.
.
Ұйымдастыру кезеңі Болайықшы осындай
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 1086 | Просмотров: 14214 | Размер: 23.0 Kb | Автор: ТәрбиеШаттық шеңбері
Әңгімелесу
Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті:
Тапсырма
Салеметсіндер ме,балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Бүгін сабақты сендерге мен жүргіземін. Менің аты-жөнім: Шынар Ерланқызы.
Болайықшы осындай
Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады
Қиындықты женіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-ай.
Балалар еңбекқорлық пен еріншектік туралы білу үшін мына сұрақтарға пікірлесіп алайық.
• Еңбектену адамға не үшін қажет?
• Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
• Өзіңді еңбекқормын деп саңайсынба?Неліктен?
• Еңбекқорлық пен еріншектік туралы мақал-мәтел білесінбе? Қандай?
«Еңбексүйгіш пен Еріншек»
В.А. Сухомлинский
Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайынды екі адам болған екен.Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді,ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді, cәске түстің кезіңде оянады... Сөйтіп қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды. Оларды әулие өзіне шақырып алып : «Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңде?»-деп сұрайды?-«Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік,»-деп жауап береді ағайындылар. «Жарайды, маған да келетін кездерің жетті,»-дейді әулие.- «Кәне, маған өмірді қалай өткізген жылдарынды көрсетіңдерші ».
Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп ну орманды көрсетеді. Өз өміріде ол күн сайын бір ағаштын отырғыза беріпті. Содан орман өсіпті. Әулие орманмен бір күн жүріпті, ал орман болса, қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті. Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті. Әулие шаршап, жерге отыра кетіпті, сондай қауқарсыз шал, ал Еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік»-дейді. Әулие қолын бір-ақ сілтейді де, Еріншекке қарап: «Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды»-дейді. Ал Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады... әулие аһлап-үһлеп, орынан әрең тұрып: «Енді әулие мына- Еңбексүйгіш болады»,-дейді. Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды. Ал сен Еріншек, тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің. Содан кейін әулиеге-өзіңнің бауырыңа келесің. Еңбексүйгішке өзің өткізген жылдарыңды көрсетесің.
Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді.
Сұрақ:
• Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерің айтып беріңдер?
• «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
-Еңбекті сүйетің адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасыңдаұрпағына, халықына мұра қалдырады. Ал Еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнің өзі әрең көреді.
Қырға шықсаң,өрлеп. (Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді.)
Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең,зерлеп. (Оң қолымен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағына жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең- Еңбек.
Қиындықтын бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)
Оқушылар сендерге «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінесіндер?
Оқушылар тапсырманы орындау кезінде адал еңбек қана адамды табысқа, бақытқа жеткізетіні, жасаған жұмысыңның еш кетпей, пайдалы болғаны, еңбегіңнің өнімді болуы өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғам да тиімді болатыны жайлы айтты.
Дәйексөз
Шығармашылық жұмыс
Жаңа ақпарат
Тапсырма
Дәртермен жұмыс
Еңбек –қуаныш, жалқаулық- айврвлмвс азап
Абай
-Еріншектік, жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші қиындықты, бір кедергіден екінші кедергіні тудырады, жолын болдырмайды. Нәтижесінде көңілің де, қарыңын да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек – қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап» деп айтқан болатын.
Бүгінгі сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс-жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін шығармашылық тапсырма ұсынамын.
Мұнда балалар «Еңбек пен бақыт -егіз» мақалын көзқарас себеп-мысал-қортындылау әдісімен талқылайсындар!
• Еңбек пен бақыт- егіз мақалына көзқарасың? Не себептен?
• Еңбек пен бақыт- егіз мақалына мысал келтір?
• Еңбек пен бақыт- егіз мақалын қортындыла!
Оқушылар «Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді».Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.Адамгершілдік құндылықтар мен өмірді тану,білімге құштарлық,ұжымшылдық,ата-бала өнері,тіл,туған ел, жақсы сөз, адал достық,қуаныш,ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, жақсылық жасау,талаптану, өзімшілдік пен көпшілдік,батылдық пен өжеттік,еңбекқорлық пен еріншектік
алған білімдеріміз бен толықтырылып бекітіледі.
«Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріндер»
1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге ерішек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.Жазғандарынды салыстыра отырып өз қорытындыларынды шығарыңдар.
Қорытындылау
Үйге тапсырма
Рефлекция
.
Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріңшектік. Бұл әдет-бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойыны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күлкі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі –надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық,»-деген екен.
2-тапсырма:Мақалды оқып,түсінгендерінді айтындар.
Еңбек туралы мақал-мәтел жазыңдар.
Еңбек-ырыстың бұлағы,бақыттың шырағы.
Адал еңбек,алғыр ой,-анық досың біліп қой.
Еңбек етсен ерінбей-тояды қарнын тілеңбей т.б
• Балалар бүгінгі сабақта не түйдіңдер?
• Кімнің сөзі саған ерекше ұнады?
• Достарына айтар сөздерің бар ма?
• Бүгінгі сабақтан кейін аянбай еңбек етуге тырысамыз ба?
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «Еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың білімділік міндеті:Еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру.
Сабақтың тәрбиелік міндеті:Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың дамытушылық міндеті:. Еңбекке қызығушылықтарын артыру.
Көрнекіліктер:оқулық, дәптер, тақырыпқа байланысты суреттер
Пән аралық байланыс:Ана тілі,Сурет,Еңбек,Музыка.
Сабақтың түрі:шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың жоспары
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу, түгенде
2.Негізгі бөлім
-Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту
-Білімді өзектілендіру және проблемалық жағдаяттар туғызу
* Пікірлесу сұрақтары
-Жаңа білімді меңгерту, ашу
* Оқу ақпаратын беру
*Мәтінмен жұмыс
*Сабақтың дәйексөзі
-Білімді бірінші бекіту кезеңі
-Өз бетімен жұмыс, өзін-өзі тексеру мен бағалау
* Тапсырма
*Жағдаяттар кезінде ойлану
* Шығармашылық жұмыс
-Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, екінші бекіту
* Қорытынды
- Үй тапсырмасы: шығармашылық тапсырмаларға бағыттау
* Үй тапсырмасын беру
- Оқу іс-әрекеті рефлексиясы
* Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.