Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлесе білу де өнер -

Сөйлесе білу де өнер

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2315 | Размер: | Автор: гость
. Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалім :¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ Смаилова Г.К. Күні: ____________
Пәні: өзін-өзі тану Сыныбы: 5 «а», «б», «в», «г»
Сабақтың тақырыбы
Сөйлесе білу де өнер
Сабақтың
танымдық мақсаты Оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.Сөзді түсіне білу,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Сілтеме ҚР мемлекеттік стандарт бағдарлама.
Дереккөздер мен жабдықтар Өзін-өзі тану оқулығы 5- сынып. Интернет материалдары,суреттер
Күтілетін нәтиже Оқушылар мәтіннің мән-мағынасын білетін болады,топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады . Диалогтік оқытуда оқушы өз пікірін ортаға салады, топтық жұмыс барысында бір-бірімен пікір алмаса алады. Тақырыпты өздігінен меңгереді.
Кезеңдері Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар
Оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау
Мотивациялық
кезең 10 мин Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөлу Сабаққа дайындық
Мәтіннің мазмұнын тізбектеліп
айтады.
Қағаз қиындылары бойынша топқа бөлінеді. Мазмұнын бөліктерге бөліп айту. Жауап берген оқушыларды бағалау.Смайликтермен бағалау
Операциялық кезең 15 мин Жаңа сабақ.
Психологиялықдайындық
Тыныштық сәтін өткізіп,алған әсерлерін айтқызу .Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың әңгімелесуде айтқан ойларын оқулықтағы М.Жұмабаевтың «Сөз және мағына» мәтінін оқу арқылы жалғастырады.Оқушылардың өздеріне кезекпен оқыту
Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?
Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе ?
«Сөз астары» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр баланы бағалау


Рефлексиялық
кезең 15 мин Топқа тапсырма беру

Ойын ұйымдастырады.
Бағдаршам. Әр топ постер қорғайды

Оқушы сұраққа жауап береді. 1топ:Мәтінді оқып,дұрыс сөйлеу ережесін құрастыру.
2топ.Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
3топ. «Сәлем-сөздің анасы»деген мағынаны түсіндіру.
4топ.Бір-біріне ізгі тілектер мен жақсы сөздер айту. Бір-бірін бағалау.

Топты бағалау.

Бағдаршам түстерімен бағалау
Үй
Та сырмасы 5 мин
«Не айтатыныңды ойлап ал» Үнді аңызы.
А –Түсініп оқу.
В-Әңгіменің мазмұнын айту.
С- «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» дегендей халық мақалдары туралы қосымша деректер жинақтау.

Сабақтан кейінгі рефлексия
Не сәтті өтті?
Неліктен?
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін
не істеймін?
Сабағым жоспарлағанымдай сәтті өтті. Топтық жұмыс кезіндегі балалардың бірін-бірі бағалауы және жеке оқушыларды бағалау сәтті өтті.Өйткені сабақты түсінді. Уақыттың тапшылығы.. Тапсырманы ықшамдап ретімен беруге тырысамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.