Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қамқор болып өсемін. -

Қамқор болып өсемін.

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2207 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Бекітемін:
Күні
1 сынып
20 сабақ
Тақырыбы: Қамқор болып өсемін.
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: - қамқорлық туралы түсінік беру;
- адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: бейнетаспа.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, өткен сабақта біз қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінгенбіз.Өлң жолдарын бірге қайталайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілікпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
-Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.
Сергіту сәті «Көлеңке»
Оқушылар көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.
Мұғалім:
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құмырсқа қалай жүреді?
Көрсетші менің көлеңкем.
Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.
Мұғалім:
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құстар қалай ұшады?
Көрсетші менің көлеңкем.
Оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан-жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.
Балапан мен мысық
Д. Мамырова
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.
Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті.
Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.
- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
Шығармашылық жұмыс
Сабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту тапсырылады. Оқушылар бұл жумысты жекелей немесе топпен орындауларына болады. Балалар жұмыс нәтижесін сынып алдында жария етеді.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды оқу ақпаратымен таныстырады. Оқу ақпаратында «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойларын қосып түйіндейді.
Ойын
Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.
Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя» сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып ортадағы балапандарды шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішінде қалып қойса, онда ол «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді. Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
-Қамқорлық-адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар» –деген тапсырма ұсынады.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Балалар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды боламын.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кдырниязова Толкын Намысқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.