Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Кешірімділік көңіл кеңдігі» -

«Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5318 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Северный орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:
«Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Өткізген: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Идирова Н.Ж.
8 «б» класы

2010-2011 оқу жылы
Күні: 18.11.2010 ж
Пәні: Өзін-өзі тану.
Класы: 8 «б»
Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Мақсаты: 1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың
пайдасы туралы түсіндіру.
2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген
көзқарасын қалыптастыру.
3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу,тренингтер.
Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.
Жаңа сабақ:
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау.
-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.
Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».
-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)
- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.
Жаңа ақпарат.
Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керке. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.
Жағдаятты шешу.
Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды.Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.
Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды
Көзқарас

Себеп

Мысал

қорытындылау
әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.
- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.
- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?
Ойын: Кешірім гүлін сыйлау.
- Балалар сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап кешірім гүлін сыйлайды.)
Сабақты қорыту:
Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту.
Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.

Мейірімділік
Ақылдылық
Ізгілік
Кешірімділік Рақымшылдық
Адамгершілік
Азаматтық
Ақкөңілділік

Үйге тапсырма:
Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу.
Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын....» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.