.
.
Өмір қымбатсың сен маған! Өмір қымбатсың сен маған!
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3317 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын
қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!
Көңіл күйлеріңіз қалай?
Мен сіздермен бүгін жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын! Олай болса, бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.
Амандасу түрлері
Ол үшін, сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. «Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-қол қолдарымызбен, аяқ-аяғымызды, иық-иықтарыңызбен, арқа-арқаларыңызбен, мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы, өте тамаша!)
Ендеше, осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.
Олай болса, мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау. (интерактивті тақтадан оқушы өлеңді айтып береді, видео жіберіледі)
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!» - деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше мына көбектерден өздеріне ұнағанын таңдап 2-топқа бөлінейік:
1) Өмір 2) Бақыт
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбына орай алдымен «өмір» деген сөздің мағынасына көз жіберіп көрейікші. Төрт әріптен тұратын осы сөзде әрбір адамның саналы ғұмыры, іс-әрекеті көрініп тұрмай ма? Әрине, өмір сүрудің дайын рецептісі жоқ, сол сияқты жер бетінде қанша адам болса, өмірге деген және оның мәніне деген соншама ұстаным бар. Олай болса, бізде бір сәт өз өміріміздің мәні туралы ортаға ойымызды салып көрелікші. (оқушылар плакатқа өз ойларын жазып көрсетеді)
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақ барлық оқушыларға ортақ.
- Ал, балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
- Өмір адамға несімен қымбат?
- Сен не үшін өмір сүресің? Тамақ ішу үшін өмір сүресің бе, әлде өмір сүру үшін тамақ ішесің бе?
- Ал, бақытты қалай түсінеміз?
- Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- Ендеше сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
- Елестетіңіздерші, бүгін біздің дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
- Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
- Бақыттың иісі қандай?
- Ол жылы ма, әлде салқын ба?
- Бақыттың дыбысы қандай?
- Бақытты адамды қалай танисыңдар?
- Өздеріңіз қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса, тақтаға қарап, ойланыңдар. Бақытты болу үшін ең алдымен не қажет?
Ақша
Бақыт-Компьютер
Тәтті кәмпит
Түсінушілік
Өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер.
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты. Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.
«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса, сонда бақытты болады.
Олай болса, қазір видеофильмді тамашалайық!
Видеофильм
Ресми мәліметтер бойынша еліміз суицидтен алдыңғы қатардан орын алып келеді, әрине бұл көңіл қуантатын жағдай емес. Статистика бойынша әр сағат сайын бір адам өз өзіне қол жұмсайды екен. Бұл елімізде ең өзекті мәселелердің бірі. Балалар, сіздер видеоны тамашаладыңыздар, енді өз ойларыңызды білдірсеңіздер! Суицид тығырықтан шығудың жолы ма немесе қиындықты жеңу үшін не істеуіміз керек?
Қоғамда өзгелер қатары өмір сүруінің өзі қиындап, күнделікті өмірде кедергілерге тап болып жатса да, қиын сәтті жеңіп шығу әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен де мүмкіндігі шектеулі бола тұра өмірге құлшынысы артып, әр түрлі кәсіпті меңгеріп жатқан мүгедек азаматтар қаншама! Осындай азаматтардың талпынысын қалай бағалар едіңіздер? Бұдан кейін қандай қорытындыға келуге болады?
Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп немесе өз ойларыңды жақсылап өлең шумақтарымен келтіресіздер ме, ерік өздеріңде.
Әр топ өз жасаған жұмыстарын басқаларымызға түсінікті болу үшін талдап айтып берулеріңіз қажет.
Мұғалім: Адам өзге тұрмақ, өзінен жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде, қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп, арпалысуы, ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек, шыңырау, ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап, қасына адам жинайды, анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын, тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан, ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні, адамның ұлылығы болмақ.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?
Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді, ал қалған оқушы соны табу керек.
Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық, олай болса сіздердің осыдан не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Балалардың ойларын ашық айтуы.
1 – оқушы. Өмір шіркін күннің сәулесі секілді жарқ етіп өтеді де кетеді. Сондықтан да біз осы уақытқа дейін не үшін өмір сүргенімізді, не істейтінімізді ойлануымыз қажет. Біз өмірге келеміз, ата - анамыз бізге тәрбие беріп, бізді аяғымызға тік тұрғызады. Кейін білім алып, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы жұмысқа орналасамыз. Бірақ соның барлығы не үшін екенін түсінбейміз. Барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ ол мақсатты орындағаннан соң не болады?
2- оқушы. Алла тағала бізге бұл өмірді сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз керек. Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық көрсең де сен туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр өткізбегенің.
3- оқушы. Адам кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Мен де өмірімнің мәні болсын, бұл өмірден алар еншімді ала өтсем деп өмір сүремін. Еліме елеулі, халқыма қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын, және сол үшін күресемін. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер мақсат қою адамды алға жетелейтін секілді. «Шіркін!»- дейсің тек қана, жаһанға жар салып, барша адамзатты да осы ізгі ниетімнің жолына салсам ғой,- деп қиялдаймын. Мен өмірге ғашықтығымды осылай дәлелдесем деймін. Мен өмірге ғашықпын. Тек ӨМІРГЕ ғана!!!
4 –оқушы. Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарасы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқармен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдилы да болмайды. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп - қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
5 –оқушы. «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі, мен өмірімді қатты сүйемін, менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.
6- оқушы. Өмір деген кейде бақыт, кейде мұң
Секілді кезектескен күн мен түн
Өмірді түсінемін сынақ деп
Қиындық пен қуаныштан тұратын.
Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде:
Ендеше, балалар бақыт, өмірдің маңыздылығы туралы отанын қорғау үшін жанын аямаған ауылымыздың ардақты азаматы, соғыс ардагері Рахметжан атаның өмір туралы ойын тыңдайықшы! (Видеофильм көрсетіледі.)
Бізден асқан бақытты жан жоқ екеніне көзіміз жетті.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Ендігі міндетіміз тәуелсіздігімізді мәңгі сақтау! Ол үшін балалар, Елбасымыздың биылғы жолдауында айтылғандай білімді, дені сау, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып өсу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз екенін әрқашанда жадымызда сақтап жүрелік. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін, елімізде бейбітшілік болсын деген тілекпен алдарыңызда күннің суреті бейнеленген. Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыз өз мақсатына жетті десеңіздер, 5 оқушы шығып мына күннің шапақтарын аша қойыңыздар! Балалар, бүгін сіздермен танысып, тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күйде аяқтап, өзімнің мақсатыма жеткеніме мен де бақыттымын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.