Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әдептілік-адамгершілік бастауы -

Әдептілік-адамгершілік бастауы

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4745 | Размер: | Автор: Нартай4540
. М ұ қ ы р о р т а м е к т е б і

Жаңа технологияны қолдану-шығармашылық
жұмыстың айнасы

Г. Жолдасова
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

2013 жыл
Тақырыбы: Әдептілік-адамгершілік бастауы
Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп,
әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
-оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: музыка,тарих бейнелеу, психология

Шаттық шеңбері : Әдеп Ғ.Қараш
Жігіттер , жаның жаста әдеп үйрен,
Қаш жырақ ,әдебі жоқ істен ширек
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,
Әдепсіз,жоқ мінезі тәңірі сүйген
Ойланайық,пікірлесейік
1. “Әдептілік –адамгершілік бастауы”дегенді қалай түсінесің?
2. Өз іс-әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
3.Әдепті адам бойында қандай қасиет болуы қажет?
Әдептілік әліппесі
Н.Шакузадаұлы
.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді.Сол
бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.
Бірақ,көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.
Бұл жол-әдептілік жолы.
Ал , әдептілік адамның ішкі жан дүниесі,оның интеллектісі,парасаты мен
сезімі сыртқы келбетінен,көздерінен ,бет-әлпетінен ,сондай-ақ тұлға-
мүсіні мен мінез –құлқынан көрініс табады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.Ол елге осылайша сыйлы болады.Мұндай әдепті адам істейтін ісіне ,сөйлейтін сөзіне ,қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам-өз өміріне өзі қожа.Өйткені ,ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті .Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады.Бұл да әдептілікке байланысты.Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей,өзінің барлық іс-әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда ,мінез-құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда ,өзін-өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі ,тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.
Ой толғаныс
• Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?
• Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?
Дәйексөз
Инабат-ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы.
Қ.Әбубәкір
Жағдаяттарды талдау
Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді ,аулада отырған үлкен кісілер : - “ Осы бала жақсы бала,түбінде жақсы азамат болады ”-деп бір –біріне мақтай бастады.
----Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде?
Қонақтар шақырылған уақытта бәрі жиналды.Қонақтардың бәрі де бірін-бірі жатырқамай ,тез шүйіркелесіп кетті.
Әңгіме күнделікті қажетті заттардың қымбаттауы туралы айтылған кезде,осы үйді ұлы Самат та үлкендердің сөзіне араласып ,өз ойын білдірді: - Иә,тіпті базардағы тамақ та қымбаттап кетіпті .Оны анам екеуміз базарға барғанда бірақ білдік .Тіпті, өрік –мүйізді алмай-ақ қойса болмай ма?-десем , “Қонақтардан ұят болады,олар бізді жағдайы жоқ екен деп ойлап кетпей ме ”-деді ... Қонақтар бір-біріне қарады.
Өзіммен - өзім
Кане, оқушылар жайланып отырып, қиялымызға ерік беріп, бір сәт ........
“Мен кіммін?”
“Менің өмірдегі орным қандай ?”
“Менің мақсатым не?” деген сұрақтар төңірегінде ойланайық ,
Шығармашылық жұмыс
Төменде берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып , шағып әңгіме жаз.







Сергіу сәті
Бос орындық “ 15 минут
Қатысушылар бірінші-екіншіге бөлінеді, Бірінші нөмірлі қатысушылар шеңбер құрып отырады да , екінші нөмірлері олардың орындықтарының артына тұрады. Бір орындық бос болуы тиіс . Орындық артында тұрған қатысушының міндеті отырғандардың бірін көзімен өз орындығына шақыруы тиіс. Оны шақырғанын байқаған қатысушы бос орындыққа жүгіруі тиіс . Оның артында тұрған серіктесінің міндеті оны ұстап қалу.
“Айтуға тәуекел байла»
Мақсаты : Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына
жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел
араласуына көмектеседі .
Материалдары :
Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары.
Ойды аяқтай отырып, оқушылардың
тәуекелге баруын талап етеді.
.........айналысқанды жақсы көремін.
........жақсы жасай аламын.
........мені алаңдатады.
......, мен өте қуанамын.
...........,маған өте көңілсіз.
........., мен қатты ашуланамын.
Мен көңілсіз болғанда,..........,мені қорқыныш билейді.
Мен ...........деп түсінемін.
Қазірмен........сезінемін.
Бәрінен де мен............
Менің ең жақсы қасиетім - бұл..........
Менің ең жаман қасиетім – бұл...........
Жақсы дос........... ерекшеленеді.
Басқа адамдар менің...........
Мен шын мәнінде...........болсам да, мен..........жалтарамын.
Мен...........көмегімен назар аудартамын.
................,,адамдар мені сыйлайтын сияқты көрінеді.
............жасай алғым келеді.
Мен..............қол жеткіздім.


Жаңа ақпарат
Әдептілікке адамның ізеттілігі ,сыпайылығы сияқты көркем
мінездері мен өнегелігі,қарапайымдылығы,тәрбиелілігі,
инабаттылығы жатады.
Әдепті болу-адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға,олардың сөзін тыңдай білуге ,өзара сыйластыққа қол жеткізуге жәнеүлкендерге құрмет,кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді.Кездейсоқ ,білместік салдарынан бір жарамсыз іс істеп қойса өкініп,ұялы п,жүзі қызарып ,істеген ісіне қиналады және түзетуге тырысады.
Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгешілік қасиеттерді бойына сіңірген,ұлағатты азамат болып шығу.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен ,қайырымдылығымен ,адалдығымен және әділеттігімен ,қайырымдылығымен ,адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.Адамгершілік –адамның рухани арқауы
Назар аударыңдар
Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз.Жанның әдептілігі –адамның әделеттілігінен, ержүректігінен , саналығынан,яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.
Жүректен жүрекке
Көңіліңе ұстап,тоқып ал
Д.Әлімжанов
Аталы сөз іздесең,
Көп көргеннен ақыл ал!
Асыл ойдан із көрсең
Көңіліңе тоқып ал!
Әрбір сөзін ардақтап ,
Сабақ ет өмір ісіңе!
Жүрме артынан жалтақтап,
Сенбей өмір күшіңе!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.