.
.
Күні: 06.12.12 Ойнай білу де-өнер
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4843 | Размер: | Автор: Нартай4540Сыныбы: 3 Б
Мұғалімі:Ашуханова.А
Пәні: өзін-өзі тану
Тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды достық,сыйластық құндылықтары туралы кеңейту
Суретер арқылы балаларды сөйлете білу
Міндеттері:
-шыдамдылық,сабырлық,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру
-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
-көпшілдікке,әділдікке,кешірімділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:суреттер,үнтаспа,дәптер,слайд
Кезеңдері Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Кезеңі
Шаттық шеңбер
Әңгімелесу
Жағдаяттық
Сұрақтар
Суретпен жұмыс
Сергіту сәті
Дәйексөз.
Дәптермен жұмыс
Ойын
Қорытындылау:
Жүректен-жүрекке
-Сәлеметсіздер ме оқушылар!
-Көңіл-күйлерің қалай? Менің аты-жөнім Отарбаева Іңкәр Рашидқызы.
-Балалар бәріміз бірге шаттық шеңбер құрайық та бәріміз бірге үнтаспаға қосылып Айгөлек әнін шырқайық:
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында.
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында
Ойын ойнап,ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Қайырмасы:
Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстазы-
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер,білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Қайырмасы:
Өте жақсы балалар.Енді орындарыңа отырыңыздар!
Өткен сабақта бірлесе жұмыс істеу кезеңіндегі адами қарым-қатынастар туралы өткен болатынбыз
Иа,дұрыс айтасыңдар,бүгін ойнау кезіндегі адами қарым-қатынастар туралы әңгімелесеміз
Жүз сомың болғанша- жүз досың болсын
-Ал балалар осы мақалды сендер қалай түсінесіңдер?
Яғни бұнда көп ақшаң болғанша,көп досың болсын
дейді.
Оқушылар сендер мына тақырыпқа қарап қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар? Иә дұрыс балалар көксерек,алтын сақа,тышқан мен мысық т.б ойындар бар екен
1.Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті.Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған.Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар.
Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып,таудан төмен зымырайды.Беттері қызара бөртіп,сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты.Шананың алдына Асан отыратын.Ол абайсызда шанадан айырлып қалды.Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Алысқа барып бір-ақ тоқтады.
-Ақан,сен барып шананы алып кел,-деді інісіне Асан.
-Мен бармаймын.Шанаға ие болмаған өзің,сен бар,-деді Ақан.
-Жоқ.Сен барасың.Сен менен кішісің,-деді Асан.
-Бармаймын.Үлкенмін деп жұмсай бересің,шананы да үнемі мен сүйреймін.
-Бармасаң,сырғанақ тепкізбеймін.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті.Шананы жетектеген бойы тауға емес,үйіне қарай бет алды.
Ақан не істерін білмей,тау басында аңырап тұрып қалды.
Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.
Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады?
Бұл жерде ағасы мен інісінің тату болмағандығы,екеуінің бір шешімге келмегендігінен сөз таласып қаладыАғасы інісінен үлкендігін білдіріп кешірім сұрап,әрі қарай ойынды жалғастыруға болады.
2.Кім ақылды?
Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді.Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп,түйісіп қалды.
Ерден бас жоқ,көз жоқ:
-Мен саған жол бермеймін!-деп қасқайып,безеріп тұрып алды.
Ал Еркебұлан:
-Мен соған бола ерегіскім де,ойынды бұзғым да келмейді.Сен өте бер,-деді де оған жол берді.
Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар? Бұл жерде Еркебұлан ойынды бұзғысы келмей,досына жол берді,себебі ойынды бұзғысы келмеді.
3.Ойнамаймын.
Бір топ бала асық ойнап жүр еді.Аслан қайта-қайта жеңіле берді.Қолындағы бар асығын ұтқызып алды.Ызаға булыққан ол жылап жіберді де:
-Мен сендермен енді ойнамаймын.Сендер қарау ойнайсыңдар!-деп бұрылып кетіп қалды.
Сендердің Асланның әрекетіне деген көзқарастарың қандай?Бұл жерде Асланның достарына жала жабуы және ойынды бұзуы
Балалар мына суретке қарап не айтасыздар,қандай әңгіме құрастыруға болады? Бұл суретке қандай ат қоясыңдар? Біз бәріміз де кішкентай болдық,балабақшаға бардық. Достық дегеніміз сол кезден-ақ басталады. Қазір сендердің сыныпта немесе аулада бірге ойнайтын достарың көп шығар.
Иә,балалар...
Ал енді мына суретке де назар аударайық. Бұнда не бейнеленгенін айта аласыңдар ма? Балалардың көңіл күйлеріне қараңдаршы,қандай көңілді балалар,жүздерінде күлкі,өздері тату.
Топ-топ,топ-топ басайық,
Жалаудан гүл жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн. Өте жақсы балалар,енді орнымызға отырайық.
“Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам”
Сенека.
Оқушылар,бұл нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ал,мен былай түсінемін:Адам ойын кезінде де,өмірде де өзінің ашу-ызасын көрсетпей ұстамды болуы тиіс.Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу-адамдық белгісі.
Оқушылар мына дәйексөзді дәптерлеріңді ашып жазып алыңыздар.
Оқушылар,енді біз жақсы қылықтарымызды айтып,бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз. Қатар-қатар бойынша бір-бірімізге күн шуағын сыйлайық.Мысалы:Ернұр өзіңнің жақсы лебізіңді білдіріп мына күн шуағын көршіңе сыйлайсың,Ал ол өз күнін саған сыйлайды.
Иә балалар,көптеген жақсы сөздер біледі екенсіңдер,бір-біріңе айтқан лебіздеріңе лайықты болуға тырысыңдар.
Оқушылар бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар,қандай ой түйдіңдер?
Иә,оқушылар бүгінгі сабағымызда ойнау кезінде де бір-бірімізбен тату-тәтті ойнай біліп,бір-бірімізді ренжітпеуіміз керек.
Балалар енді бәріміз орнымыздан тұрып шеңбер құрайық.Мен Ернұрға :қасыңдағы досыңды ренжітпе-деп айтамын.Әрі қарай осы бойынша жалғасады.
Ал,балалар осымен сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.