.
.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5491 | Размер: | Автор: Нартай4540Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Керімбай атындағы №12 мектеп - гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 6 « а »
Пән мұғалімі: Дүйсебаева А.Б.
Тараз – 2012ж.
Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Мақсаты:Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері:
1.Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3.Табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:аудиокассета, компьютер, интерактивті тақта.
1.Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар бір-бірімен сәлемдеседі.
Мұғалім бүгінгі сабақта өткен тақырыпты жалғастыратындарын айтады.
Оқушылар кезекпен төмендегідей ойды жалғастырып айтып шығады:
- Мен табиғатты аялап, сақтаймын. Табиғатты қорғамау...
2.Тапсырма
Тапсырманы орындау үшін «Табиғатты аялайық!» атты мәтін ұсынылған:
Мәтінді оқыңдар.Түйінді бөліктерге бөліп, мазмұнына сай ерекшеліктерін анықтап, ат қойыңдар.
Оқушылар мәтінді оқып, мағыналық бөліктерін табады. Ондағы түйінді бөліктерді саралап алады.
Мәтіндегі түйінді бөліктер: табиғат – құтты қоныс, табиғат – ана, табиғат – ұстаз.
әрине, оқушылар түйінді бөліктердің мағынасын тереңірек ашып, мазмұндап айтып береді.
Табиғатты аялайық!
Ғ. Құлахметов
Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс – дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп – баптайды.
Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат.
Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.
Табиғат – ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіс-пеншілікті қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.
3.Түйіндеме
Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстап, табиғат анаға ерекше қарым – қатынас жасауының қаншалықты маңызды екенін, табиғаттың адамзат баласына сый – тартуы шексіз екенін оқушылар оқулықта ұсынылған төмендегі түйіндеме арқылы ұғынады:
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен
қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.
4. Мәтінмен жұмыс
Қайынның қасіреті
Қ.Толыбаев
Қар кетіп жердің беті дегди бастаған. Көктемнің жайма-шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап, серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Діңі бусанып, түлегендей жұп-жұқа қабағын қобырата бастапты. Әр жеріндегі бітпеген жараның аузындай қабыршақтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады.
- Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әрпін жазыпты,- деп, серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе-келе осы жарақат үлкен даққа айналады да, өмірі өшпейді...
Қайың діңдеріне жағалай көз жүгіттім. Шынында, ағаш діңін-дегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп, ойып жазған әріп-тер қар мен жаңбыр суына еріп,езіліп кеткендей баттия қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған.Өмір бақи айықпайтын дерт секілді.
- Обал-ай ...Жарақаттан қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан сергілтпек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер-ананың құшағындағы бөбегі. Оны біз де, адамдар да, мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйінгенің не?..
- Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды...
- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ....
- Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетегіне жібермеуге тиіспіз!..
- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай жан-жақты тәлім-тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақұлақтардың қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. Ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
- Атамның «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол ақпақұлақтардың ойсыз әрекеттері күйедей жұғымтал болса ше?!. Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады. Рас, жарақаттан ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлдеқашан өткен де шығар. Бірақ діңдегі дақтар өшпепті, тыртық боп қалып қойған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.
- Жарақатты мына қайың бұйым құрлы көріп тұрған жоқ-ау...
Көп сөзді ұнатпайтын жолдасым таласқысы келмеді, үндеген жоқ.. Ағаш діңдеріне аялай қарап қойды. Қайың орманын аралап әрі жүрдік. Жалғыз аяқ соқпақ. ерігім алда. Екі қолын артына ұстаған бойы үнсіз кетіп барады.
Шұңғылдау арықтан аттап өте бергенімде, төбеме сырт етіп бір тамшы тамды. Бұл қайдан?.. Басымды жоғарыға қарадым. Сол жердегі жас қайыңның төгіле салбыраған жіңішке бұтақтарын түгелдей барладым. Созса адамның қолы жететіндей жердегі қамшының сабындай жұмыр бұтақ ортан белінен опырылып сын-ған екен. Анықтап көріп ал дегендей, бұтақтың әлгі сынған жерінен төмен сорғыған мөлдір тамшы жинақтала созалаңдап тұрып, томпағын молайта бастады да, сырт етіп үзіліп түсті.
