Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мамандыққа саяхат -

Мамандыққа саяхат

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 302 | Просмотров: 2451 | Размер: 40.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Жаукенова Гулнара Жаугаштиевна
Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің
музыка пәнінің мұғалімі

9-сынып оқушыларына арналған тренинг

Сабақтың тақырыбы: Мамандыққа саяхат

Сабақтың мақсаты: Мамандықтарға сипаттама беру, қыр-сырын ашу.Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

Көрнекілік: Интерактивті тақта,бейнеролик,слайд,үнтаспа

Сабақтың барысы:
-Сәлеметсіз бе, оқушылар.Көңіл-күйлеріңіз жақсы ма? Сабағымызды жақсы көңіл-күйде бастау үшін экранға назар аударайық.
(мұғалім оқушыларға сәттілік тілеп,қошемет көрсетеді.Экранда жазылған сөздерді бірге оқиды)
«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни
-Оқушылар, мен сендердің болашақ өмірлеріңе сәттілік тілеп,білімді,ақылды азамат болып өсулеріңе тілектеспін.Олай болса сабағымызды бастайық.
Сендердің ойларыңша сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Экранға назар салайық.
(Әртүрлі мамандық туралы дайындалған бейнеролик көрсетіледі.Көрсетілген бейнеролик бойынша оқушылар тақырыпты өздері табады.)

Кіріспе сөз:
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия-«Professio» латын сөзінен шыққан, анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі сабағымыздан шешімін таба аламыз деген сенімдемін.
Ж.Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай ғана күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен.Олай болса осындай тамаша пікірмен сабағымызды тест сұрақтары арқылы жалғастырайық.
І. Тест (слайд)
1. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек?
А) тәрбиелік Б)өзін-өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г) барлығы дұрыс

2. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?
А) маман Б)мамандық В) кәсіпкер

3.Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?
А) Адам-адам Б)Адам-белгі В) Адам-техника

4.Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?
А) суретші Б)сатушы В) әнші

5. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?
А) үстірт қарау Б)ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі дұрыс

ІІ. «Қай мамандыққа сәйкес?» ой-қозғау
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келетінін оқушылармен бірге талданады.

Тренер тапқыр
Дәрігер әділ
Мұғалім өте ақылды
Журналист шыдамдылық
Механизатор өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы ой-өрісі жоғары
Заң қызметкері мейірімді
өнер иесі мәдениетті

ІІІ. Топтық жұмыс
Оқушыларды топқа бөліп, қандай да бір мамандықты топпен бірге сөзсіз көрсету және сол мамандықтың пайдасы мен зиянын айта кету.
Стюардесса, аспаз, хирург, биші
ІV. «Егер мамандық иесі болсаң не істер едің?» (ситуациялық шешу)
1. Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
2. Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
3. Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты.Не істер едіңіз?
4. Тігінші. Сізге жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
5. Аспазшы. Асханаға келген мейман жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
V. Қорытындылау. «Жақсы тілек» Оқушылар, сабақтың соңын бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?Өз ойларыңмен бөлісіп отырайық. (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Қорытынды сөз: Міне,оқушылар, Ж.Аймауытов атамыздың мамандықтың жаманы жоқ,дұрыс маман болып қалыптасу үшін зор шеберліктің қажет ететіндігі жайында сол заманда айтқан пікірі қазіргі біздің заманымыздың дәлелі.Бұған себеп жақында
елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол» атты жолдауында “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолдарыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді” деп атап көрсеткен болатын.
Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау.Сондықтан болашаққа үлкен үмітпен қарап, алдағы уақытта жақсы маман иесі болыңыздар деген тілекпен бүгінгі сабағымызды
«Жалындаған жастық шақ» әнімен аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.