.
.
Салтанат Нұрмашева Менің ұстаздарым
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 351 | Просмотров: 4963 | Размер: 221.8 Kb | Автор: Тәрбие№6 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шалқар қаласы
Ақтөбе облысы
Тақырыбы: Менің ұстаздарым
Мақсаты:Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту, олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
1.Оқушылардың ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру.
2. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге,
3. Оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу
. І. Сәлемдесу
ІІ.Шаттық шеңбері
Жарқын жүзді ұстазым
Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы
Әнін жазған:И.Нүсіпбаев
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Мейір толы көзіңде,
Кім бар сенен шыдамды.
Шалыс басқан кезімде,
Кешірерсің кінамды.
ІІІ.Мәтінмен жұмыс
Өнерлі жігіт (аңыз)
Әл-фараби бір күні базарға барса,бір жас жігіт тісімен шеге суырып,әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен.оны көрушілер риза болып,тиын-тебен тастап кетіп жатады.Әбунасыр одан:
-Күніне қанша табасың?-деп сұрайды.
-Екі дирхемге жетер-жетпес қана.
-Онда сен бұл өнеріңді таста.Маған ер,мен саған оқу үйретемін,күніне төрт дирхем беремін,-деп оны ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:
-Мына диуана,дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып,әрі оған төрт дирхе төлегені енесі?-деп күліпті.
Кейін сол бала ғалым болыпты деген сөз бар.
*Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?
*Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?
*Білім адамға не үшін қажет?
ІV.Шығармашылық жұмыс
1.Суретке қарап ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер.
2. «Менің ұстазым» тақырыбына әңгіме құрастыр.
V. Жаңа ақпарат
Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп,адамгершілік нұрын төгеді.Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін үйретеді.адамдардың айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады,өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.
Тапсырма ( төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер)
*Мұғалім- білім беруші.
*Мұғалім-көмекші.
*Мұғалім –қамқоршы.
*Мұғалім-ақылшы.
*Мұғалім-сенімді дос.
VІ. Бақша ағаштары Ы.Алтынсарин (үнтаспадан тыңдату)
*Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде?
* Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
*Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
VІІ. Дәйексөз
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі « Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы»
Мақал
Назар аударайық!
Ұстаз:
1.біліммен сусындатады;
2.тәлім-тәрбие береді;
3.өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
4.табиғатты танып білуді меңгертеді;
5.адамдарды түсінуге үйретеді;
VІІІ. Жүректен жүрекке
Білім бергеніңіз үшін рақмет!
Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!
Ақыл-кеңесіңіз үшін рақмет!
Жылы жүрегіңіз үшін рақмет!
Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет!
Қорытындылау
Ризашылық әні.
(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын3, бүгінге!
Ризамын3, қазірге.
Үйге тапсырма.
Менің алғашқы ұстазым
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.