Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мейірімділік-асыл қасиет -

Мейірімділік-асыл қасиет

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2264 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебі

Ашық сабақ
Мейірімділік-асыл қасиет
(Өзін-өзі тану 3- сынып)

Өткізген: Сулейменова Улдай
Койшыбаевна

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
- Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, гүлдің суреті, парақшалар

Шаттық шеңбері

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,
Жүректегі таза ақ ниетіміз.
Жан дүние кілті,
Шаттық пенен күлкі.
Биік ұстап соны,
Қадірлейік біз!

Суретпен жұмыс
- Барлығымыз экрандағы көріністерге назар аударайық. (экраннан атыс,
жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)
- Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?
- Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
(тақырып хабарланады)

Ойланайық, пікірлесейік
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мәтінмен жұмыс
«Сары тауық және оның балапандары» мәтінін оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.
- Сары тауық балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Дәйексөз
Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Шығармашылық тапсырма
І топ: «Мейірімділік гүлін» құрастыру
Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

ІІ топ: «Құстың баласын құрастыру»
(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)

Жағдаятты талдау

(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)
Слайд

Ойын: «Мен қандаймын?»
Қабырғада адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттерді таңдап, өз бойларында бар болса, сол сөздер арқылы дәлелдейді.
(оқушыларды тыңдау)

Жүректен жүрекке
- Кәне, барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық.
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

Қыздардың орындауында «Көктем шуағы» биі

- Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.