.
.
Бөкей Ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, «Қабілетіңді аша біл»
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1917 | Размер: | Автор: ТәрбиеА.Құсайынов атындағы ОЖББМБ
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Саламатова Гулдана Каирболатовна
Байқаудың тақырыбы: «Қабілетіңді аша біл»
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы өз қабілеттерін аша білуге, мейірімділік қасиеттерін үйретіп,
тәрбиелеу.
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бәрімізде өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақпыз! Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі, ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді? Әрине,бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде.Әрбір ата-ана баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру арқылы өнерге деген қабілеттерін де дарыта алады.
Міне, Өзін-өзі тану пәні де адамгершілік құндылықтарды үйрететін өнер пәні.Бұл еңбекті жарыққа шығарған Қазақстан елінің бірінші ханшайымы Сара Алпысқызы Назарбаева анамыз. Ендеше, біздің бүгінгі байқауымыз әр баланың көзінен қуаныш отын, шуақ шашар ата-ана махаббаты мен жылулығын,жақсы қасиеттерді бойларына дарытуда, жетім көрсе жебеп, қолдаған,мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасаған, солардың бақыты үшін көп еңбек сіңірген Сара Алпысқызы Назарбаева анамызға және жүрек жұлуын төгер барша ата-аналарымыздың құрметіне арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» демекші, балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы.
Бұл байқауымызға қатысушы үміткерлерімізге сәттілік тілеу үшін сөз мектебіміздің директоры Қабиева Мастура Нәсиқызына беріледі.
Байқаудың әділ өткізілуі мен жеңімпаздарды анықтау мақсатында әділ-қазыларды сайлап өтейік.
Әділ-қазылар мүшелері:
1. Оқу ісінің меңгерушісі Бектасова Айнұр Сапарқызы
2. Қосымша білім беру педагогі Гумарова Айжанна Катесовна
3. Саз жетекшісі Бекжанов Кайрат Жұмагелдіұлы
Жүргізуші:Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана-демекші, байқауға қатысушы үміткерлерімізге кезек берейік.
Иматова Айгерімнің орындауында «Асыл ана» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші:Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату - тәтті достарым мейірімді!
Сүндетов Дулаттың орындауында «Жанұям» әні.
Жүргізуші:Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.
Ән: «Достар»
Жүргізуші: Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Жуырда алтын жүрек анамыз - 73жасқа толмақ. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.
Ән: «Аяулы анам»
Жүргізуші: Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылды.
Ән: «Гүлім»
Жүргізуші:«Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай, бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А. Назарбаева әр баланың жүрегіне жол таба білген, әр баланың бойына анаға, отбасына, туған жерге, досқа және өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын дарытқан мейірімді жан.
Ән: «Рахмет,Ана!»
Жүргізуші: Ол Президенттің зайыбы ғана емес, ең алдымен әйел, ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшін оларды сүйе білу қажет.
“Балалар Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс. Сол үшін біз, үлкендер, балаларға ерекше құрметпен қарап, айырықша қамқорлық жасауымыз керек”- дейді Сара Алпысқызы.
Ән: «Жүрекке жылу берген Анашым»
Жүргізуші: Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: Сара Алпысқызы - бүкіл Қазақстан балаларына қамқоршы. Бүкіл Қазақстандық балалар ол кісіні ең бас анамыз деп атайды. Ол - балажан адам. Бала үшін қолындағы қаражатын, бойындағы қажырын сарп етуге бар. Жақсылық жасағанды қалайды, сәбидің риясыз күлкісін сүйеді. Осы бір аналық махаббат ол кісіні қайырымдылыққа итермеледі. Енді тәуелсіздік алған елең-алаң шақта елдің болашағы саналатын бүлдіршіндерді еңіретпеу керектігін Сара Назарбаева терең түсінді. Сол себептен, аурудың мұңын, жетімнің зарын тыңдайтын, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының негізін қалады.
Ән: «Өмірге ризамын»
Жүргізуші: Мен ойлаймын, Сара Назарбаева - нағыз қамқоршы ана. Себебі, өмір бізге сынақ ретінде беріледі. Ал біз ол өмірді түсіну керекпіз, қадірлеу керекпіз. Ал біздің анамыз оған көмектеседі. Барлығына қамқор ана, қайырымды жан атанған Сара Алпысқызына мен де алғыс білдіріп, шын жүректен туған күнімен құттықтаймыз!
Ән: «Анаға хат»
Жүргізуші: Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Ән: «Достарым»
Жүргізуші: Мына дүние әділдіктен жаралған,
Өз орнында: жер де, күн де, тау, орман.
Бір-бірінен қуат алған, нәр алған,
Мына дүние әділдіктен жаралған.
Күн барады әділдігін арқалап,
Әділдігін бөлеп жатыр шартарап.
Әділдік деп жүргеніміз біздердің –
Бар ғаламға, әлемге ортақ салтанат.
Ән: «Қазақ елі»
Жүргізуші:Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу
Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
Өміріме өзімнін танданамын,
Қалмайын деп қатардан қарманамын.
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеніме үмітпен алданамын
Ән: «Сәби болғым келеді»
Жүргізуші: О, ғажайып, жаңа гүлдер ескі жұртта тұр өсіп,
Бұл даланың рухы үшін мәңгі-бақи күресіп.
Сол гүлдерді иіскеп, сүйіп жүрсе біреу далада
Ұқсайды ол өз баласын жетектеген анаға.
Бұл далаға бір қарасам пейілім менің кеңейген –
Енді қайтем осы өлкені туған жерім демей мен!
Ән: «Гүлдер»
Жүргізуші:Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата - ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
Ән: «Әке-ана»
Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
«Мен қазақпын»әні
Жүргізуші: Жанбасаң, жарық бермейсің
Жансыз бекер терлейсің
Жігерлі жанға ергейсің.
Ұлым-ау, жердің бетінде
Жақсылық сырын тергейсің
өмірге екі келмейсің.-демекші, байқауға қатысушы үміткерлерімізді бағалайтын әділқазыларымызға сөз береміз.
Жүргізуші: Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қымбатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Қабілетіңді аша біл» атты байқауымыз өз мәресіне келіп жетті.. «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін, бала қайдан табылар?» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.