.
.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 431 | Просмотров: 7071 | Размер: 17.3 Kb | Автор: ТәрбиеМерзiм 2014жыл .№ 14- сабақ
Мектеп: Б.Қ.О.Ақсай қалалық №4 ЖББОм
Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.
Мұғалiм: Джумабаева А.А Сынып 8 Оқушылар саны - 11
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.
2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
№14 сабақ. 59-бет. «Жедел хат» (үзінді). К.Паустовский, оқып келуге тапсырылған.
Сұрақтар:
1.Ана жүрегі нені аңсады?
2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
3.Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар? Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,
сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.
5. Әңгiмелеу
Жалғыз хат
Камила Құдабаева
Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды.
«Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! » - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып - ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.
«Балам», - деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын - ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар - жоғыныңда азабын тартқан әйелдер - нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.
Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е-е ...қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа..... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....» .
Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бір талай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.
Сұрақтар:
1.Гүлзейнеп хатты оқығанда қандай сезімде болды?
2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін сендер қалай түсінер едіңдер?
3.Неліктен ана қанша қиыншылыққа төзді?
4.Баланың анаға деген рухани ішкі сезімінен не байқалады? (жетелеу сұрақтары қойылады.)
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1.Сыныпты топқа бөлу
I-топ –сүйіспеншілік
ІІ-топ – отбасы.
Топтың атына байланысты ойлап тапқан рухани сөздерден өлең шумақтарын шығару.
Отбасы
О – ойшыл
Т - татулық
Б – бірлік
А – ақылдылық
С – сүйіспеншілік
Ы – ынтымақ
Сүйіспеншілік
С – сенімділік
Ү – үміт
Й – инабаттылық
І – ілтипатты
С – сыйластық
П – парыз
Е – еңбекқор
Н – намысқой
Ш – шыншыл
І – ізеттілік
Л – лайықты
І – ізгілік
К – көңілді.
7. Топпен ән айту.
Кешір ана
Еркелеп өстік,бала да болдық,
Қуалап ойын далада қондық.
Ананың сөзін құлаққа ілмей,
Кей-кезде көсем де,дана да болдық.
Қайырмасы
Есейдік енді ақтықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуансам деймін өзіңмен бірге,
Ырысың менен бақытты бөліп.
Піспеген әлі шала шығармын,
Үйретті ме екен нағашыларым.
Балалық та бар,қателікте бар,
Кешіре көрші анашым бәрін.
Қайырмасы
Тағдырым білем қояды сұрақ,
Жаппасын қатты есігін бірақ.
Басымды иіп отырмын мында,
Барлығы үшін кешірім сұрап.
Қайырмасы.
8. Үй тапсырмасы.
№15 сабақ
Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді оқып келу.
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.