Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Салауатты өмір салты Құндылық қиянат жасамау  Қасиеттер кеңпейілділік, бірлік, қамқорлық -

Салауатты өмір салты Құндылық қиянат жасамау Қасиеттер кеңпейілділік, бірлік, қамқорлық

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2941 | Размер: | Автор: гость
. «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Қарашоқы орта мектебі Мерзімі
Мұғалім Манбаева Алия Дюсенказыевна
Сынып 10б Оқушылар саны 10 Тақырып Салауатты өмір салты
Құндылық қиянат жасамау Қасиеттер кеңпейілділік, бірлік, қамқорлық
Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнімен қиянат жасамау ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
1. Салауатты өмір салты мен кеңпейілділік туралы түсініктерін кеңейту.
2. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу және бірлікке ұмтылу қасиеттрінің қалыптасуына ықпал ету.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыз,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ –қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз, Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңызбен тілек - қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді, және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін, жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі сіздің ауызыңызға, тіліңізге, тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, нұрды уақытша түсініспей ренжісіп жүрген адамадарға да бағыттаың, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан –жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын .Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен нұрмын....
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінек отыра тұрыңыз. ..
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет

Үй тапсырмасын тексеру.
В. Ягодинскийдің мәтінін оқып келу.
Талдау сұрақтары
-Денсаулық пен ақыл есті тонаушылар нелер?
-Зиянды әдеттер адам денсаулығына қалай әсер етеді?
-Әңгімедегі жасөспірімге зиянды әдеттер қалай әсер етті?
Ескерту
Әдістемелік нұсқаулық

10 сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығы
Дәйексөз
«Көп жасау – деннің саулығы, бақытты болу адамның өз қолындағы іс»
А. М. Кирхенштейн
(дәптерлеріне көшіріп жазып, бірнеше рет дауыстап оқыту)
Талдау сұрақтары
-Көп жасау дегеніміз не?
-Бақытты болу дегеніміз не?
-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Самопазнание №2(38)
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
«Ойлан достым» (әңгіме)
Жангүлдің отбасы өткен жылы қалаға көшіп келген. Жоғары сынып оқушысы болған соң ба ол құрбыларымен тез тіл табысып кетті. Жангүлдің және бір еркшелігі сабаққа алғыр, әсіресе биология, химия пәндерінен алдына жан салмайтын.
Басында үрке қараған сыныптас құрбылары Болат, Коля, Жұпар, Андрей, Жандос оның зеректігіне және ауыл мектебінен осындай білім алғанына қызыға да қызғана қарайтын. Ал, Жангүл қалада оқитын сыныптастарының сабақтан соң қыдыру, киноға бару, кафеге жиналу, немесе туған күндерін, тіпті мереке күндерін үлкендерше атап өтетініне таң қалатын. Осындай отырыс – жиылыстарға әйтеуір бір сылтау айтып бармайтын. Бірақ құрбыларынан үнемі бөлініп қалу, ертеңіне ертегідей айтып отыратын кештерде болмағанына Жангүлде кейде қызығып, кейде өзінен –өзі қуыстанатын.
Ертең енді Жандостың туған күні. Оның мінезі тым жылдам, қызба болғанмен, неге екені белгісіз, Жангүлге ұнайтын. Кейде сыныпта ешкіге білдірмей көзінің қиығымен оған қарап қоятын.
Үзілісте Жандос оған арнайы келіп, туған күніне шақырды.
-Мен... Мен, -деп енді айта бастаған Жангүлдің сөзін бөліп, Жандос-сен келмесең ренжимін –деді. Жангүл бірден бара алмаймын деп айта алмай- Ата-анамнан сұранайын деді.
Сыныптас құрбыларымен бірге болуды және ең маңыздысы Жандостың туған күнін атап өтуді ойлаған Жангүл ата-анасынан кешке баруға рұқсат сұрады.
Әкесі аса ыңғай көрмегенмен, анасы – Бір кезек құрбыларымен бірге көңіл көтеріп, барып қайтсын – деп әкесін көндірді.
Туған күнді шағын кафеде өткізу жоспарланған екен. Құрбылары көп кешікпей жылдам жиналды.
Бірақ кеш Жангүл ойлағандй ата-анасы бастап ақ тілектерін айтудан бастаған жоқ. Маған сөз бергенде қалай сөйлегенім жөн деп іштей дайындалып келген Жангүл құрбыларының бірі сыра, бірі шарап толы ыдыстарымен қағыса бастағанда өзін басқа танымайтын адамдардың ортасына кездескендей сезінді. Тіпті сөз беретін асаба да болмай шықты. Әркім орындарынан тұрып, тілектерін айтып жатты.
-Жангүл!- деді сыныптан қыз. – Сыра ішіп, бойыңды сергітіп, бір сілкінсеңші.
-Жоқ ішпейтін едім.
-Қаланың қызы қашан атанасың-деді келесі сыныптасы мысқылдап.
-Мен үшін Жангүлді қинамасаңдар қайтеді -деді туған күн иесі Жанжос.
-Жарайды солай-ақ болсын,-деді достары бірауыздан.
Жангүл ыңғайсыз жағдайдан құтқарған Жандосқа іштей ризашылығын білдірді. Бұл басы екен...
Жангүл құрбыларын жаңа көргендей таңырқай қарады. Енді кезек темекі тартуға келгендей қалталарынан неше түрлі қымбат темекілерді шығара бастады. Күнде қасында жүрген ұл-қыздардың көбі шылым шегетін болып шықты.
Жұпар Жангүлге шылым ұсынды.
-Не болды?- деп сұрады Жангүл .
-Оған бермей-ақ қой ол шылымды қор қылып, - деді алдындағы сыныптасы тағы да кекесін үнмен.
-Ерніңе жақындатып , деміңді ішіңе тарт-деп бір қыз ақыл айтты.
- Шегіп көрсеңші ..., саған ұнайды деп барлықтары шу ете қалды.
Жангүл енді кешіксе құрбыларының басқа да өтініштерін еститінін түсінді де, орнынан тұрды. Ол сыныптастарын көзімен бір шолып өтті де, туған күн иесі Жандосты құттықтап, ақ тілегін айтты. Сөз соңында бәріне ортақ сұрақ қойды:
-Сіздер айып етпеңіздер? Мен ақыл айтудан аулақпын. Бірақ сіздер өздеріңіздің ұрпақтарыңыздың дені сау болғанын қалайсыдар ма?
-Әрине - деді бәрі қосыла.
-Ендеше шылым тартқан, ішімдік, шарап ішкен адам тек өз саулығы емес, баласы, немересі, шөбересі, яғни бүкіл ұрпағына зиян келтіреді.
-Таптық бізге лекция оқитын адамды,- деді Жұпар.
-Сонда қалай болғаны,- деді Болат себебін анықтап түскісі келіп. -Бұны ғалымдар толық зерттеген. Адамның барлық ерекшелігі, қабілеті, бойындағы өнері тіпті зиянды нәрселердің бәрі ген арқылы келесі ұрпаққа беріледі,-деп сөзін аяқтап, Жангүл орнына отырды.
-Ия мен кітаптан оқығам, есірткі, шылым, ішімдік зиянынынан адам генінің хромосомаларында өзгеріс болса, бала «Дауна» деген аурумен дүниеге келеді,-деді Жандос та қосылып. ..
Осы кезде манадан бері шулап отырған сыныптастар ойланып қалды...

