Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Адал достық» -

«Адал достық»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 453 | Просмотров: 8391 | Размер: 88.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Пәні: «Өзін – өзі тану»
Ашық сабақ
Сыныбы: 4
Пән мұғалімі: Аңдамасова Жеміс Аманбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Адал достық»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Адал достықтың мәнін түсіндіру.
- Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту
- Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, видео проектор, слайд, үлестірмелі қағаздар
Шаттық шеңбері: а) ұйымдастыру
ә) сәлемдесу
б) үй тапсырмасын тексеру
- Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналып мына өлеңді айтамыз.
Күн жылынып, жаз болды, Жасырынып көдеге
Көлге аққу қаз қонды. Тығылмашы, бөдене.
Үйрек жүзіп сарыала, Жаз қызығын тойлайық,
Сайраңдады жағада. Кәне, бірге ойнайық.
-Жақсы балалар олай болса, мына сөз жұмбақты шешейік. Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп айтатынын жазамыз.
А Қ Ы Л Д Ы
О Й Л Ы
С Ы П А Й Ы
Ы Н Т А Л Ы
Ш Ы Н Ш Ы Л
Р А Қ Ы М Д Ы

Олай болса, балалар ортада «достық» деген сөз шыққан екен. Мен сіздерге дос туралы бірнеше сұрақтар қоямын. Соған жауап бересіздер.
1.Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам

2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық жасқа байланысты ма?
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
- Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір – біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым – қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелейміз.
Мәтінмен жұмыс: «Екі дос» (ел аузынан
1. Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
2. Аңыз – әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
3. Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс – әрекеттерінен байқадыңдар?
- Адал дос дегеніміз – өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашанда қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
Жағдаяттарды талдау.
1. Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер деп ойлайсыңдар?
2. Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?
3. Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалды. Әр оқушы өз ойын нақты айта білді.
Тыныштық сәті: Санайық жаңаша... (Орындарынан тұрады)
Бір, екі, үш.... (Екі қолын алға, жоғары, екі жанына созады)
Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп әрі – бері бұлғайды)
Достықта біздің күш.... (Қолдарын ішке қарай бүгеді)
«Мінездеме беру» тренингі.
Қазір сіздерге 5 саусақты қолғап таратылады. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы, яғни сыныптағы оқушылардың есіміне бір – біріңе көрсетпей мінездеме бересіңдер. Сонан соң қолғапты жинап алып өздеріңе таратылады. Қай оқушы сіз туралы қандай мінездеме бергенін біле аласыздар.



Міне, балалар, адал дос өзінің қадір – қасиетін жоғары бағалап, қай кезде болмасын табиғи қарапайымдылығымен ерекшеленуі керек екен. Осы адамға керекті қарапайымдылық, кешірімді, төзімді, әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал – мәтелдеріне кезігеді екен. Олай болса мақал – мәтелдің жалғасын табуға көмектесіңіздер.

«Мақал – сөздің мәйегі». (Мақалды жалғастыру)
1. «Дұшпан .... айтады, дос .... айтады» (Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады)
2. «..... жаңасы жақсы, .... көнесі жақсы» (Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы)
3. «.... теңгең болғанша, .... досың болсын» (Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
4. «Досы ..... жақсының өзі де жақсы» (Досы жақсының өзі де жақсы)
5. «.... басқа қарайды, .... аяққа қарайды» (Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды)
6. «Ақылсыз .... , ақылды дұшпан .....» (Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық)

Дәйексөз. «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» деген халық мақалы.
- Айнымас досдеген адал дос деген түсінікті береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.

Жаңа ақпарат.
«Адамдар бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.»
Тапсырма: Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып жазыңдар.

Қуаныш Күлкі
Өзара сыйластық Оқу
Еңбек Өзара көмек
Шыншылдық Сұлулық
Сүйіспеншілік Түсіністік
Мейірімділік Қамқорлық
Кешірімділік Адалдық
Жауапкершілік Әдептілік

Қорытындылау.
- Жақсы балалар, сонымен адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
Сонымен «Адал дос» қандай болуы керек? Олай болса мына схемаға қараңдар.



Жүректен жүрекке.
Балалар шеңберге тұрып, сыныптас досиарына ақ тілек, ізгі ниеттерін жүрекше арқылы кезектесіп айтып шығады. «Достық» әнін бірге қосылып шырқайды.
Ортақ мекен – жер шары, Ортақ бізге бір Отан, Туыспыз біз бәріміз,
Төбемізде бір аспан. Ортақ жердің байлығы. Біз Отанды сүйеміз.
Барлық ұлттың баласы Еңбек ортақ, жер ортақ, Бақытты елде туған соң,
Достығымыз жарасқан Ортақ бізге барлығы. Бақытты өмір сүреміз.

Марапаттау. Оқушыларды жетон арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің адал досым» тақырыбына шығарма жазу және достарына арнап альбом дайындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.