Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы: Отбасы - өмір аясы

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы
игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Міндеті: -отбасының негізі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие
болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді
кеңейту;
-отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-
қасиеті туралы айта отырып, өзінің ішкі дүниесіне
үңілдіру, жан толғанысын тудыра отырып сезімін
жетілдіру,
ойлау, жинақтау философиялық жасауда астарына
назар аудару;
-отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете
отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге
баулу, алдағы өмірге даярлау.

Көрнекі құралдар: Отбасылық фотосуреттер, нақыл сөздер,
интерактивті тақта, жүрекше, шарлар, үнтаспа
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық
жұмыс

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :
І. Шаттық шеңбері.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір – бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасалық. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отыырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айталық..
Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым Өзіңе арнаған.

Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.

Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын.
ІІ. Әңгімелесейік
1.Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сзімде болдыңыздар?
2.Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
3.Отау дегеніміз не?
4.Отағасы деген кім?
5.Отанасы деген кім?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - өмір аясы» деп аталады. Біз бүгінгі сабақта отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығы туралы әңгімелейміз.
Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
Ш.Айтматовтың «Мұрап» әңгімесінен алынған үзіндіні оқып танысалық.
- «Мұрап» әңгімесіндегі кейіпкер Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?
- Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?
- Олардың тату – тәтті тіршілігіне не себеп?

ІҮ. Дәйексөз
Шаңырақ сәні – сыйластық. (Халық мақалы)
(нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру, толық мағлұмат беру)
Ү. Жаңа ақпарат
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын»дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады.Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.
- Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі.
- Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте.
- Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.

ҮІ. Сергіту сәті
«Ана мен бала махаббаты» бейнеклип көрсетіледі.

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбына шығарма жазады.
ҮІІІ. Әңгімелесу
Оқушылардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қойылады.
- Сен отбасын құруға дайынсың ба?
- Қандай адаммен отбасын құрғың келеді?
- Отбасын құру үшін ата-ананың пікірі керек пе?

ІХ. Сабақты қорытындылау

Отбасы мүшелерінің бір-біріне Обасы мүшелерінің бір-біріне
деген сүйіспеншілігі; деген мейірімділігі;


туысқандық, бірлік барлық ағайынды
ұғымдарын тудырушы; ОТБАСЫ жақындастырушы;


Кішкене бір мемлекеттік ұя; Ұрпақ пен ұрпақты
табыстырушы;
Ғаламат күшті жері ұрпақ өрбітуші ерекше ұя.

Х. Жүректен жүрекке
«Жылы жүрек» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.

(Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, бақыт, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан, т.б.)
Оқушылар шеңбер құрып, үнтаспа арқылы М.Шахановтың «Жұбайлар жыры» әнін орындайды.
1. Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.
Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым.
Бағаласаң бақытыңмын,
Сағынсаң қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз,
Құстың қос қанатындаймыз,
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа.

2. Сен бар жерде керегем кең сияқты,
Кең сияқты, терезем тең сияқты.
Ешкім мені дәл сендей еркелетіп,
Жұбата да алмаған сен сияқты.

Қайырмасы:

3. Шаттығымның бастауын сеннен көрдім.
Сеннен көрсем қалайша төмендермін.
Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз,
Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің.

Осы сабақтан жеткен нәтижем:

- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады
- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді
- Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, жылулық, мейірімділік,
сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан ұғымдарының мәнін
меңгерді.
- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсінді.
Адам мейірімді шуақ төге білгенде өміріндегі ойындағы, ниетті түзетуге болатындығына сенген Сара Алпысқызы баланың жас кезінен-ақ, барлық уақытта сау, әрі бақытты болып өсуінің, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ету бағытына ие болып жетілуін қалайды, еліміздің болашағы ертеңгі азаматтарына үлкен үміт артады.
Адамның сұлулығы – мейірімділігінде, қарапайымдылығында, қайырымдылығында, рухани байлығында болатын болса, осы сұлулықтың барлығын оқушы «Өзін - өзі тану» пәнінен меңгереді. Пән оқушының тұлғалық қасиетін жан – жақты ашып, өзінің қайталанбас дара тұлға екенін сезіндіреді. Көзқарасы мен ойын үйлестіріп, адамдарға, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, мейірім төккен жүрекпен қарауға тәрбиелейді.
«Өзін - өзі тану» пәні адамзат өміріндегі құндылықтарды біліп, оларды бағалай білуді үйретеді. Әр оқушы өз ойын ашық айтып, өмірмен байланыстырып сөйлей білуге дағдыланады және өзіндік жеке қасиеттерді дамытады. Бір ғана шаттық шеңберінің өзі балаларға ерекше бір қуаныш, шаттық сыйлайды және балалар сабаққа көтеріңкі көңіл – күймен, ерекше бір сезіммен кіріседі. Әр сабақ оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіне, өзгелерге, достарына, табиғатқа аса бір мейіріммен, жылулық, махаббат тұнған үлкен жүрекпен қарауға үйретеді.
«Өзін - өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың бойында мейірімділік пен сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастырудағы қол жеткізген нәтижелерім:




«Өзін - өзі тану» пәнін оқыту барысында өзімнің жеткен жетістігім.
● 2011 жылы Аудандық «Әдістемелік вернисаж» байқауына қатынасып, «Алғыс хатпен» марапатталдым.
● 2011 – 2012 оқу жылында «Өзін - өзі тану пәнін оқыту мен әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» атты облыстық семинарда «Отбасы - өмір аясы» тақырыбында 11 сыныпқа ашық сабақ өткізіп, іс – тәжірибем таратылды.
● «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» - деп Абай атамыздың айтқан сөзін бүгінгі және болашақ жас өрендерімізді ескеріп елін сүйетін, халқын сүйетін азамат ретінде тәрбиелеуіміз қажет. Сонда ғана егемен еліміздің, бейбіт Отанымыздың тәуелсіздігі ғұмырлы, алар биігі асулы, асқарлы болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Б.Сарсекенова, Д.Б.Алтаева «Өзін - өзі тану» пәні бойынша әдістемелік
жұмыстарды ұйымдастыру. Алматы 2011 ж.
2.Самопознание.kz №1 2010ж.
3.Самопознание.kz №1 2013ж.
4. «Өзін - өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 7 сынып
Авторы:Б.А.Әрінова, Р.О.Ізғұттынова, Ж.Ж.Әкімбаева, Ж.Б.Қажығалиева
5. «Өзін - өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 11 сынып
Авторы:Р.О.Ізғұттынова, Е.Сағымбаев, Ж.Б.Қажығалиева
6.Өзін - өзі тану журналы №5 – 6 2011ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.