Денем дір етіп, түршігіп кетті. Әлгі тамшы жаралы қайыңның көзі жасы секілді болып көрінді маған. Санамды аяныш, өкініш сезімі биледі. Сынған бұтақтың астына тұра қалдым. Бойымды созып, өргі тұсынан ұстадым да, ақырын төмен идім. Содан кейін сынығының жаңқалары мен жақтарын өз деңгейлеріне қиюластыра жалғадым. Қалтамнан қол орамалымды алдым да, сонымен орап таңып тастадым. Бұл әрекетім жаралы ағаштың дертіне ем бола ма, жоқпа, оны топшылап жатпадым.
Көкейімді басқа ой кернеді: шеккен азабының зардабына ешбір шара таба алмаса, жер бетіндегі табиғат түлектерінің бәрі де жылайды екен.
1) Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
2) Табиғат та жылай ма?
3) Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
5.Бейне көрініс. «Табиғат аясында»
6. Сахналау
Бір күні Қуаныш достарымен саяжайға келіп демалмақшы болып келеді Олар бос тұрған орындарға барып отырып, қалталарынан пістені шығарып, шағып жерге тастап отырды. Айналасына ішкен шырындарының қораптарын, жеген жемістерінің қалдықтарын, тіпті темекінің қорабына дейін лақтырады. Мұны көрген саябақты жинастырушы қоқысты жерге тастамауларын өтінді. Олар ол кісінің сөзіне құлақ асқан жоқ .Керісінше қоқыстарын тастаған күйі тастап отыра берді.
7. Топтық жұмыс (оқушыларды 3 топқа бөлу)
І. «Денсаулық» тобы
ІІ. «Тазалық» тобы
ІІІ. «Дәрумен» тобы
І- кезең. «Мақал- мәтелдер» сайысы. 10-ұпаймен бағаланды.
1. ..........елдің анасы,
Ел ердің анасы.
2.............- өлең төсегім.
3.Ел іші- алтын....
4.Жері байдың -.....бай.
5.Ырыс алды - ......,
Бірлік болмай- тірлік болмас.
6........сүю -
От басынан басталады.
7. ........инемен құдық қазғандай.
8.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның.......
9.Дені саудың -........сау.
ІІ-кезең. «Ғажайып- үштік» 10-50 ұпаймен бағаланады.
1. «Ынтымақ»
2. «Жанашырлық»
3. «Табиғат»
«Ынтымақ»
10.Ынтымақ дегенді қалай түсінесіңдер?
(адамдардың арасындағы ұйымшылдық , татулық , ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуі).
20.Татулық дегеніміз не?
(адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы).
30.Достық дегеніміз не?
( адамдардың бір-біріне адал қалтқысыз сеніп, бір мүдделі ортақ көзқараста болатын қасиеті)
40.Тазалықты сақтамағаннан қандай аурулар пайда болады?
( тұмау, туберкулез, қотыр және т.б.)
50.Жұқпалы аурулардың таралу жолдары.
( лас қол арқылы, тазартылмаған көкөністер және т.б.)
«Жанашырлық»
10.Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
(адамдардың бір-біріне деген ниеттестігі мен тілектестігі).
20.Жанашырлық танытудың мәні неде?
(қиын жағдайға тап болған адамдарға қамқорлық көрсету, жәрдем беру).
30.Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе? (жанашырлықты сөзбен ғана емес, іспенде, мінез-құлықпен де таныту қажет).
40. Организмге қандай негізгі витаминдер қажет?
( А,В,С, Д,Е витаминдер).
50.Бауырмалдылық дегеніміз не?
(адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы).
«Табиғат»
10. Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
( адамдардың кейбіреуі табиғатқа жанашырлықпен, қамқорлықпен, мейірімділікпен қарамайды.Табиғаттың нәзіктігін, адам баласына берері шексіз екенін түсінбейді).
20. Адамзаттың табиғат алдындағы парызы қандай?
( адамдар табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қамқорлық пен мейірімділік таныту).
30. Адам табиғаттың ең сенімді досы бола ала ма?
( адам табиғаттың сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы)
40.Әдептілік дегеніміз не?
( адам өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен, құрметпен қарайды).
50. Адамның жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
( айналасындағы адамдарға жүрек жылуын, шапағат нұрын төге білетін және мейірімділік, сезімталдық, нәзіктік, ақкөңіл және т.б.)
ІІІ-кезең. «Мәдени мұра» сөз жұмбағын шешіңдер.
1. Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс.
2. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қағидалар, салт-сана, ғұрып.
3. Адамзаттың сан ғасырлық рухани ілім-білімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білетін адам қасиеті.
4. Ата-бабаның, ата-ананың ұрпағына айтқан нақыл-насихаты, ақыл-кеңесі, аталы сөзі.
5. ............. адам,
Ормансыз бұлбұл.
6. Адамзатқа ата-бабадан қалған ұлағатты сөздер мен көркем туындылар.
7. Өнегелі, парасатты адам.
8. Ежелден келе жатқан мәдени нұсқалар, ата-бабадан қалған мирас.
9. Ата-анаға, туған елге, Отанға қайтарым ретіндегі өтелетін қасиетті борыш.
10.Әр халықтың туған тілі.
Жауаптары: атамекен, дәстүр, дарын, өсиет, отансыз, мирас, азамат, мұра, парыз, ана.
ІҮ-кезең. Табиғатты қорғау, аялау жайлы сызба нұсқаға жазып көрсету.
Жеңімпаздарды анықтап, алғысымызды білдіреміз. Жеңілген топ өз өнерлерін көрсетеді.
Өзіммен -өзім
«Өзіммен-өзім» әдісінде әсем музыка қоюға болады.
Оқушылар жайланып отырады. Көздерін жұмса да болады.
Мұғалім ойға беріліп, қиялдарын шарықтатып, туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады.
Мұғалім оқушылардың туған жердің көркем де әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, еліміздің экологиялық ахуалын қалай жақсартуға болатынын, қандай нақты шаралар жасау керектігін, өздерінің қандай ұсыныс немесе жоба ұсынатындарын ойлануды тапсырады.
Оқушылар бастапқы қалыпқа келген соң өз ойларын ортаға салып, ұсыныс немесе жобаларын жария етеді.
Дәптермен жұмыс
4-тапсырма
Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.
5- тапсырма
«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап,жария етіңдер.
6-тапсырма
Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Өмір сүрейік алмасып
М.Мақатаев
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орын табайын.
Беймәлім маған өмірге
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сенде жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ , жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың.
Сондықтан ұзақ жасайсың-
Құрдасы келер заманның.
Бар жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп.
Жапырақ – жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық!
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық!
Керімбай атындағы №12 орта
мектебінің «Салауаттану»
үйірмесінің жетекшісі
Дүйсебаева Алтынайдың
2009-2010 оқу жылындағы
жүргізілген жұмыстарының
Есебі
Тақырыбым: Жаңа технологияны «Салауаттану» үйірмесінде тиімді пайдаланудың жолдары.
Мақсатым: Оқушы тұлғасының танымдық қабілетін дамыту, қы-зығушылығын қалыптастыру, қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білуге үйрету.
Окытудың жаңа технологияларының теориялық негізде талдау жасай отырып, тиімді технологиясын таңдап алу.
Мен, Дүйсебаева А.Б. 2009-2010 оқу жылында «Салауаттану» үйірмесіне 6-7 сыныптарға сабақ бердім. Апталық жүктемесі 6«а»,
«б», «г» сыныптарда – 0,5 сағат. 7 «а», «ә», «в» сыныптарда апталық жүктемесі -1 сағат. Жалпы сағат жүктемесі 6сыныптарда – 17 сағат, 7 сыныатарда – 34 сағат.
Оқушылардың үйірме сабағына деген қызығушылығын артып, әр өтілген тақырыптарға қосымша мәліметтер пайдаланып, сабақты қызықты өткізуге ат салыстым. Үйірме сабағында плакаттар, суреттер, сызба нұсқалар қолдандым.
Наурыз айының 16-шы жұлдызында Облыстық педагог кадрлар білімін жетілдіру курсына келген мұғалімдерге 6 «а» сыныптың оқушыларымен «Темекінің адам организміне зиянды әсері» атты сабағымды өткіздім. Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырды. Оқушылар арасында рөлдік ойындар ойнатылып, тесттік тапсырмалар, мақал-мәтелдер сайысы, сөз жұмбақ сайысы және сызба нұсқалар жұмыс орындалды. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақтан көп әсер алғанын және алғысын айтты. Сабақта өзімнің көздеген мақсатыма жеттім.
Сабақта электрондық оқулықпен бейне көріністер көрсетіліп және интерактивті тақтаны пайдаландым.
