Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Салауаттылық – менің қалауым ! -

Салауаттылық – менің қалауым !

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7217 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Салауаттылық – менің қалауым !
Мақсаты:
- Оқушылардың денсаулық ұғымының
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- салауатты өмір салтын сақтаудың адам
өміріндегі манызын түсіндіру;
- денсаулығын күту, іскерліктерін
дамыту;
- денсаулықты күтуге, қадірлеуге
- тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі .Тыныштық сәті
- Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл - күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды баяу музыканың ырғағыменДенемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.Көзді жұмамыз.Денемізді бос ұстап, өз - өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жағымды сәттерді еске алайық.
Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.
- Балалар, ыңғайлы отырып, бір - бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан осылай көңіл - күйіміз көтеріңкі болсын.
- Балалар, енді кезекпен кезек барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:
Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.
Мұғалім:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

«Салауаттылық деген не?»
Салауаттылық – сергекте,
Таза жүру –өмірде.
Адамзаттық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
Бала болма тырысқақ,
Қылығыңды ел сынар.
Таза ауамен тыныстап,
Бой қыздырып, тер шығар.
Салауатты салтты,ұғып,
Танда жолдың дұрысын.
Спортпенен жаттығып,
Жаз денеңнің құрысын.
А.Естенов
Әңгімелесу.
-«Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге?
-Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
-Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?
-Өз бойыңдағы жағымсыз әдеттерден арылу үшін не
істеу керек деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат.
- Дені сау, жан-жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді
де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын
жан сұлулығымен үйлестіргенде ғана өмірлік
мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын
сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту ұшін өмір бойы
белсенділік танытуы қажет.
1-нұсқа
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
1.Қоршаған орта ластығы.(күн,ауа,су,топырақ , т.б,)
2.Дұрыс тамақтанбау.
3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы
4.Зиянды заттарды қабылдау.
5.Тазалықты сақтамау.
6.Отбасындағы кері жағдайлар.
7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы
2-нұсқа
Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторл.
1.Дұрыс тамақтану.
2.Қоршаған орта тазалығы.(күн,ауа,су,топырақ, т.б.)
3.Дене шынықтыру.
4.Зиянды заттарды қабылдамау.
5.Жеке бастың тазалығын сақтау.
6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы

Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.
- Бала жаттығулар жасаса;
- Бала ағашқа өрмелесе;
- Бала ауыр заттарды көтерсе;
- Бала басқа баланы итеріп жіберсе;
- Бала сіріңкемен ойнаса;
- Бала терезені сындыратын болса;
- Бала қолын жуса;
- Бала күнге қыздырынса;
- Бала балмұздақты көп жесе;
- Бала балаларға қарай жөтелсе;
- Бала тамақ үстінде күлсе;
- Бала табиғи суға шомылса;
- Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді
жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.
Мәтінмен жұмыс:
Бердібек Соқпақбаев
«Менің атым Қожа»
- Қожа осы оқиғадан қандай сабақ алды?
- Қожаның Сұлтанның сөзіне ермеуі мүмкін бе еді?
- Сұлтан сияқты балалар өмірде жиі кездесе ме?
- Олардың ұсынысын қалай қабылдар едіңдер?
Сергіту сәті
«Тамшыдан теңіз» Сөз ұйқастары беріледі, өлең құрастыру керек.
……………баламыз,
……………даламыз,
……………жоямыз,
……………келеміз,
…………..қоямыз ,
…………..құрамыз,
…………..тұрамыз,
…………..боламыз!
Осыдан кейін оқушыларға денсаулықтың он құпиясына көңіл аударуылары сұралады:
Денсаулықтың он құпиясы (Адам Дж.Джексон).
Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.
Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.
Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі.
Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші.
Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші.
Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.
Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.
Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.
Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.
Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.
Жағдаяттарды талдау.
Топпен ән айту
Миға шабуыл. Адасқан сөздерді үйіріне қосу .
1.Тәні саудың……………сау.
2.Ауру кісі ……… сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

3.Тазалық ………..негізі,
Саулық байлық негізі.

4. Ауру келді ………кірді.
5. Ұйқы …………………..,
Жұмыс шынықтырады.
Адасқан сөздер: жаны, күлкі, саулық, әлек, тынықтырады.
Дәйексөз
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.
А.Шопенгауер
Дәптермен жұмыс
3-4 тапсырманы орындау
“ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның
Қорытындылау:
- Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.
Үйге тапсырма:
«Менің денсаулығым-менің байлығым» шығарма жазу
Тренинг«Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деген жазумен ортаға тақтаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып жазылған жолақ қағаздарды жан-жағына қойып, күн сәулесінің шұғыла шашып тұрған бейнесін көрсетеді,шеңбер құрайды.
Соңғы тыныштық сәті
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.