТАР ӘДЕБИЕТІ - туысқан татар халқы қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы Абайды өзінің Тоқайыңдай ардақтайды, құрмет тұтады. Абай мен Тоқайдың тікелей шығармашылық қатынаста болғанын растайтын дерек жоқ. Абайдан кейін тоғыз жыл өмір сүрген Тоқайдың қолына оның 1909 жылғы жинағы түсті ме, түспеді ме - жауабы жоқ сауалдың бірі осы. Әйтсе де, Қазақстанда, атап айтқанда Текеде (Орал) 12 жыл тұрған зерделі де алғыр ақынның қазақ поэзиясымен таныстығына шүбәсіз сенеміз. Екі түрлі аймақта, екі түрлі ортада ғұмыр кешкен бұл екі алыптың бірін-бірі көрмесе де, шығармашылық бағытында үндестік, сарындастық сезілмейді емес. Ол көбінесе, туындыларының халықтық сипатынан, гуманистік лебіздерінен, замандастарын өнер-білімге шақыру ниетінен өрбіген өлеңдерінен байқалады.
Қорытындылау: Оқушылардың тест сұрақтар арқылы түсініктерін
пысықтау
Бағалау : Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы
оқушыларға баға қою

Үйге тапсырма : Тақырыпты үйден оқып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.