.
.
Қарағанды облысы Балқаш қаласы Салауатты өмір салты.
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2530 | Размер: | Автор: Нартай4540«Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Байкулова Кенжегуль
Мамырбековна
Сабақтың тақырыбы:
Салауатты өмір салты.
«Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп». Абай
Сынып: 10
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Міндеттері:
-салауатты өмір мәнін түсіндіру;
-зиянды заттарды қолданудың алдына алу;
-салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклеттер, слайдтар, бейне таспалар, DVD.
Шаттық шеңбері
Қ. Жұмағалиевтің “Жастар әні” өлеңі орындалады.
Балалар шеңберге тұрып бір-біріне келген күнге сәтілік тілейді.
Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев
Әңгімелесу айдары
Кітапта берілген сұрақтармен жұмыс.
• Адам өріріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен
• Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
• Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
• Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
• Зиянды әдеттерге нелер жатады?
• Салауатты өмір сүру дегеніміз не ?
Өсиет:
Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па,жоқ даңқ қымбат па ?» деп сұраған екен .Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды . Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен .
Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.
Топтастыру:
Терме “Қара пима”
Алай да дүлей ақ боран
Ысқырып, ұйтқып, бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан
Қақпалық қылар жұлқылап...
Тындау, талдау.
Термені тындағанда қандай сезімде болдыңыз.
Шығармашылық жұмыс.
Шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізу, келесі сабақта талдау.
Топпен жұмыс “Салауатты өмір салты” жоба жазу, талдау, қорғау
Жұректен – жұрекке
Ұ. Есдәулетовтің «Қүс жолы» өлеңін орындау.
Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Қүс жолы ғарыш көкке туған жерден.
Қараймын жандай ғашық....
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.