.
.
Сабақтың тақырыбы: «Жетіген аспабы» «Жетіген аспабы»
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 441 | Просмотров: 2800 | Размер: 241.0 Kb | Автор: muniraСабақтың мақсаты: Жетіген аспабы, оның шығуы, дыбысы туралы. Ұлттық аспапты қадірлеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: әнді көңілді сипатта орындауға үйрету. Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту. Халық музыкасымен сусындату.
Өткен замандағы және бүгінгі таңдағы халық өмірінің байланысын түсіндіру.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру. а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
1. Электрондық оқлықтан суреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынына түсінік беру
Электрондық оқулықтан (1.Алғашқы музыкалық аспаптар, түсіндіру
2. Қазақтың және орыстың ұлттық аспаптары)
Дабыл, дауылпаз – ұрмалы (ұрып ойнайды).
Асатаяқ – сілкімелі (сілкіп ойнайды).
Домбыра – ішекті (шертіп, қағып ойнайды).
2.Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
Асық – қазақ балаларының ертеден келе жатқан ойыны. Бүгінгі сабағымыз осы асықтарға байланысты шыққан көне ұлттық музыкалық аспап туралы болмақ.
- Асықтың саны нешеу?
- Жетеу.
Нота сауаттылығының құпиясы. №2 тапсырма.7санымен байланысты сөзді таңдау.
- Олай болса, ол қандай аспап деп ойлайсыңдар?
- Әрине, жетіген.
(Дәптерлеріне күннің жадын, тақырыпты жазу « Жетіген аспабы»).
ІІ. Жаңа сабақ
1). Жетіген аспабының шығуы туралы аңыз (интерактивтік тақтадан суретін көрсету).
Өте ертеде, жаугершілік заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың жеті ұлы болыпты. Ұлдары кішкентай кезінде асық ойнағанды жақсы көріпті. Күндердің күнінде жеті ұлы ел қорғайтын үлкен азамат, батыр болып өседі. Әкесі ұлдарының ойнаған асықтарын сақтап қойыпты. Бір күні сол ауылда жұт болады. Адамдар ашығып, малдар өліп, қиыншылық заман болады. Сонда шалдың жеті ұлы малдарын аман алып қалу үшін суы, шөбі мол жер іздеп кетеді. Сол кеткеннен оралмай мол кетеді. Шал мен кемпір ұлдарын сағынып қайғырады. Содан шал ағаштан ойып бір аспап жасайды. Оған жеті ұлына арнап жеті ішек тағады. Одан дыбыс шығу үшін ұлдарының ойнаған асықтарын тағады. Сөйтіп, ұлдарына арнап күй тартады. Ол күй ел арасына тез тарап кетеді.
Халық оны «Жетігеннің жетеуі» деп атапты. Ал аспапқа «Жетіген» деп ат қойыпты. Содан бері бұл аспапта шалдың жеті ұлының асықтары қалған екен деседі.»
Көне түрі – тұтас ағаштан ойып жасалады, 7 ішегі бар, 7 асық тағылып, ол тиек қызметін атқарады және ары-бері қозғалмалы болады. Бұл аспапта халық әндері мен күйлерін орындаған.
Жаңа түрі – жұқа тақтайшалардан желімдеп құрастырылады, 14-тен жоғары ішектері болады, барлық ішектеріне тұтас үлкен тиек тағылады және күйін келтіретін құлақтары болады. Халық және халық композиторларының әндері мен күйлері орындалады, оркестр құрамында да, жеке де тартылады.
2. Тапсырма. Ұлт аспаптары №4. Ұрмалы шекті, үрмелі аспаптарды
3 топқа орналастыру.
Дауылпаз, асатаяқ домбыра, жетіген, сыбызғы, сазсырнай.
Дәптерімізге жазамыз.
3.Музыка тыңдау.
Халық күйі «Алқоңырды» жетіген аспабының орындауында тыңдау.
- Күйде қанша аспаптың дыбысы естіледі?
- 1 аспап, яғни жеке аспап.
- Жетіген аспабының дыбыс бояуы, дыбыс биіктігі қалай естіледі?
- Ашық және биік, яғни жіңішке болып естіледі.
- Жетіген аспабы қалай тартылды?
- Саусақпен шертіліп тартылды.
Ал енді Жетіген аспабының Қарақат Абдилдинаның орындауындағы «Агугай» әнін тыңдайық.
4.Ән орындау.
Ән айту кезінде денені тік ұстап, дауыс ырғағын жұмсақ, әдемі әндетіп орындау керектігін естеріне саламыз. Әннің алғашқы шумағын үйретіп дикциямен жұмыс істеп, сөздердің мазмұнын түсіндіргеннен кейін барып әуенін үйретмін.
«Агугай домбыра» әнін хормен орындау.
- Бұл ән не туралы айтылып жатыр?
- -домбыра
- Яғни шанағынан төгілген күй туралы айтылып жатыр екен.
Дидактикалық сұрақ. Тақтадағы суретке қарап әңгіме құрау.
Мысалы: Әнші- өлең айтады.
Сергіту сәті.
Аяқпенен топ-топтоп.
Ал қолменен хлоп хлоп хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға бір солға
Секірейік кел мұнда.
Ойналған музыкаға лайықты ырғақты қимыл-қозғалыстар арқылы жасау.
6.Бекітіп, қорытындылау.
Үйге тапсырма:
Жеті санына байланысты өздерінің білетін ұғымдарды жазу.
Қазақ халқында жеті саны – қасиетті сан. Соған байланысты халық арасында ұғымдар мен ырымдар көп айтылады. Мысалы: Жеті ата, Жеті қазына, Жеті күн, Жеті нота т.б. «Әгугай» әнін жаттау.
7.Бағалау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
М-С Бабажанов атындағы ЖББО мектебі.
Тақырыбы:
Өткізген:
Сайқын 2012ж Қаңтар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.