.
.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Рухани байлық-игілік көзі
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 694 | Просмотров: 4468 | Размер: 21.5 Kb | Автор:Мектеп: № 40 орта мектеп
Мерзiм: 13.10.2015 Сабақ № 7
Мұғалiм: Баймишева Айнұр Мырзабекқызы
Класс: 10 Оқушылар саны: 25
Тақырып: Рухани байлық-игілік көзі
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: өз бойынан ақиқат іздеу, өзіне – өзі сену, жауапкершілік
Сабақ мақсаты: Рухани байлық – игілікті істің ақиқат құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Оқушыларды өз бойынан ақиқат іздеуге ынталандыру;
- Өз-өзіне сенімін дамыту;
- Жауапкершілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (нақыл сөздер, өлең)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (5 мин).
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру
№ 7 сабақ. 28-бет Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» ой-толғауын оқып келу.
- Көктастың халық үшін игілігі қандай?
- Күлтегін тасы бізге қалай жетті?
- Автор Күлтегіннің көк тасын неге Елдігіміздің нышанына теңеді?
1. Күнделікті өмірде шындықты басқалармен бөлісесіз бе?
2. Басқалармен қарым-қатынаста тек жақсы және қажетті ойды қалай жеткізесің?
3. Өз бойыңдағы жауапкершілікті қалай сақтап қалуға болады? Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Ақиқат бар жерде жеңіс бар».
Нақысбек шешен.
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазу.
4. Мұғалім сыйы.
«Тұлпар намысы» видеоролигі. М.Шаханов.
1. Адамдардың қариядан ақыл сұрау себебі неде?
2. Тұлпар неге батпаққа одан әрі бата түсті?
3. Тұлпардың батпақтан шығуына не әсер етті?
- Өз бойларыңнан шындық іздейтін кездерің болды ма?
- Өз-өзіне сенімділікті қалай көрсете аламыз?
- Жауапкершілікті болу әр адамның қолынан келеді ме?
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Топты «қарапайымдылық», «сенімділік», «жауапкершілік» қасиеттері арқылы бөлу. «Біздің жан дүниеміздің бағы» тақырыбында коллаж құрастыру.
6. Топпен ән айту.
«Өміріңе немқұрайлы қарама» әні
сөзі: Серік Сейтман
әні: Сәкен Дәрібаев
1.Тыңда досым мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан кисең дағы жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қ-сы
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең дағы бауырым
Өміріңе немқұрайлы қарама.
2.Тұсау салып, бас тартқызбай күш дарын
Кетсе дағы дұшпан күлкі дос табаң.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сұм сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.
7. Үй тапсырмасы.
8-сабақ. 31 бет Т.Әбдірахманованың «Даналарым» өлеңін оқып келу.
Дәптердегі 7-сабақ, 1-ші тапсырманы орындап келу.
8. Сабақтың қорытынды минуты.
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
«Өміріңе немқұрайлы қарама» әні
сөзі: Серік Сейтман
әні: Сәкен Дәрібаев
1.Тыңда досым мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан кисең дағы жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қ-сы
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең дағы бауырым
Өміріңе немқұрайлы қарама.
2.Тұсау салып, бас тартқызбай күш дарын
Кетсе дағы дұшпан күлкі дос табаң.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сұм сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.