.
.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Елім деп соғар жүрегім
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 441 | Просмотров: 5203 | Размер: 20.8 Kb | Автор:Мектеп №52 негізгі мектеп
Мерзiм 25.12.15ж
Мұғалiм Өтемісова Ботакөз
Класс 8 «а», «ә» Оқушылар саны
Тақырып:№ 15 Елім деп соғар жүрегім
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Кешірімді болу,шынайылық, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Елім деп соғар жүрегім сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларды үнемі кешірімді болу керектігі туралы түсінік беру;
-оқушылардың бойынан шынайылық қасиетін дамыту;
-бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу; Ресурстар:
Оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т.
2.Тыныштық сәтi.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Жәмила
1.Данияр өз махаббатын қалай білдірді?
2.Даниярдың жан дүниесін қалай сипаттап айтып берер едіңдер?
3.Махаббат адамға ерекше көңіл күй сыйлайды дегенге келісер едіңдер ме? Сабақ барысын талқылау:
2 минут
Дәйексөз
«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»
М. Әуезов
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Бәріміз қосылып айту.Дәптерге жазып алу
5. Мұғалімнің сыйы.
Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
— «Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
— Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
— Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?
— Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?
— Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
— Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?
Қаздар қайтып барады.
қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіңдер?
Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
6. Шығармашылық жұмыс
Дәптерде: №15 сабақтан 1–тапсырманы орындау.
7.Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы ағайын»
Сөзі: С. Қали; Әні: Қ. Махан
8.Үй тапсырмасы
№15Қаздар қайтып барады
Дәптерде: 2-тапсырма
9.Сабақтың қортынды минуты.
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.