Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен ұқыпты баламын -

Мен ұқыпты баламын

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 346 | Просмотров: 6436 | Размер: 23.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
№ 18 сабақ
Мектеп: Мерзiм
Тақырып:Мен ұқыпты баламын Құндылық:
Қасиеттер: ұқыптылық,өз-өзіне қызмет ету,жағымды әрекет,әдептілік,сыпайылық
Мұғалiм: Сынып- 0 мектепалды даярлық тобы

Сабақ мақсаты:
Ұқыптылық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
- ұқыптылық,жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту
- өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту
- ұқыптылыққа,жағымды әдеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

3. Үй тапсырмасын тексеру
Ұқыптылық туралы әңгімелесу
Сұрақтар:
1. «Ұқыпты болу» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Ұқыпты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кірлесе егер киіміміз,
Өзіміз жуып аламыз.
Едендегі шаңдарды
Шаңсорғышпен сорамыз.
Біздің қолда оң саусақ,
Барлық іске жарамды.

Жел еседі бетімізге,
Шалқаяды ағаштар.
Желге айтамын тыныш-тыныш
Тынышталсын ағаштар.
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз.
 «Ұқыпты бала үлгілі бала»
Абай Құнанбаев

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
5. Әңгiмелеу Ұқыпты қыз
Анар деген кішкентай қыз өте ұқыпты болыпты.Ол даладан ойнап үйге кірген бетте,қолын сабынмен жуып,киімдерін ауыстырады екен.Бірде анасы үйді ретке келтірейін деп Анардың бөлмесіне кірсе,ол киімдерін бүктеп,кітаптарын ретке келтіріп,сөрелерге өзі әдемілеп жинап қойыпты.Ойыншықтарды да өз орнында.Анасы қызының есейгенін байқап,ұқыптылығына риза болдады.

6. Сұрақтар: Анарды қандай қыз деп айтуымызға болады?
Анасы Анарға неліктен риза болды?
7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Балалар түскен суреттерін үлкен ақ қағазға жапсырып,Ұқыпты бала-әдепті бала тақырыбына газет шығарады.
Сергіту сәті.
Аю,аю тұршы Тербеледі ағаштар
Беті қолынды жушы Алдымнан жел еседі
Айнаға қарашы Кіп-кішкентай ағаштар
Шашынды тарашы. Үлкен болып өседі.
8. Топпен ән айту. Болайықшы осындай
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы кқрер бар адам.
Ұқыпты осындай
Болайықшы ,досым –ай.
9. Үй тапсырмасы.
18 - сабақ тапсырманы орындау
19 сабақ «Мен тіл алғыш баламын» тақырыбына сурет салу.

10. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.