Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қайсарлық пен батылдық -

Қайсарлық пен батылдық

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3794 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 10 сынып
15 сабақ
Сақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық
Сабақтың мақсаты:
1.оқушыларды қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
2.оқушылардың бойындағы ерік – жігер, табандылықтарын дамыту;
Шаттық шеңбері
Сөзі мен әні М. Шахановтікі
Ерлікке шақыру. (Әнді аудиокасетадан тыңдатамыз)
Әңгімелесу
Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың? Олардың шешімін қалай табасың? (бір оқушының жауабы)
Өмірде болатын қиыншылықтарды болған оқиғаға байланысты әр түрлі қабылдаймын. Әрине кейде тосылып та қаламын, бірақ еш уақытта асығыс шешім қабылдамаймын.
Жиі тәуекелге барасың ба?
Жиі тәуекелге барамын деп айту қиын, дегенмен қысылған кезде тәуекел етемін.
Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?
Жеке басыма түскен істе әрине ойланамын, достарымның шешіміне ойланбастан кірісіп кететін кездерім болады.
Адам неліктен көзсіз батылдыққа барады?
Менің ойымша көзсіз батылдыққа бару жастықтың салдарынан болса керек.
Мәтінмен жұмыс
М.Кемеловтың ізімен (бір оқушының жауабы)
Мәтінді оқығанда қандай ой түйдің?
Өмірдің өзі күрес, шын мәнінде жеңіл жетістікке жете берсең оның да мәні болмайды. Құламасаң-тұрмайсың, жоғалтпасаң-таппайсың деген сөз өте орынды пікір деп есептеймін.
Өзің ерік-жігеріңді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?
-алдыма мақсат қоямын
-қиындыққа мойымаймын
-өзімді өзім жігерлендіремін
-өз күшіме сенемін
Тапсырма
« Ерлік деген не?» тақырыбында сұхбат жүргізіңдер де, ортақ белгілерін табыңдар.
Оқушылалдың сұхбат жүргізуге құрған сұрақтары
Сіздің аты –жөніңіз
Ерлік дегенді қалай түсінесіз?
Сіз өз өміріңізде ерлік жасап көдіңіз бе?
Өз ауылымызда өмірі ерлікке толы кісі бар деп айта аласыз ба?
Түйіндеме
«Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығыңдар және жадыларыңда сақтаңдар
Ер жүректік
қайсарлық
Батылдық еркіндік
сенімділік
табандылық

Оқу ақпараты бойынша әңгімелесу
Адам рухының күштілігі мен әлсіздігін қалай білуге болады?
Рухы күшті адамдар басына қандай іс түссе де мойымайды, қайта жігерлене түседі.
Рухы әлсіз адамдар өміріндегі болмашы сәтсіздікке күйзеліп өмірден үмітін үзеді.

«Мен нені таңдадым», «қолымнан не келеді?», «не істеуге тиіспін?» деп
ойлап көрдің бе?
Мен биыл 10 сыныпта оқимын, енді бір жылдан кейін мектеп бітіремін. Менің алдымда толған таңдау алайын анасын ба, мынасын ба дегендей, әлі бір тоқтамға келе қойған жоқпын.
өмірі ерлікке толы жандардың өмірі сізге сабақ бола ма? Әлде оны аңыз сияқты қабылдайсыз ба?
Әрине, өмірі ерлікке толы жандардың өмірі кімге де болса сабақ. .Ерлік ерге сын демекші, бұндай азаматтарды өз ауылымыздан да табуға болады.

«Менің Менім» жаттығуы

2-ші сабақта.
Шаттық шеңбері
Сөзі Бәкір Тәжібаевтікі
Әлия әнін тыңдау.

