Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр» -

« Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1851 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Көңілді сөре сайысы.
« Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр» Көңілді сөре сайысы
Уақыты:
Тақырыбы: « Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр»
Мақсаты: 1.Оқушыларды көңілді сөре ойыны арқылы сана сезімін
өсіруге, қан айналым қызыметін нығайту.
2. Оқушыларды бірлікке, батылдыққа, шапшандыққа ойын
дамыту.
3. Оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Керек құралдар: Ысқырауық, төсеніш, кедергі, қапшық, шеңбер қалта,
батпақ, қалам, гимнастикалық таяқша.
Мұғалімі: Қарымсақова Г
Жарыстын жүрісі:
Қымбатты, қонақтар бүгінгі сайысқа қатысушылар!
Біз бүгін жігерлі де жалынды, шымыр да мықты жастар арасында көңілді сөре ойындарын өткіземіз.
Сайыстың мақсаты айтылып өтеді.
Біздің сайысымызға төрелік етіп, әділ бағасын берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Жаңбырбаева Ұлболсын
2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Юсупов Асхат
3.Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Меденов Амангелді
Алдымен топ басшысы мен топтың атын сайлаймыз.
1) «Балдәурен»
2) «Достық»
3) «Тұлпар»

Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.
1.Кедергі арқылы жүгіру.
2.Батпақпен жүру.
3.Тарақан жүріс
4.Кедергі арқылы шеңбер қалтадан өту.
5.Қапшықпен жүгіру және есеп шығару.
6. Секіртпе.
7.Допты ұяшыққа салу деп аталады.
8.Арқалау.
9.Өз өнері
Ұрыста тұрыс жок демекші сайысымызды бастайық.
Оқушылардың дене қыздыруы арқылы, қимыл қозғалысын арттыру мақсатында,бірінші сайысымыз «кедергілер арқылы жүгіру» деп аталады.
Жарысқа дайындық 1-3 минут. Топ мүшелері сапқа тұрғызады.

Оқушылардың шапшандығын, ептілігін арттыру мақсатында 2-ші сайысымыз
«Батпақпен жүру» деп аталады.
Резеңке табанды ауыстыра отырып жүреді. Бұл жарыста ойыншылардың екі аяғы резеңкеде болуы тиіс жәнеде аяқтары жерге тимеуі керек.Мәреге жеткеннен кейін екі резеңкені қолға алып жүгіріп келесі ойыншыға жалғастырады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, үшінші сайысымыз тарақан жүріс деп аталады (қол, аяқ бұлшық еттерін дамыту).
Ойыншылардың қимыл-қозғалысын дамыту мақсатында төртінші сайсымыз «Кедергі арқылы шеңбер қалтадан өту» деп аталады. Оқушылардың икемдлігін, шапшаңдылығын, күш қуатын арттыру. Ойынның жүрісі .Кішкене кедергі астынан өтіп, үлкен кедергі үстінен секіріп өтіп шеңбер қалтадан өтуі тиіс. Мәре сызығынан айналып жүгіріп келіп келесі ойыншымен ойынды жалғастырады.
Оқушылардың шапшаңдылығын нығайту мақсатында бесінші сайысымыз
«Қапшықпен жүгіру және есеп шығару деп аталады». Ойыншылар қапшықты аяғына киіп, қос аяқпен секіріп, мәре сызығында турған есепті шығаруы тиіс.
Келесі алтыншы сайысымыз «Серітпе» деп аталады. Оқушлардың қол буынымен аяқ бұлшық еттерін және шапшандықпен, жылдамдықты арттыру мақсатында. Бұл сайыста ойыншылар шеңберді айналдыра, мәре сызығынан айналып секіріп келеді. (мұқият қауіпсіздікті ескеру керек)
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақстында жетінші сайысымыз Допты ұяшыққа салу деп аталады. (бұл сайыс шапшаңдылықты, мергендікті талап етеді) Үлкен теннис добын гимнастикалық таяқша арқылы ұяшыққа салынады. Салынғаннан кейін допты ұяшықтан алып жүгіріп барып келесі ойыншыға береді жарысты жалғастырады.
Сынып аралық қарым – қатынасты күшейту мақсатында келесі сегізінші сайысымыз «Арқалау» деп аталады. (икемділікті, шапшаңдылықты талап етеді)
Соңғы айысымыз «Өз өнері» деп аталады. Ойыншылар би -билеп, ән салып көрініс қояды.
Қорытынды:
Бүгінгі сайысымыздың қортынды сөзі әділқазылар алқасына беріледі.
Қымбатты достар осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті әр дайын салауатты өмір салтын ұстанған жастардың қатары көбейе берсін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.