.
.
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлесе білу де өнер» «Сөйлесе білу де өнер»
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 311 | Просмотров: 3962 | Размер: 41.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: - сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймай, оның мінездемесі де болып табылатындығын ұғындыру;
-сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім – білік, мәдениет, әсемдік – асыл қазына екенін меңгерту;
-мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қосымша кітаптар, мақал – мәтелдер буклеті.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, интерактивті, әңгімелеу.
Қажетті құралдар: Маркер, парақша, түрлі – түсті қағаздар.
І.Шаттық шеңбері
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең бос кетпейді.
(Қимыл – қозғалыс жасау арқылы)
ІІ.Әңгімелесейік.
-«Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз» деген мақалды қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
- Яғни, сөйлеу білудің орасан зор маңызы бар екендігін ұғынамыз. Адамадар сөз арқылы ұғысып, танысып, өзгені де сөз арқылы танып, өзін де сөз арқылы таниды. Сондықтан да оны шашпа-төк тегін дүние көрудің қажеті жоқ екен, олай болса сөздің қадірі кетеді екен.
III.Мәтінмен жұмыс: Атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Тарақтыда тары бар, дүниенің бәрі бар» кітабынан әңгіме оқып беру:
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген жұтшылық болып, ел шұбырғанда, мал ішіндегі сезімін сойып, жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты...Иесі көз тиер, сөз тиер деп бір сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен... Жолаушылар кеткен соң сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төрт бөлінген екен. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сонан қлған екен. Егер ол тасты салмағанда диеге кәдік болады екен.
(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.)
Яғни, адамның қоғамда өз орнын табуында орнымен сөйлеуі, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады.
IV. Шығармашылыққа баулу. 1-тапсырма: Мақалдың жалғасын тауып жазу.
1. Таяқ еттен өтеді,... (сөз сүйектен өтеді)
2. Жақсы сөз - ... (жан азығы)
3. Жылы – жылы сөйлесең ... (жылан іннен шығады)
4. Сөз жүйесін тапса,... (мал иесін табады)
5. Бір жақсы сөз, ...(мың сөгістен артық)
2-тапсырма:
«Лимерик» 5 жол өлең шығару.
I кейіпкер Болыпты бір жалқау,
II мінездеме Өзі сондай аңқау.
III оқиға Тамақ жесе тойып,
IV оқиға Арманы бір ұйықтау
V авт.көзқарасы Ой, жалқау – ай, жалқау!
3-тапсырма:
Мұғалім сұрақтар айтады, ал оқушылар жауабын ғана жазады.Мысалы:
1. Кім? Не? Маса
2. Қай жерде? Шалшықта
3. Не істеді? Топырақ жеді
4.Ол не айтты? Мен бақыттымын!
5.Адамдар не деді? Ас болсын!
6.Оқиға немен тынды? Маса еңбекқор болды.
V. Дәйексөз.
VI.Үйге тапсырма беру.
Сөзге, тілге байланысты ұлағатты сөздер жазып келу.
VII. Жүректен жүрекке.
«Жүректен шыққан жылы сөз,
Жүрекке жол табады» демекші тақырыпқа байланысты «Жіпті ширату» арқылы бір-біріне тілектер айтады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Капизова Шарипа Абдрахмановна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.