Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат” -

“Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат”

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6111 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Арқалық политехникалық колледжінің педагог-психологі және «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Ахметова Салтанат Серікқызы

Сабақтың тақарабы: “Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат”
Мақсаты:
 “ой-өріс”, “ақыл”, “дүниетаным” туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету;
 ақыл-ойларын дамыту;
 ақыл-ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,топтастыру,сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.
Топ: ПУ 13
Күні: 19.02.2014 жыл
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ватман, маркер, әдемі әуен.
Пәнаралық байланыс: психология, философия, әдебиет, ән-күй.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
I Сәлемдесу: Қатысушылаға екі топқа бөліну ұсынылады: Кейін олар бір-бірімен “европалықтар”, «жапондықтар», «африкандықтар» және «италиандықтардың» «өз амандасу тәсілдерімен» бір-бірімен сәлемдеседі:
 «европалықтар» қолдарын қысады,
 «жапондықтар» бастарын иеді,
 «африкандықтар» мұрындарымен,
 «италиандықтар» құшақтасады.
II Оқушыларды түгендеу.
III Шаттық шеңбері: Ән: «Шақырады көктем».
IV Топ үш топқа бөлінеді: «Ақыл» тобы, «Парасат» тобы, «Білім» тобы
Үй тапсырмасын тексеру. 1 топ - Махаббат туралы шағын өлең шығару. 2 топ-Махаббат сезімін талдау, класстер құру. 3 топ- “Сезім атасы – МАХАББАТ – құдіретті күш” тақырыбына эссе жазу.
Жаңа тақырыпқа назар аудару.
Негізгі бөлім
I әңгімелесу:
 Өмірді танып білу дегенді қалай түсінесіз?
 Ой-өріс, дүниетаным және сана-сезімнің ақылға қандай қатысы бар деп ойлайсыз?
 Ақылды және ақылсыз деп қандай жағдайда айтады?
II Топтық жұмыс:
«Ақыл» тобы - Ақыл адам өміріне қалай әсер етеді?/талдау, класстер құру. «Парасат» тобы - Парасат сөзінің мағынасын ашу үшін әр әріпінен сөз құрап шығару. Мысалы, ПАРАСАТты адам – патриот, ақылды, рухы биік, адамгершілігі мол, сыйлы, тәрбиелі. «Білім» тобы - Білімсіздік қандай жағдайларға жетелейді?/ талдау, класстер құру. Тапсырма орындалған соң топ басшысы жұмысын қорғайды.
III Мәтінмен жұмыс: “Ол - Ақыл” (шешендік сөздерден үзінді). Үш топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
IV “Мақалды жалғастыр” ойыны
Ақыл бастан, …. ….. .
Ақыл бастан, асыл тастан.

Ақылды адам ерінбейді,
…. …… …… .
Ақылды адам ерінбейді,
Куатты адам сүрінбейді.

Ақыл базарда … .
Ақыл базарда сатылмайды.
Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.
Ақылсызға … …, ….. .. ….. .
Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң, тындайды да күледі

Ашу- дұшпан, … - … .
Ашу- дұшпан, ақыл-дос.

Ашу бар жерде … …. .
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Киіміне қарап,қарсы алады,
…. ….. ….. ….. .
Киіміне қарап,қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Ақылды"көндім"десе,
Ақымақ "…" дейді.

Ақылды"көндім"десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Білегі күшті бірді жығады,
…. ….. ….. ….. .
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

V Сахналау: «Ақыл бар жерде...». Талдау.
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп бас қосады. Әңгімілесіп отырып олар әрқайсысының адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: - Менің арқамда адам баласының төрт түлегі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Ол ештеңеден мұқтаждық көрмейді, сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.
Бақыт: - Мен, бақатпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегенім - алғыс, қара дегенім – қорғыс». Ұнатқанымды дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл: - О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер дауласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын, үшеуміз де адам баласына қажетпіз. Ренжімендер, қалай дегенмен екуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік, төрелегін сол айтсын.
Данышпан: - Өмірдің өзі де сабақ. «Байлық – бір жұттық», «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана Байлық та, Бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымаң та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың ойын өрбітіп, ісің оңға бастырып отыратын еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы болады. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алмайды.
- Баллар, жаңа қоыйлған қойылымнан қандай ой түйдіңіздер? Данышпанның сөзімен келісесіңдер ме?
VI Шығармашылық жұмыс: төмендегі сөздерді қолданып “Ақыл-ой – жан қуаты” тақырыбына эссе жазыңыз.
Өмір, ақыл, бақыт, ниет, сәттілік, тағдыр, аялау, ойлану, ой, азаматтық, қымбат.
VII Сергіту сәті: “Рам-цам-цам” ойыны
- Көңіл күйіңіз қалай? Сабақты жалғастыруға байынбыз ба?
VIII Назар аударыңыз:
Адамға тән алты қасиет:
1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің
2. Қиындықта сыналатын қайратың
3. Ешқашан алдамайтын тапқырлығын
4. Тек ілгері бастайтын талабың
5. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
6. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады.
Бекіту
I “Кубизм”
 Кубта берілген мәтін немесе өлеңнің мағынасын ашу.
1. Ақыл мен ырыс.
Қазақтың толықсып тұрған заманында бір адамға қыдыр дарып, бақ қонып, малы да, бағы да көтеріліп жұрт алдына түседі. Мал да, ақша да көбейіп дәуірлеп тұрғанда, ол бай да, бақытты да, ырысты да атанады. Бір күні ақыл мен ырыс тұрып былайша егеске кірді:
Ақыл: Бұл байға осынша дәулет, байлық, бақ бәрі де менің арқамда болды, мен болмасам бұл дәулеттің бірі де болмас еді дейді.
Ырыс: Жоқ, мен болмасам мал мен бақ болмас еді. Малмен бақ үшін ақылдың керегі жоқ, ырыс болса өзгесі өзі келе береді, - дейді.
Ақыл: Олай болса, байқасалық, - деп 13 жылдан бері байдың қолында жүрген қойшыға барып қонады. Ақыл кірген соң, малшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері осы байға қызмет қылып келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді, мен сұрағаным да жоқ, неге мен бұлай жүремін, ақы алып өз алдыма іс қылайын деп ойлапты да, кешке келіп байдан ақы сұрайды. Бай: «Алда, бейшара-ай, Құдай мұның есіне бірдене салған шығар», - деп бірнеше жүз сом, бір ат, бір арба беріп шығарады. Бұл жылда егін салып, әр уақыт суарып жақсы қарағандықтан, мұның егіні көп шығып, берекелі болады. Сол мезгілде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болып, астық іздеп жүргенде, әлгі жігітке жолығып, «дос болайық, барлық егінді маған бер» деген соң, «ел алған егін, жер алған тегін» деген еді ғой деп бар егінін береді.
Ақыл кеткен соң баяғы байдың дәулеті азайып, күннен-күнге кейін кетеді. Ырыс ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, сензіз менің қолымнан түк келмейді, енді бір болайық деп, бұл да жігітке қонады.
2. Кел, балалар, оқылық
Ыбырай Алтынсарин
Бет 1 . Барлығы 4 бет
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Бет 2 . Барлығы 4 бет
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
3. Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңiз.
Аят, хадис емес қой,

II Үй тапсырмасы
 “Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған зор болар” тақырыбына эссе жазу.
III Жүректен жүрекке. Бейне материал көру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.