.
.
Өзін-өзі тану Мейірімділік – асыл қасиет.
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3258 | Размер: | Автор: ТәрбиеВалитова Мөлдір Оқасқызы
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі.
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет.
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- мейірбандыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: үнтаспа, тауық балапандар, журекшенің үлгісі.
Шаттық шеңбері
Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып «Қуанамын» өлеңін айтайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Жаңа ақпарат
- Балалар бүгінгі біздің өнеге сағатымыздың аты «Мейірімділік- асыл қасиет» деп аталады.
- Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан тануға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
«Адамдар бір-біріне , табиғатқа, жануарларға мейірімді болу керек.»
- Балалар сіздер мейірімділік туралы қандай пәннен оқисыздар?
- «Өзін-өзі тану »пәнінен. Дұрыс айтасыздар.
- «Өзін-өзі тану » рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 70 жасқа толғалы отыр. Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау және көмек көрсетіп келеді.
Назар аударыңыз:
Ал енді балалардың «Мейірімділік» туралы жаттаған өлеңдерін назар қойып тыңдайық.
1-оқушы: Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
2- оқушы: Ата-анаңнан кейінгі
Екінші адам өмірде.
Бала бол деп зейінді,
Мейір құйған көңілге.
3-оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Мейірімін төгіп маған.
«Құлыншағым, күнім»-дейтін.
4-оқушы: Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілеп,
Ізгі істерді жақұтты!
5-оқушы: Торғайларды атпаймын,
Құмырсқаны баспаймын.
Бәрін-бәрін қорғап мен,
Мейірімді сақтаймын.
Отанымды сатпаймын,
Ақылсызға жатпаймын.
Халқымның мен үмітін,
Әрқашан да ақтаймын.
6-оқушы: Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіне,
Мейірбанды сөзіне.
7-оқушы: Бір соғып бізбен жүрегің,
Қуанып құстай түледің.
Өмірдің барлық асылың,
Әкешім сізге тіледім.
8-оқушы: Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
9-оқушы: Мейірімді жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Сахналау:
- Ал енді балалар «Сары тауық пен балапандары» атты көріністі тамашалайық.
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен.
Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған
сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын
емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.
Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
Ақ балапан: - Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан.
Тауық: - Ол тым жас.
Ақ балапан: - Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
Тауық: - Сырқаттанып қалады. Кішіміз өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне , мұның орнына кім барады? – деп сұрады анасы.
Үлкен балапан: - Мен, - деді тұңғышы.
Екінші балапан: - Мен барайын! – деді оған тетелесі.
Ортаншы балапан: - Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі.
Ақ балапан: - Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
Тауық: - Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
Сары тауық су өтіп қатты жауырады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
- Балалар, сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
Ал балалар сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер
Жүректен жүрекке:
Өнеге сағаты соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.
- Қане, балалар бәріміз шеңбер құрып тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екендігін мына жүрекшені ұстап тұрып кезегімен жылы сөздерді айтып шығайық.
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Жарқыраған ай мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Отбасымыз мейірімді!
- Елбасымыздың жылы жүзі мейірімді!
- Бейбітшілік өміріміз мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.