.
.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жас домбырашылар.
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 444 | Просмотров: 4618 | Размер: 267.0 Kb | Автор: muniraАтырау облысы Қызылқоға ауданы
Х. Досмұхамедұлы атындағы қазақ орта мектебі
Жас домбырашылар
Қолданбалы курс бағдарламасы
Музыка пәні мұғалімі
Баймағанбетқызы Жансұлу
Миялы 2011 жыл
Тақырыбы: Жас домбырашылар.
Домбыра үйрету курсы: Үйірме мүшелерімен.
Түсінік хат:
Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 3- 5 сыныптардың оқушылары тартылды. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағұлматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Домбыра аспабын меңгеруге байланысты музыкалық терминдер түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетіледі. Домбыра тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сабақтарда алған теориялық білімдерін жеке сабақтарда қолдану үйретіледі.
Курстың екінші жартысында оқушылар жеңіл этюдтер ойнауға дағдыланады. Халық күйлері үйретіледі. Домбыраны қосылып тарту, аспаптар ансамблін құрумен курс аяқталады.
Курстың мақсаты:
Ұлттық аспабымыз домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, оқушыларды өнерсүйгіштікке баулу, отансүйгіш, ұлтжанды, жан- жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Ұлттық аспаптарымызды, оның ішінде домбыраны құрметтеуге үйрету, сол арқылы ұлттық салт –дәстүрлерімізді насихаттау. Ұлтымыздың болашағының жарқын болуына атсалысу. Еліміздің болашағы жастардың өздеріне деген сенімдерін нығайту.
Курстың міндеттер
- Ұлттық аспаптарымызды танып білуге, құрметтеуге уйрету.
- Домбыра аспабының әрбір үйдің қастерлі мүлкіне айналуына қол
жеткізу.
- Үйірме мүшелерінің музыкалық сауатын арттыру, аспапта ойнау
шеберліктерін шыңдау
-Домбырада жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру.
-Пәнаралық кіріктіру:
- Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, өнер пәндерімен байланыстыра оқыту.
- Мәдениеттану, өнертану мамандықтарына баулу, ұлттық өнерімізді дамыту бағытындағы мамандықтарға бейімдеу.
Курстың ұйымдастыру формасы: Лекция, практикалық жұмыс,өзіндік жұмыс.
Курсты оқытуды аяқтау формасы:
- Берілген тапсырманы домбырада ойнап көрсету;
- Тест тапсырмасы.
- Оқушы рефераты.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар курста алған білімдерін күнделікті тұрмыста практика жүзінде пайдалана алуға,өз беттерімен домбыра тартуға ,білім қорларын молайтуға, музыка оқулықтармен жұмыс жасауға үйренеді.
р/с Сабақтың тақырыбы Сағ.саны Уақыты
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
Кіріспе
Оқушыларды қабылдау
Домбыраны қалай ұстау керек?
Домбыра құрылысымен танысу
Домбыраның құлақ күйін келтіруді үйрету.
Домбыра қағыстары.
Музыка дыбыстарының жазылуы.
Такт. Өлшем.
Пауза (Музыкалық тыныс)
Нүктелі ноталар
Тон, жарты тон және альтерация
Интервальдар
Мажорлық гаммалар
Позициялар мен аппликатура
Екпін белгілері
Динамикалық шартты белгілер
Домбыра тарту техникасын өсіретін жаттығулар
Арпедхиоларды тарту
Этюдтерду тарту
« Кеңес» күйі
« Келіншек» күйі
«Тепеңкөк» күйі
А. Жұбановтың « Би күйі»
Қорытынды сабақ
1
1
1
1
1
1
2
1
1
1
1
1
1
1
2
1
2
2
2
2
2
2
2
2
Үйірме жетекшісі: Ж. Баймағанбетқызы
Аты-жөні: Баймағанбетқызы Жансұлу
Туған жылы: 1979 жыл 3 қаңтар
Білімі: жоғар
Бітірген оқу орны: Атырау Мемлекеттік
университеті Мамандығы: Орта мектептегі музыка
пәнінің мұғалімі Педагогикалық өтілі: 12 жыл
Санаты: екінші
Жұмыс орны: Х. Досмұхамедұлы атындағы
орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.