.
.
Салтанат Нұрмашева ДОСТЫҚ
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 283 | Просмотров: 1824 | Размер: 229.2 Kb | Автор: ТәрбиеАқтөбе облысы
Шалқар қаласы
№ 6 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: ДОСТЫҚ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
І. Сәлемдесу.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Сабағымызда « Достық жырын» айтайық.
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?
4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІІІ Мәтінмен жұмыс
Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Бұлар қалай достасты?
ІV. «Достық туралы мақал -мәтелдер
1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Аққуды атпа,
Досыңда сатпа.
3. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
4. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
7. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
V. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына жақсы тілектер ойлайық. (2-3 секунд)Тілектер ойлап болсақ, көзімізді ашайық.
VI.Дәйек сөз.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай дәйек сөзді дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»
VIІ.Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
VIІІ. Қорытынды.
Ризашылық әні
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.