Талдау сұрақтары
- Жангүлдің сыныптастары қандай әрекет жасайды?
-Жангүлдің сыныптастары неліктен ойланып қалады?
-Жангүлдің бойында қандай қасиеттер бар? Білім шапағаты
2015 №44
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді
1 топ «Бірлік»
2 топ «Қамқорлық»
«Денсаулық» тақырыбында постер қорғайды.
Ватман, түрлі түсті қалам, стикер.
Топпен ән айту
Чемпиондар Сөзі мен әні — Ермек Елгезеков,
Сөзі — Айгул Мукей

Байрағы еңселі елімнің
Кең байтақ айбынды жерімнің.
Тұлпары біз болдық бәйгеде,
Ақтап шыққан, ел сенімін.
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен

Тізгіндеп алтын мен күмісін
Сыйлаған еліне жеңісін
Әлемде топ жарып жарысқан,
Қазақстан, Қазақстан.
Желбіреп байрағы әлемде
Әнұран айтылды әр елде.
Ұл-қызы әлемге өз елін танытқан, танытқан
Қазақстан.
Вот последний рывок и победа.
Слышны крики с трибун Казахстан
Посмотри оправдали надежду,
Все кто нам верил и веру вселял
Закаляется воля сражения,
Олимпийцы храбры как в бою.
Будут слезы от счастья победы.
Верим в себя, верим в страну.
Разивается флаг на ветру
Пробуждает он гордость мою.
Будет золото нашим, Мы верим
Верим в ребят, они победят. Интернет желісі
Үй тапсырмасы 12 сабақ Ұ. Есдәулетовтың
«Қара пима» поэмасынан үзіндіні оқу. 10 сыныптың
Өзін-өзі тану оқулығы
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылып,
Балалар енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейік. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.. Көздеріңізді ашыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.