Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ата -анаң - алтын тұғырың -

Ата -анаң - алтын тұғырың

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 467 | Просмотров: 5665 | Размер: 23.2 Kb | Автор:
. Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Ақтөбе қаласы № 40 жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзiм: Сабақ № 20
Мұғалiм: Баймишева Айнұр Мырзабекқызы
Класс: 11 «А» Оқушылар саны: 26
Тақырып: Ата-анаң алтын тұғырың
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсы көру, кішіпейілділік, ізгілік.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ата-ананы алтын тұғыр етіп ұстау, сүйіспеншілік құндылығынан туындайтынын ұғындыру.
Міндеттері:
• Жақсы көрудің маңыздылығын түсіндіру;
• Кішіпейілділік қасиетін дамыту;
• Ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио жазбалар, бейнебаян, журналдар, А4 парағы, желім)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т
Тыныштық сәтi.
«Күннің нұры» (5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру: 91-беттегі. Б.Соқпақаевтың «Менің атым-Қожа» шығармасынан үзінді оқу.
• Басқа балалардың әке туралы сөздері Қожаны қандай ойға баурады?
• Бала Қожа анасын неге аяйтын еді?
• Қожаның әкесі қандай адам болған?

1) Айналадағы адамдарға сүйіспеншілікті қалай бере аламыз?
2) Сендер ата - аналарына қандай жақсылық жасадыңдар?
3) Отбасындағы жақсы қарым – қатынасты сақтап қалу үшін өздерін қандай үлес қосар едіңдер? Сабақ барысын талдау
Дәйексөз.
«Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер»
Сократ
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Бәріміз қосылып айту. Дәптерімізге жазып аламыз
Мұғалім сыйы.
Бейнебаян «Әке мені вальске шақыршы».
Талқылау сұрақтары:
• Әкесі күнде қызын сабақтан неге күтіп алып жүрді?
• Әкесі қызын неге үйретті?
• Әкесімен бірге өткізген сәттер, қызына қандай жақсы қасиеттер қалыптастырды?

1) Ата – анадан алған ізгілік қасиетімізді басқаларға бере аламыз ба?
2) Күнделікті өмірде ата –анаға деген мейірімділігіңді қалай көрсетесің?
3) Кішіпейіл болу әр адамның қолынан келеді ме?
Шығармашылық жұмыс. Оқушылармен жеке жұмыс.
«Ата-анам – берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу.
Топпен ән айту.
« Жанұям»
1) Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге.
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
2) Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аларсын нұрын шашқан күнім.
Қайырмасы:
3) Жанұяның бір қызығы арадағы бала
Онсыз үйде болған емес, құт береке сірә
Жастайымнан еркелетіп өсірген
Аман болшы, теңдесі жоқ атаменен ана!
Қайырмасы:
Үйге тапсырмасы.
21-сабақ. 95 беттегі А.Әбдіразақовтың «Ағайын» өлеңін оқып келу.
Дәптердегі 20-сабақ, 1-тапсырманы орындап келу.
Сабақтың қорытынды минуты.
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.