Тәжірибесі мол, озат ұстаздардың сабақтарына қатысып тәжірибе жинақтадым.
Түйіндеме
Аты, тегі: Дүйсебаева Алтынай Балтабайқызы
Мекен – жайы: Тараз қаласы, Абай көшесі 155/75
Телефоны: 45-06-02
Туған күні: 28.05.1972
Туған жері: Шымкент облысы, Шардара қаласы.
Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: тұрмыста, 1 ұлы бар
Білімі: (нені бітірді, қашан, мамандығы) Алматы қаласы,
Әл – Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің
химия факультеті, 1996 жылы, химик.
Оқытушы: Химия пәнінің мұғалімі
Педагогтық өтілі: 12 жыл
Қай тілді меңгерген: қазақ, орыс, неміс тілін сөздікпен аударады.
Атқаратын қызметі: Химия пәнінің мұғалімі
Жеке басының қабілеті: өз пәнін сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген,
бала тәрбиесіне зор мән беретін, үлкенді сыйлап, кішіге
қамқоршылық көрсетеді.
Қызығушылығы: ән тыңдағанды, кітап оқығанды ұнатады.
Мектептің мекен – жайы: Тараз қаласы, Төле би 77
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназия
Сабақтың тақырыбы:
Достықты аялай біл!
Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Дуйсебаева А.Б.
Тараз – 2011ж.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. Оқушыларға достық сөзінің мағынасын түсіндіру.
ә) Тәрбиелік. Оқушыларды бір – бірімен дос болуға, сыйлауға, түсінуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
б) Дамыту.Оқушыларға ұлттар арасындағы достық, сыйластық жайлы дүние танымын кеңейту.
1. Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңберге жиналып, достық жайлы өлең айтады.
Жан досым
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңісіңді көрейін,
Сырымыз да, жырымызда бітпесін.
2. Мәтінмен жұмыс
Бай баласы мен жарлы баласы
Ертегі
Ертеде бай баласы Асан мен жарлы баласы Үсен өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты.
Бір күні ауыл жайлауға көшіп кетіпті.Асан мен Үсен ескі жұртта ойнап жүріп қалып қойыпты. Асан не істерін білмей жылайды.Үсен көшкен елдің дөңгелегі ізі қайда барады деп ізімен жүріп отырды. Қараңғы түсті. Үсен үйрек ұстап алды да, пісіре бастады. Асанға ағашты теріп әеел деді. Таң аттты. Екеуі жолға шықты. Төбенің басына шыққанда, олар өздерінің ауылын көріп, қуанып, құшақтасып ауылға жүгірді. Олар басынан өткен қиыншылықтан кейін дос болып қалды.
1) Асан менҮсен неге жұртта қалып қойыпты ?
2) Асан неге жылады ?
3) Үсен үйректі қалай ұстады ?
4) Асан достықтың қадірін қалай түсінді ?
4. Тыныштық сәті.
Достық жайлы музыка тыңдап, балалар 1 минутқа тынытық орнатады.
5. Тапсырма
Қол шатыр
- Мен сұрғылт түсті аспанды көрдім.
- Мысық сен не деп тұрсың?
- Аспан көгілдір, ол көгілдір түсті,- деп қабағын түйді.
Екеуі ойға түсті. Аспанда күн күлімдеді,- деп, мысық басын изеді.
- Мысық күрсініп үн – түнсіз кетіп қалды.Ол қызық екен өзі, - деп ойланып, бәрін өзі шатастырып айтқанын білген жоқ.
Ал мысық көңілсіз күйде қалды.
1) Мысық пен қол шатыр неге бір – бірін түсінбеді?
2) Олардың ойлары неге әртүрлі болды?
3) Мысық неге көңілсіз күйде болды?
4) Олардың достығы әрі қарай жалғасты ма?
6.Сергіту жаттығуы.
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырып, 2 топқа бөледі. «Немесе, немесе» ойыны ойнатылады.
1.Актер немесе биші
2.Алматы немесе Астана
3.Теңіз немесе орман
4.Раушан немесе жауқазын
7. Оқу ақпараты
Достық дегеніміз екі адамның арасындағы ортақ түсіністік, ортақ қызығушылығы бар, жастары қатар адамдар арасындағы қарым – қатынас.
8. Жүректен – жүрекке
Оқушылар шеңберге жиналып, қолдарына жүректі алып, бір – біріне жылы тілектер айтады.
