Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достық қымбат өмірде -

Достық қымбат өмірде

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1687 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жағдаяттарды шешіңдер:
1. Шығармашылық кез¬десу кезінде өзіңді қызық¬тырған сұрақ қойғың келді. Ол...
2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...
3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...
Рақмет, ата!
Әңгіме
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жа¬сар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.
– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
Гүлнар.
– Кімнің баласысың?
– Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.
– Үйде кішкентай Сая бар.
Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

• Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
• «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?
• Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.