Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мейрімділік - асыл қасиет. -

Мейрімділік - асыл қасиет.

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 380 | Просмотров: 2565 | Размер: 66.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Есенова
Ажар
Исагалиевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің педагог-психологы

Сабақтың тақырыбы: Мейрімділік - асыл қасиет.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
 Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
 Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
 Мейірбандыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс
Оқу нәтижесі: Мәтінді оқып, талдау жасау, ойын еркін жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, жүрекше үлгісі.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мұғалім оқушыларға шеңбер құрып тұруды ұсынады. – Осындай мейірімді, ақылды, білімді, қайырымды жандарды көргеніме қуаныштымын. Ендеше, біз бір-бірімізге күлімсіреп, мейірімімізді шаша отырып, бүгінгі сабағымыз көңілді, әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй тілейік.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз.
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жаңа сабққа кіріспе: Оқушылар «Мейірім», «Сыйластық», «Достық», «Шаттық» деген сөздерді кезекпен айтып шығады.
Жаңа сабаққа дайындық: Оқушылар үнтаспадан «Ай дидарлы анашым» әнін тыңдайды.
Әңгімелесу: Сұрақ-жауап әдісі.
- Ән кім туралы?
- Мейірімді болу дегеніміз не?
- Мейірімділікті кімдерден үйренеміз?
Оқушылар мейірімділік туралы өз ойларын айтады. «Мейірімділік – кереңдер ести алатын тіл» - деп жазды К.Бови
Дәйексөз. «Мейірімділікті анадана үйрен» тақтаға жазу.
Ойын: «Мейірімді жүрек» Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы жүрекшені қолына алып: - Балалардың мейірбандық жүрегі, Адамдарға бақыт шаттық тіледі, - деп айтады. Келесі бала көршісінің жақсы қасиеттерін айтып, жүректі келесі оқушыға ұсынады.
Жаңа ақпарат: Әңгіме бойынша суретін салу (Болжау стратегиясы). Мұғалім оқушыларға «мейірімділік» сөзінің мағынасын түсіндіреді.
Даналық тағылымы:
Отбасы демалыс кндерін жағажайда өткізді. Балалар суға түсіп, құмнан қамал жасап ойнады. Кенеттен алыстан кішкентай қарт ана көрінді. Оның киімдері кір, жыртық, ақ шаштары желмен жалбырап кеткен. Ол өзімен өзі күбірлеп сөйлеп, құмнан бір заттарды теріп алып, сөмкесіне салып жүр.
Ата-аналар баллаларын жандарына шақырып, кемпірге жақындауға тиым салды. Ол жандарынан өтіп бара жатып, бір затты алу үшін еңкейген уақытта отбасы адамдарына қарап күлімсіреді, бірақ бірде-біреуі қарт ананың бұл ықыласына жауап қайтармады.
Олар бірнеше апта ткен соң, қарт ананың жағажайдан балалар аяқтарын жарақаттап алмауы үшін үнемі шыны сынықтарын теріп жүретінін естіді.
Шығармашашылық әрекет: Тапсырма бойынша оқушылар мейірімділік кестесін толтырады. Күннің бейнесін жасайды.
Мейірімді істер: Үлкенге көмек; Ізгілік; Қайырымдылық.
Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынады.
Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып тұрады. Кімнің немесе ненің мейірімді екенін мынадай сөздермен жеткізеді:
- Күлімдеген Күн мейірімді,
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді,
- Таза мөлдір су мейірімді,
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді,
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді
- Тату тәтті достарым мейірімді.
Үйге тапсырма: «Мен мейірімді баламын» тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.