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
а)Білімділік. Атамекенді қадірлей білуге, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру.
ә)Дамыту.Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту.
б)Тәрбиелік. Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Электронды оқулық, слайдтар
Шаттық шеңбері
Атамекен
Сөзі: Қ.Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем.
Айдармнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсең , атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Әңгімелесу
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4) Өз атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің арман – қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?
Мәтінмен жұмыс
Бір шымшым топырақ
Ғ. Оралбаев.
Жақып ойына алған ісіне жан салып кірісіп,елге дабыра қылмастан,қоймадағы жүн,терілерді,қамбадағы астықтыанда-мұнда жөнелтіп,көңілге тоқ сылдыраған күміс теңге,алтын ділдаға айналдырып жатты.Сөйтіп,айға толмайтын аз күннің ішінде бар жұмысын реттеп алған Жақып соңғы жөнелткен кірісімен қайтыпоралған Жанарға дастарқан басында:
-Жас болса келіп қалды.Әкенің жетегіне еріп келіп, бұл жердің де дәмін татқаныма қырық жылдан асыпты.Жаман болған жоқ,бастан болмаса ,басқадан кемшілік көрмедім.Әкем марқұм: «Сенің қамыңды ойлап,табыс көзін іздеп,атамекен,туған жерден алыстап кеттім.Тойдым екен депатамекеніңді ұмытпа!»-депжиі айтушы еді.Сол әке менің қамымды ойласа,мен кімнің қамын ойлағандаймын.Оның үстіне сырқаттанып та жүрмін.Жан сырқа-тына атамекеннен артық қандай ем болмақ? О,дүниеге екі дертті қатар қатар арқалап аттанғанша,біреуімен аттанғанды жөн көрдім. Жыл құсындай аспанмен ұшып,сызылта әндетпесек те бұл жақты да, өзіңдей қол ұшын берген,көңілге ұялаған адал жандарды дақимай мұңдап,жербетімен жылжып көшіп,кеткелі отырмыз,-деді көзіне жас алып.
Тығыршықтай толық, орта бойлы, шоқша сақалды Жақыптың ішкі ынсаптылығына орай жүзінде тартымды жылылық бартын. Жұлығына шаң қонып,жағасын кір шалмайтын биязы мінезі де қонымды еді.Іштей толқып, егде адамның сөзщі ғана емес,өңіндегі құбылыста жас жігітті елжіретті.
- Әке орнына әке,аға орнына аға болған сізден жырылып қалатын не жөнім бар? Бүйрегім бұрып мазаланатын бауыр ет, жақыным жоқ. Мен сіздермен бірге боламын деді Жапар.
- Жас күнде адам атамекеннің қадір-қасиетін біле бермейді. Алыс кетіп, жас ұлғайғанда ұғады. Көркімен көрінісі көз алдыңнан кет-пейді. Әйтеуір бірөкініш кеудеңді ұлар болып шулайды.Балалықтың базарынан, жастықтың шаттығынан елес беріп тұратын туған жерден артық бауыр ет жақынды менің жасыма келгенде іздеп таппайсың.Жігер-қайратың қайтпаған,арман –үмітің алдағы жассың. «Жақсы ұлың – құлындай, жақсы құлың- ұлыңдай» дейді халық.Арасы жер мен көктей осы екі ұғымды бірлестіріп тұрған нәрсе – ниет пен тілек, адалдық пен сенім емес пе? Сен менің ұлымдай болдың. Сол үшін мұндағы қора-жайды қағаздап, хаттап,өз атыңа көшірдім,-деді.
Ханның қазынасын тонағандай болып, өз-өзінен қуыстанған Жақып тағы да шағын қаладан түн жамылып, ұрланып аттанды. Үш бірдей тоқ жарау ақ боз ат жегілген аса үлкен ақ күйме, төрт ат жегіліп, жүк тиелген ақ шатырлы арба батыс жақты бетке алып, күн шыққанда қаладан ұзап кетті. Жақып еті қызып екпіндеген ат-тардың жүрісін тежеп,қара жолдан бұрылып, домалақ төбе бауыры-нан бұрқылдап қайнаған тас бастауға келіп тоқтады. Шығарып салу үшін салт атқа мініп ерген Жапар аттан түсіп, күйме делбесін ұста-ған Жақыпты қолтығынан демеп, жерге түсірді.
