Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ата-ана алтын тұғырың» -

«Ата-ана алтын тұғырың»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 280 | Просмотров: 2112 | Размер: 20.7 Kb | Автор: Тәрбие
. Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Ақжайық жаплпы орта білім беретін мектебі Күні:21.10.14ж № 19
Тақырып: «Ата-ана алтын тұғырың»
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы, жақсы азамат болу
Мұғалiм: Шамуршанова Гүлзәт Әбілқызы Класс: 11 «А» Оқушылар саны: 15

Сабақ мақсаты: Оқушылардың ата – аналарына, қоршаған ортасына қиянат жасамау құндылығын ашу.
Міндеттері:
1. Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік туралы айту;
2. Жеке адамның құқығы қорғалатындығы жайында түсіндіру;
3. Оқушыларды болашақта жақсы азамат болуға тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
2. Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақтағы
Ғабит Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесін оқып келу 124 бет
Сұрақтар:
а) Ананың құдіреті деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
б) Өзгенің баласын өзінікіндей сүю кез келген ананың қолынан келеме?
в) Ата - анаға қиянат жасамау деген сөздің мағынасы неде? Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз.
«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді,
Өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді»
М.Ганди
Сұрақтар:
1. Шексіз жанашырлық жасайтын адам қиянатқа барама?
2. Ата – ана алдыңдағы парызыңды білесің бе?
3. Жалпы адам бойындағы құндылықтардың бұзылуы қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

4. Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: «Керексіз кемпір»
1. Бүгінгі күні қарттар үйінің көбею себебі неде?
2. Аңыздағы кемпірдің балаларының орнында сен болсаң...?
3. Балалары анасына не үшін қиянат жасады?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұымыс.
3 топқа бөлініп аңыз әңгімені дұрыс көзқарасқа айналдыру.

6. Топпен ән айту.
«Ана туралы жыр»
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі
Әемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әдейлеп аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.
7. Үй тапсырмасы. №20 сабақ . Т. Айбергеновтің
Перзент жыры өлеңін жаттау.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.