.
.
Тақырыбы: Батылдық пен өжеттілік Батылдық пен өжеттілік
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5355 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: оқушылардың «халық», «отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Білімділік: -батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
Дамытушылық:-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік:-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, тақырып жазылған плакат, тақырыпқа байланысты суреттер.
Пән аралық байланыс: ана тілі
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу
2. Негізгі бөлім
- Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту
- Білімді өзектілендіру және проблемалық жағдаяттар туғызу
• Пікірлесу сұрақтары
- Жаңа білімді меңгерту, ашу
• Оқу ақпаратын беру
• Мәтінмен жұмыс
• Сабақтың дәйексөзі
- Білімді бірінші бекіту кезеңі
- Өз бетімен жұмыс, өзін-өзі тексеру мен бағалау
• Тапсырма
• Жағдаяттар кезінде ойлану
• Шығармашылық жұмыс
- Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, екінші бекіту
• Қорытынды
- Үй тапсырмасы: шығармашылық тапсырмаларға бағыттау
• Үй тапсырмасын беру
- Оқу іс-әрекеті рефлексиясы
• Рефлексия
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйіміз қалай? (жақсы) Олай болса осындай жақсы көңіл-күймен сабақты бастайық. Сабақты сендермен мен жүргіземін. Менің аты-жөнім: Кесікбаева Сымбат.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Балдырғандар әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар барлығымыз.
Қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайраны,
Бақшамыз жайнайды.
Біз-Отанның балдырған ұландарымыз,
Әдептілік, батылдық – ұранымыз.
Қайырмасы:
2.Пікірлесу сұрақтары:
-Батылдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
-Өжеттік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
3.Жаңа ақпарат
Батылдық-адам бойындағы ержүректі, қайсарлықты, турашылдықты, еркіндікті, өжеттікті білдіретін жинақтаушы ұғым. Уақытында шешім қабылдай алу, қауып қатерге қарсы тұра білу, қиындықтан қорықпау, тб. әрекеттер. Батылдық көріністер болып табылады. Қазақ халқының түсінігінде батылдық-батырлықпен қатар ұғылатын қасиет. Батылдық елі мен туған жері үшін күрескен отаншылдықты , қысылғанда топқа түсер өжетті, тірліктің тетігін қолдаған шығармаған ептілікті байқатады.
Өжеттілік- ерлік дастаны. Өжеттілікк бұл азаматтың қлы белгісі. Өжеттік – балалардың бойымен дарыған өр мінез. Өжет мінез әр адамның бойында туа біткен ерлік , батылдық мінез. Өжерт мінез-қарсы келген дұшпанға төтеп бере алатындай ұлы қасиет. Дәл осы өжеттік қазақ қыздарына тән қасиет. Оған дәлел өжет мінезді, ер мінезді апа-ағаларымыз өткендігі белгілі. Олардың ерлігі қазіргі ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
4.Фильмнен үзінді.
Алпамыс батыр
5.Мәтінмен жұмыс (6 мин)
- Қане, балалар, бәріміз оқулықтағы Қойшы Қаhарман әңгімесіне қарайық. Мен сендерге оқып беремін, мұқият тыңдап отырамыз. Сосын қойылған сұрақтарға жауап береміз.
Қойшы Қаhарман
Т.Ілиясова
Сұрақ:
1. Қаhарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
2. Қаhарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
3. Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?
4. Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
5. Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
6.Дәйексөз
«Батыл болмай, батыр болмайды»
Халық даналығы
Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.
7.Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.
8.Өзіммен-өзім сәті.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
9.Суретті жағдаяттарды шешу
Ал,енді оқушылар оқулықтың 104 бетіндегі суретті жағдаяттарды шешейік. Суреттерге мұқият қарап, батылдық пен орынсыз қылықты ажыратып, айтыңдар.
10.Дәптермен жұмыс
1-тапсыпма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
11.Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ халық батырлары, күннің шуағын құрайды.
2-топ батырларға тән қасиет, талға жапырақтарын жабыстырады.
3-топ батыл болу үшін не істеу керек,хатқа жазғандарын салады.
Қорытындылау
-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
Сонымен балар сабағымызды қорытындылай келе мына бір өлең жолдарын барлығымыз қосылып айтайық.
Батыр ата
Ө. Тұрманжанов
«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып,туған жерді қорғауды-
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
Үйге тапсырма (1 мин)
Балалар, үйден оқушы дәптеріндегі 2-тапсырма орындап келіңдер
Рефлексия ( 3 мин)
1. Бүгінгі сабақтан ойларыңа не түйдіңдер?
2. Қандай әсер алдыңдар?
3. Бүгінгі сабаққа кімдер белсене қатысты деп ойлайсыңдар?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.