-Жерге түсіңдер. Туған жердің суы – кәусар ғой. Ана тас бастаудан бет шайып,су ішіңдер. Артта қалып бара жатқан туған жерлеріңе көз салып, қоштасыңдар!- Жақып күйменің тепшігін түсіріп.
Зылиқаның соңынан шолпандай жарқырап, күймеден Рауабәну түсті.
Олар артта қалған туған жерге қарап,көздерінен жастөгіп ұзақ тұрды. Зылиқа мұнартып көрінген қаласына қараса, Рауабәну одан арғы көгілдір тауға қарайды. Тас батып, шөгір енген табанымен туған жер топырағының ыстығын дәл қазір жаңадан сезінгендей болды. Арқасынан қабы, желкесінен әкпіш түспеген тұлымды қыз-дың адамнан көрген жақсылығы жоқтың қасы болғанмен,жерден көрген рақаты өзгеше екен. Өзегі талып, қарны ашқанда теріп жеген бүлдірген,қарақатты, кенезесі кепкенде мөлдіріне бас қойып, суын ішкен бұлақты есіне алды.
Жақып орнынан тұрып, Жапарға құқшағын жайды.
-Көптен дәмдес болдық. Әке мен баладай сыйластық. Ниет, құрметіңе құдай алдында ризамын. Не айтайын, өмірлі бол! Бағың жансын! – Жапарды кеудесіне басып, жауырынан қақты. –Қош!- дегенде иегі кемсендеп, теріс айналды.
Зылиқа да Жапарды маңдайынан сүйіп, «қош» айтты.
-Ағажан! – деді Жапардың алдына жетіп барған Рауабәну қына бел қамзолының қалтасынан кестелі жібек орамалды алып: «Мұның ішіндегі бір шымшым топыраққа көзімнің жасы тамған. Анамның басына апарып себіңізші! Жалғызымнан топырақ бұйырды деп аруағы риза болсын. Орамалымды көзімдей көріп, өзіңіз сақтаңыз!» - деп кеудесін басып, құрмет білдірді.
Күйме қара жолға түскенше қатарласып «қош» айтқан Жапар: «Жолдарың болсын! Қош, ақ ниетті ардақтыларым! »- деп,ат басын әрең тежеді. Бір орында аты тыпыршып, Жүрегі де таудай тулап, іші-бауыры елжіреп ұзақ тұрған Жапар күймені көз ұшына дейін ұзатып сап, кейін қарай құйындатып тұра шапты. Омырау қалта-сындағы бір уыс топырақ түйілген орамалды сыртынан қатты басы алды.
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3) Өз атамекенің , туған жерің , Отаның туралы айтып беріңдер.
Сергіту сәті.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Оқу ақпараты
Атамекен-туған халқымның,ұлтыңның мекен еткен,ата бабаңның қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жиа бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткеніде атамекенмен тығыз байланыста болады.
Дәйексөз
«Туған жер-тұғырың,туған ел-қыдырың»
Түйіндеме
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын.Балаларды өте жақсы көремін.Сол балалардың,бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек,еттен,
Арым бар,намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма,немере,шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:Елді сүйер ұлан болыңдар!Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б.Момышұлы
Дәптермен жұмыс
«Атамекенім-мақтанышым»тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу.
Мәтіндермен жұмыс
1.Мұхтар туған жер З.Қабдолов
2.Менің аулым К.Нығметова
Тапсырма
Атамекен
М.Айтқожина
Мекен ғой бұл,ел көшкен қия құздан
Қара тастан жас тамып,күй ағызған
Жақсыны да,жаманды көрген далада,
Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік ән үзіп алған.
Жүректен – жүрекке
Қармақшым
Туған жер Қармақшым қазынам
Көрмесем мен сені сағынам.
Қорқыттың киесі дарыған
Қолдасын Марал бабам!
Қармақшым жыраулар мекені
Толқыта ән салып кетеді
Қандай жер өзіңе жетеді
Ғашықпын саған далам.
Қайырмасы:
Ән – жырым дастаным Қармақшым
Аяулы аспаным.
Арайлы ақ таным Қармақшым
Мәңгілік мақтаным
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Керімбай атындағы №12 мектеп - гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Атамекен – алтын бесік
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 7 « ә »
Пән мұғалімі: Дүйсебаева А.Б.
Тараз – 2012ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.