.
.
Сабақтың тақырыбы. Ар – намыс керек адамға. Ар – намыс керек адамға
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 484 | Просмотров: 6727 | Размер: 25.3 Kb | Автор:Сабақтың мақсаты : Оқушылардың мінезі жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Өз бойындағы жақсы қасиеттерді күн шуағындай дамыту.
Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.интерактивті тақта
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы: І. Тыныштық сәті (нұрға бөлену)
ІІ. Әдеп мінез анасы
ІІІ.Дәйек сөдер
ІҮ. Ұят,ұяттық арлы мінез.,Ұятсыздық., Намыс мінездің анасы
Ү.Нақыл сөздер
ҮІ. Мәтінмен жұмыс
ҮІІ.Сахналау
ҮІІІ.Мақал –мәтелдер
ІХ. Жүректен -жүрекке
Х.Қорытынды
ХІ. Топпен ән айту
І. Тыныштық сәті (нұрға бөлену)
ІІ. Әдеп мінез анасы
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.
Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы
ІІІ.Дәйек сөдер « Ұят - ар сақтайды, арлыны ел мақтайды »
Халық мақалы
« Малым - жанымның садағасы, жаным -арымның садағасы»
Халық мақалы
ІҮ. Ұят,ұяттық арлы мінез
Ұят, ұяттық – арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп-дінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. “Надандық ұят, – деген ғұлама, – жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялу”.
Ұятсыздық. Ұялту – ұлт қағидасын бұзған, әдептен аттаған, қоғамдық ортада тұрпайы мінез-құлық танытқан, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, жалған сөйлеп өсек таратқан, сыпайылық шеңбердің шегінен шыққан, соның бәрін жөн көріп, қатесін мойындамаған адамды жанашыр жолдастарының, ағайын-туыстарының сыпайы сөздермен сипай қамшылап, қылған қылығының өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, бір жағынан арын, намысын қыздырып, екінші жағынан мұқатпай, айыбын бетіне басып, тәубаға келтіріп ұялту. Кеңеске ұйып, ақылға көнген адам өкінеді, қапаланады, ұятсыздығын кешірудің амалын, ұятқа тасаланудың жолын іздейді.
Ұятсыздық адамға опа бермес жамандық. Тек ұятты кісі сиятты.
Намыс мінездің анасы. Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен араша. Жосықсыздыққа ай¬бар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер ал-даспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну. Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге қарау қылықтарға кешірімсіздік.
Ү.Нақыл сөздер.
Адамның ұяты бетінде,адамгершілігі ниетінде.
Халық нақылы
Ар - намысыңның пәктігі-
Жан-дүниеңнің шаттығы
Мұзафар Әлімбаев
Абырой-ар еңбегі
Халық нақылы
Намысы бар жігіттің,нар күшіндей күші бар,
Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?
Халық нақылы
ҮІ. Мәтінмен жұмыс. Балқар аңызы
Нәсіп қандай ой түйді?
Қарияның шешімімен келісесіңдер ме?
ҮІІ.Сахналау.
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған
Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам.
ҮІІІ.Мақал –мәтелдер.
ІХ. Жүректен- жүрекке .
Х.Қорытынды
ХІ. Топпен ән айту (Жақсы адамдар . Әні мен сөзі: А. Оралов)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.