Мәтінмен жұмыс «Оқып үйренейік» айдарында берілген Қ.Қайсеновтың естеліктерінен үзінді
мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Батыр ағаларымыздың ерліктері мен қайсарлықтарын оқығанда жүрегіміз дүрсілдеп
көңіліміз босап, біздің де бойымызда патриоттық сезім оянды.
батырларды ерлікке жетелеген қандай күш деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншілік, халқына, жеріне деген құрмет.
Түйіндеме
Оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, жадында сақтап қалу тапсырылады.
Б. Момышұлы
Тапсырма
Төмендегі пікірлерді қарап шығып онымен қаншалықты келісетіндеріңді білдіріңдер
1.Егер қаласа адамның қолынан көп іс келеді.
2.Қиындықты қашанда жеңуге болады.
3.Адамға әркез қайсарлық пен батылдық керек.
4.Өмірі ерлікке толы жандар мені өз өміріме сын көзбен қарауға итермелейді.
5.Өз күш жігерімді жұмылдыру арқылы қиындықтардан шығуыма болады.
Түйіндеме
Бұл пікірлермен толықтай келісеміз, себебі адам баласы шын ниеттенсе нені де болса
жеңеді. Көбіне адамға төзімділік пен сабырлылық жетпей жатады.
Дәйек сөз
Ж. Баласағұнның
« Ерге керек төзімділік күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап!»
Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Түйін
Ер азаматтарымыздың өзіне тән қасиеттері төзімділік, жігерлілік, шыдамдылық, батылдық, батырлық, қайраттылық. .Олай болса қай кезе де қиындыққа мойымайтын жарқын жүзді ер азаматтарымыз көп болсын.
Жағдаятты талдау
Сұрақтарға жауап беру
1.Абзал ерлік, батырлық туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Өз ойында әркез «Ер» атанғысы келеді. Осы ойын бейбіт өмірде қалай іске асыруға болатынын ойлап бас қатыратын болды.
Абзалдың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар?
Абзалға қандай кеңес берер едіңдер?
Абзалдың ойы, іс-әрекеті дұрыс, бірақ біздің ойымызша адам ерлікті жасаймын деп
күтіп жүрмейді. Бейбіт өмірде де қаншама оқиғалар болып жатады. Сондай қиын
қыстау кезінде кімге болса да Абзал көмек көрсетіп ерлік жасайды деп сенеміз.
2. Ғазиз тек қана үйде емес, барлық жанға жанашырлықпен қарайды. Мұнысы іс-әрекетінен көрініп-ақ тұратын. Көбінесе сыныпта құрбыларына құрақ ұшып, көмекке дайын тұрады. Ғазиздің бұл әрекеттерін сыныптастары келемежге айналдыратын. Оны байқаған ол, кейде өз ісінен ұялатын еді.
Ғазиздің өз ісінен ұялып, қысылуы орынды ма?
Сыныптастарының әрекетін қалай бағалар едіңдер?
Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңдер?
Қорытынды: Бұндай жағдай өмірде кездеседі. Шын мәнінде Ғазиз өте тамаша бала, бірақ оны достары бағалай білмей тұр. Ол өте адал және ақкөңіл, бұндай қайырымдылықты жасау көп баланың қолынан келмейді . Сондықтан олар оны мазақ етеді. Өмірде осындай балалар көп болса ғой.

Шығармашылық жұмыс
«Бір сәттегі ерлік пен бүкіл өмір бойғы ерлік» тақырыбында сұрақ дайындап, үлкендерден интервью алыңыздар. Жұмыстарыңыздың нәтижесін өзара салыстырыңыздар.
Оқушылардың дайындаған сұрақтары
Өрт сөндірушіге: Сіз өртеніп жатқан үйден жас баланы құтқаруға бет алғанда ерлік туралы ойладыңыз ба?
Жауап: Жоқ , себебі ол жерде менің мақсатым жас баланы өлімнен құтқару ғана еді. Бұндай күтпеген қиын жағдайда ешкім де атын шығарайын немесе марапат алайын деп ойламайды. Біріншіден бұл біздің азаматтық борышымыз, екіншіден жауапты міндетіміз.
Тылда еңбек еткен анаға: Соғыс жылдарында және соғыстан кейін ел эканомикасын қалпына келтіру кезіндегі еңбегіңізді қалай бағалайсыз?
Жауап: Әрине соғыстан кейін елдегі жағдай барлық халық үшін оңай болған жоқ. Соғыс жылдарында да одан кейін де белі қатқан баладан, жасы келіп еңкейген қартқа дейін еңбек етті. Ол кездегі адамдардың бар мақсаты елдің тыныштығы мен ел экономикасын көтеру болатын.

Жүректен жүрекке
(Бәріміз шеңбер құрып айтамыз)
Жігер деген- МЕН
Күш деген –МЕН.
Махаббат деген – МЕН.
Кешірім деген –МЕН.
Құдірет деген –МЕН.
Жастық деген –МЕН.
Денсаулық деген –МЕН.
Ақылдылық деген –МЕН.
Жарқындық деген –МЕН.
Бар ғажайып деген –МЕН.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда.
Құрметті оқушылар бүгінгі күніміз сіздердің бақытты балалық шақтарыңның бір күні деп білемін, сондықтан осындай күндеріңіз көп болсын. Осымен сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар.

Батыс Қазақстан облысы Мұхит атындағы ОЖББМ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кдырниязова Толқын Намысқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.