.
.
Сабақтың тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық. Кеңпейілділік пен жомарттық.
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3317 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты : Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-Жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
-Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
-Жомарттық пен кеңпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері –Қайырлы күн, балалар!
- Мен, сіздерді шаттық шеңберіне шақырғым келіп тұр.
- Оң қолымыздың алақанын аспанға қаратыңдар, ал сол қолдарыңды жерге қаратамыз, ал енді алақандарымызды, көршіміздің алақандарымен қосамыз.
- Қараңдаршы, бізде керемет шеңбер шықты,енді біз бір-бірімізден алақандарымыз арқылы жермен, күннен қуат алғандай болайық.
Күннен шуақ аламыз
Жерден қуат аламыз
Бейбіт күнде шат күлген
Біз бақытты баламыз- ал, енді осы жермен, күннен алған қуат күшімізді жүрегімізге қысайық.
Жаңа сабақ- бүгін бізде өзгеше сабақ, бүгін біз бірнеше тапсырмалар орындау арқылы қатыгез «қыс ханшасы» құрсауына түсіп қалған сөздерді жылытамыз. Қыстың аяқталғанын, көктемнің келіп қалғанын сезген қыс ханшасы бізге тосын сый жасады. Ол барлық «жылы сөздерді қатыгездікпен немқұрайлылыққа айналдырған, тек сіздер ғана балалар бұл мұзды жібітіп жүректерді құтқара аласыңдар». Олай болса іске сәт.
№1. Берілген қағаз қиындыларын, біріктірсеңдер бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. (оны ақ қағазға желімдейміз)
- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Кеңпейілділік пен жомарттық.
1-топ - Балалар, сіздер кеңпейілділік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2-топ - Қандай адамды кеңпейілді деп айтамыз?
2-топ - Ал жомарттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-топ -Қандай адамды жомарт дейміз?
( пейілі кең адам қолында барын аямай, кем- кетікке барын бөліп беретін адам.
Адам өзге адамдарға шын пейілмен жақсылық жасауынан жомарттықты байқауға болады).
№2. Қыс ханшасының тағы бір тапсырмасы: оқулықта берілген дәйексөзбен жұмыс.
№3. Мәтінмен жұмыс. «Жомарттылық»
1.Оқимын
2. Сұрақ –жауап
3. Көзқарас
-Сіздерге ертегі кейіпкерлері ұнады ма?
- Сол ертегідегі ханды, баланы кеңпейілді, жомарт деп айтуға бола ма?
- Патша уәзірлерін қалай сынады?
-Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?
-Жомарт болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
-Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма?
Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес.
№4 Жағдаяттарды талқылау.
- Сен қалай көмектесер едің?
1-топ. – Бала көшеде қатты жылап тұр?
2-топ. – Ақмарал қатты ренжулі?
(Оқушылар өз көзқарастарын білдіреді)
№5 Жүректен- жүрекке.
-Мінеки, балалар біздің тағы да бір кезекті сабағымыз аяқталғалы тұр.
Мен ойлаймын біз бүгінгі сабақта бір маңызды адами құндылығымен таныстық. Балалар жүректен-жүрекке айдарына мен мынадай «сиқырлы қобдишаны» алып келдім. Мына сиқырлы қобдишаны ашып, ішінен сіздер ақкөңіл, жәйсаң мінезді, кеңпейіл, жомарт адамды көресіңдер. Оған жақсылап қарап күліңдер! (қобдиша ішінде айна)
Ән: Бала тілегі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.