Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі -

Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2119 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Сабақтың мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлауға,
құрметтеуге үйрету.
Сабақтың міндеті: Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының
мән – мағынасын түсіндіру;
Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген
сүйіспеншіліктерін дамыту;
Жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, тапсырма, сұрақ-жауап,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, отбасылық фото – суреттер, видео, нақыл
сөздер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері
Ана туралы жыр Әні: Ш.Қалдаяқов; Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
Әлемнің жарығын Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін Жинадың сен маған. Сен бердің құстардың Қанатын самғаған. Балалық құштарым Өзіңе арнаған.
Әлдилеп, аялап Өсірген жемісің. Самал жел, сая бақ Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де Мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей Көзіңнен танимын
Өтеуге борышым, Анашым жан сырым. Іздедім сен үшін Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын Сыйлар ем, кеш мені. Сыйлар ем ай, күнін Қолыма түспеді.
Ойланайық, пікірлесейік
«Аялау, қадірлеу » деген сөздерді қалай түсінесіңдер? «Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде? Ата – ананың мейірімін қалай бағалайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе біл. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы – құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет - адамдардың бір- біріне мейірім – шапағаты. Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл, оларды аялай біл. Әрбір қарым – қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.
Мәтінмен жұмыс
«Ана махаббаты» Р.Акдемір
Балалардың саяхаттан бас тартуының себебі неде? Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар? Егер сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?
Дәйексөз
Табиғаттағы барлық жылу-күннен, Өмірдегі барлық жылу-адамнан
Шығармашылық жұмыс
«Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына өлең шығару, эссе, шығарма жазу.
Сергіту сәті
Қос бәйтерегім (Отбасылық фото – суреттер)
Жағдаяттарды талдау
1.Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата –анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс-әрекеті дұрыс па?
Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2.Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?
Саяхаттан бас тартасыңдар ма? Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?
Тапсырма
1.Мен үшін ананың ….қымбат



2. Мен үшін әке …..

3.Отбасындағы бала .....


Қорытынды

Жер бетіндегі ең әдемі сөз – Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі. Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе қалтарыс қалмайды. Әкенің отбасындағы орны алтыннан да қымбат, оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді.
Әке – басшы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке жолы – ізгіліктің іздері, көңілге нұр құйып, жаныңа шаттық сыйлайды. Әке тілегін, әке үмітін ақтау – әрбір баланың қасиетті міндеті. Әкеміз – асқар тауымыз, осы асқар тауымыздың еңсесі биік болсын деймін.
Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы - өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата – ананы құрметтеуден басталады. «Лашын құсқа – ауа қадірлі, жүйрік атқа – дала қадірлі, ата-анаға – бала қадірлі» – деген аталы сөзге құлақ түрсек, зарығып күткен перзенті дүниеге келгендегі әкенің жай – күйін Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдарынан көруге болады.
«Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?»



Жүректен жүрекке
Қ.Нұртастың Әкелер әні
Отқа түстің,суға түстің мен үшін Енді міне бағың берді жемісің Бала қыран шыңға шықса бұл күнде, Мұның бәрі әке сенің жемісің
Анашымды отырғызып жаныңа, Той берейін салып алақаныма Ей адамдар шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барына Тек әкелер сендер ғана лайықсың Хан сарайы патша тағына
Алатаудай қадірін білесің бе? Арманыңмен ұлдарың жүр өсуде Алтын шапан кигізсем де - аз саған Айтшы әке не істей алам сен үшін?
Анашымды отырғызып жаныңа, Той берейін салып алақаныма Ей адамдар шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барына Тек әкелер сендер ғана лайықсың Хан сарайы патша тағына
Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы
Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын
Бір күндері жұмақ іздеп барғанда
Қапа болып қақпа ашылмай жатпасы.
Осы сабағымдағы жеткен нәтижем:
- оқушылардың жанындағы адамдарға сыйластық, сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктері қалыптасты;
- әке, ана, бала-өзара сыйластық, өзара түсіністік бір-бірімен қарым-қатынастары дамыды;
- Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән – мағынасын
ұғынды;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.