Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қыз еркем-анасымен көркем» -

«Қыз еркем-анасымен көркем»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1594 | Размер: | Автор: munira
. «Қыз еркем-анасымен көркем»
Жоба байқауы
Мақсаты: Ананың өмірдегі қоғамдық орнын, қадір-қасиетін оқушылар санасына ұялата отырып, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Аналар туралы нақыл сөздер.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. Ана туралы оқушылардың жүрек жарды шығармашылықтары.
3.Анасы туралы ән-жырлар
1- жүргізуші:
Қазақ әйелі, ананы баласын қадірлі құрмет тұтқан.
Ару... Ана бүкіл әлемнің әдемілігі бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен екен. Ару деген сөз адалдық, арлылық, асқақтық атты қасиеттерімен қабысып жатса, ана сөзінің аясында асыл, аяулы, ардақты құдіретті сезімдер тоғысары ақиқат.
2- жүргізуші:
Әрбір адам тіршілігінің ғұмыр бұлағы да, тәлімнің өмір нәрі де ана болмысынан бастау алады.Оғын тектіліктің символы Абайдың әжесі зеренің, дана Шоқанның әжесі Айғанымның өнегесі дәлел емес пе?
Ән: «Анашым»
1- жүргізуші:
Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді. Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда, Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтеді.
2- жүргізуші:
Ал Клара Цеткин кім еді? Ол ана, күрескер ана, Германияның коммунистік партиясының құрушылардың бірі. Ол 1890 жылы Германияда социалистік-демократиялық әйелдер қозғалысын басқарған.
Ән: Сапарбек
1- жүргізуші:
«Қыз еркем-анасымен көркем» атты жоба байқауына кезек береміз. 6 сыныптан Жанар өз жобасын қорғайды.
2- жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербетпей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған осындай аналардың құдіретті сезімдерін құреметтей білейік, достар!
1- жүргізуші:
Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз кестесіне назар аударайық.
1-оқушы: Абай Құнанбаев:
«Әйел сұлу болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме.»
2-оқушы: К.Д.Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.»
3-оқушы: В.А. Сухомолинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретініне мен мың сан мәрте көз жеткіздім.»
4-оқушы:В.Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы-ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя».
1- жүргізуші:
Ендігі кезекті 5 сыныптан жобаны қорғауға Анарғабереміз.
Намысты ерді өсіріп, елін жаудан қоғайтын қасиетті қара шаңырақ иесі ұл туу ананың үлесі. Қара қылды қақ жарған небір шешендер мен көсемдер,әділ билердің ерекше орын алуы ананың еңбегі емес пе? Олай болса келесі ән сіздерге арналады.
Ән:
2- жүргізуші:
Ақ тілеулі, кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
1- жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды.
Би:
1-оқушы:
Ана деген тіршіліктің иесін,
Сыйлайтын адал бала білесің.
Өмір балын тамызарда ерніңе,
Шымырлатып еріткен бар жүйесін.
2-оқушы:
Кірпігімнің әр қағысын санаған,
Көз аудармай күндіз-түні қараған.
Айналамда жүргендердің бірінен,
Бар ма анамдай тірлігіме жараған.
3-оқушы:
Жоқты жонып тауып бер деп мазалап,
Табылмаса ылаң салып жазалап.
Жата қалып саз балшыққа аунаушы ем,
Өз қолымды өзім тістеп қажалап.
4-оқушы:
Ардақты анам мұныма да көнетін,
Көнген сайын мен еркелей беремін.
Тірліктегі сәтсіздіктің бәрін де,
Жазығы жоқ сол анамнан көретім...
5-оқушы:
Ананың сұлуын-ай,
Ақ нұрға шомылғандай.
Үлпілдеп ыстық жүрек,
Сәбиін аялайды-ай!

2- жүргізуші:
Орасақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға.
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға,-дей отырып келесі күмбірлеген күй сіздерге арналады.
Күй: « Адай»
1- жүргізуші:
Ана-бала, бала-ана бір ұғым ,
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,
Екеуінің өтсін бірге уақыты.
2- жүргізуші:
О, жаратқан! Берші тұтас бір өмір,
Бір-біріне сүйеніп тұр гүл өңір.
Бір-бірінсіз қирап қалатын,
Екеуің де сүйе және сүйе біл.
Ән:
1- жүргізуші:
Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл,
Қауіп кетер қасіретке тұзақ құр.
Баласы үшін жыламасын бір ана,
Онсыз да ол сан азапқа шыдап тұр.
Ана, бала көздің ақ пен қарасы,
Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары санансы.

Ән: «Әдемі-ау»
2- жүргізуші:
Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңіз бен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен бүгінгі жобалар байқауын аяқтаймыз.Келіп, көріп, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!
ХОР:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.