Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Іздегенде табылатын қасыңнан. -

Іздегенде табылатын қасыңнан.

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3503 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ашық сабақтың тақырыбы:

Іздегенде табылатын қасыңнан.
( 8 сыныпқа арналған Өзін - өзі тану сабағының жоспары )

Күні: 28
Айы: қараша
Жылы: 2013
Сыныбы: 8 «г»

Сабақтың құндылығы: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттері: Сыйластық, адалдық, шынайылық

Сабақтың мақсаты:
«Дос», «Достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:
• Достар арасындағы рухани жақындастық мәнін ұғындыру
• Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту
• жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Пікір алысу, әңгімелесу, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, слайдтар, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрадан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәуелесі сіздіңбойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді көзіңізді ашуға болады.

Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге алдын ала беріліп қойған «Екі дос» аңыз әңгімесін екі оқушыдан сұраймын.
• Аңыз әңгіменің идеясы неде?
• Екі достың бір біріне деген адал ниеті мен жостығын қалай бағалар едіңіздер?

3. Дәйексөз
«Достық негізгі талғамның, көзқарасытың толық үндесуінен туады»
Цицирон
Сұрақтар:
• Қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

4. Әңгімелесу.
«Жақсылықты ұмытпау»
Аңыз әңгіме
Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады.
Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерег тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны жосы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.
Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды:
«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»

Пікірталасқа арналған сұрақтар:
• Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға керек?
• Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?
• Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?

5. Шығармашылық жұмыс

Сынып З топқа бөлінеді.
1 Топ: «Менің сүйікті досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады
2 Топ: Дос, достыққа байланысты мақал - мәтелдер айтады.
3 Топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсетеді.

6. Ән айту
Қ. Ыдырысовтың «Қайдасыңдар, достарым?» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.

7. Үй тапсырмасы.
Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» атты шығармасын оқып келу. «Достық» туралы нақыл сөздерді жазып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.