.
.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Әсемдікке ұмтылайық
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5445 | Размер: | Автор: Нартай4540Мектеп Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Күні 29.10.14 ж. №_8__ Тақырыбы Әсемдікке ұмтылайық
Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білу
Мұғалім Нуртазаева Н.М. Сыныбы _____6_____ Оқушы саны__18
Мақсаты: Оқушылардың әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру;
- Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу.
Ресурстары :
(материалдар, дерекөздер)
Ғ. Мустафиннің «Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызығады»
Сабақтың барысы
1. Үйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды мұғалімдеріңізге ,туыстарыңызға,, достарыңызға, бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Ескертулер
2. Үй тапсырмасын тексеру.
« Іздеген жетер мұратқа» тақырыбына қысқаша әңгіме жазу
-Өз бетімен танып-білуге құштарлық, талпыныс ізденіс адамның еркі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды. Өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай, мақсатқа жетуге көмектеседі. Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз).
- Сабақтың дәйексөзі ретінде алынған Ғ. Мұстафиннің «Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызығады»-деген нақыл сөзін оқушыларға ұсыну.
- Сыртқы сұлулықты көзбен көруге болатын болса,ал ішкі сұлулықты жүрекпен,яғни адамның адамгершілігі ішкі сұлулығын сезіндіреді.Адам жаны әрқашан сұлулыққа, әдемілікке құштар. Ал, жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды атаймыз. Жанның әсемдігі – адамның әдептілігінен, адамдармен қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығынан , яғни барлық игілікке ие мінездерінен байқауға болады.
4. Оқиға айту (әңгіме).
1.Ш.Сариевтің «Сұлулық» өлеңін оқып, сұлулықты қалай түсінетіндерін әңгімелеп айтып беру тапсырылады.
Оқушылардың сұлулық, әсемдік турасында білімдерін байқау мақсатында әңгіме өткізу.
• Сұлулықты қалай түсінесіңдер? Адамды сұлу ететін не нәрсе?
• Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, айнала қоршаған дүние толған сұлулық, тек соны байқап, көре білу керек.
2.Оқу ақпараты
Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.
Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді.
Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баулап алады.
- Сұлулық дегеніміз не? Оқу ақпаратының мағынасын ашып көрсетіңдер.
- Сұлулық адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десекте қателеспейміз. Өйткені сұлулық – адам бойын қуанышқа, әсем сезімге бөлей отырып, еңбекке деген талпынысты,құштарлықты оятады, әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Жақсы көңіл-күй сыйлайды
3.Мәтінмен жұмыс
Мағжан Жұмабаевтің «Сұлулық сезімдері» атты мәтінін оқушылар өз бетінше оқып шығады.
• Табиғаттың сұлулығы неде?
• Адамның көру, есту сезімдерін тудыратын сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
• Адамға сұлулық қаншалықты қажет?
Тапсырма
Оқушылар мәтінге сәйкес тапсырма орындайды.
Мағжан Жұмабаевтің «Сұлулық сезімдері» мәтінін оқып, сұлулықты сипаттайтын сөздерді іріктеп алыңдар. Жаратылыстың қандай құбылыстары сұлулық сезімін тудыратынын айтып беріңдер.
Оқушылардың байқампаздық, сезімталдық сезімдерін дамытып, сұлулық сезімі жөніндегі ойларын тиянақтай түсу.
Ұғыммен жұмыс жүргізу технологиясы
Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша берілетін ұғымдарды тереңірек ұғындыру мақсатында ұғыммен жұмыс жүргізу технологиясын ұсыну.
«Әсемдік» ұғымы
1-кезең. Ұғымға анықтама беру.
Әсемдік- сұлулық белгісі.
Әсемдік – адамның сипаты.
(оқушылардың айтқанын тыңдап,әсемдік ұғымының анықтамасын айту)
Әсемдік- зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның моральдық және сымбаттық көркінде, көркем өнер шығармаларында көрініп, көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізі категорияларының бірі.
2- кезең.Ұқсас ұғымдарды табу.
(Оқушылардың әсемдікке ұқсас ұғымдарын атап берулерін сұрау.)
Оқушылар:
Әсемдік – сұлулық, әдемілік, көріктілік, сымбаттылық, т.т.
• Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
(Сұлу, әсем, көрікті, сымбатты...)
3-кезең. Қарама – қарсы ұғымдағы сөздерді атау.
(Оқушыларға әсемдікке қарама – қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсыру.)
Оқушылар: көріксіз, ұсқынсыздық...
• Бойындағы осындай жағымсыз жақтары жоқ адамды қалай атауға болады?(әдемі, сұлу, әсем, көрікті, сымбатты, ...)
• Көріксіз,ұсқынсыз деген нені білдіреді?(сұлу емес, көрікті емес, әдемі емес, ...)
4-кезең.Ұғымның басымдық жағына анықтама беру.
(Оқушылардан «әсемдік» ұғымын жағымды жағынан қарастырып, оның басымдылық , артықшылық жағын айтуларын өтіну.)
Оқушылар:
- Әсемдік бақытты сезіндіреді.
- Әсемдік шаттыққа кенелтеді.
- Әсемдік мақтанышқа бөлейді.
• Бұл қасиет несімен бағалы?
Оқушылар: - Көздің жауын алатындай әдемілігімен бағалы.
-Көркем адамның сипатын беретіндігімен бағалы.
• Осы қасиет адамға қажет пе?(өте қажет)
• Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің? (бақытты болар едім, т.т.)
• Осы қасиетті иеленген адамның қандай артықшылығы болады? (ол адам өмірге құштар, сенімді, бақытты,қуанышты )
• Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады? (көңілсіз, ренішті )
5- кезең. Ұғымның кемшілік жақтарын табу.
• Әсемдікте кемшілік бар ма?
Оқушылар:
(Егер адам эстетикалық талғам талаптарымен санаспастан,
Талғамсыз, сырт көріністі шамадан тыс күйттейтін болса, онда үйлесімдік, жарастық болмайды.)
Әсемдік ұғымының жағымды және жағымсыз жақтарын атап жазуды тапсыру.
Әсемдік
жағымды жақтары жағымсыз жақтары
... ...
6- кезең.Өзара әрекеттестіік рефлексиясы.
(Оқушы осы технологиямен жұмыс жүргізу барысындағы өз әрекетіне талдау жасайды.)
• Өз көңіл күйлеріңді айтып беріңдер.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың сұлулықты, әсемдікті көре білу, алған әсерлерін суреттеп жеткізе білуге үйретуде оқулықта ұсынылған өнер туындылары үлкен рөл атқарады.
А. Жақыпбековтің «Томирис», Г. Ысмайылованың «Қазақ вальсі», Ә. Қастеевтің «Қарлы Алатау» және «Таңшапағы» атты өнер туындылары бойынша тапсырма берілген;
Өнер туындыларын мұқият қарап шығыңдар, әрқайсысындағы сұлулықтың мәнін ашыңдар.
Оқушылар өнер туындыларын мұқият қарай отырып, әрбір өнер туындысынан сұлулық мәнін іздейді. Осы сұлулықты қалай сезініп, қабылдағаны туралы айтып береді.
Оқушылар тапсырманы сыныпта жария етеді.
6. Топпен ән айту.
Сөзі А. Шаяхметовтің әні Ғ.Наурызбаевтың «Әдемі» әнін шырқайды.
7. Үй тапсырмасы.
Тапсырманың мақсаты-оқушыларды «Әсемдік, сұлулық» ұғымдарын қабылдауға үйрету.
Егер сендер жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, өз ізденістеріңді неден бастар едіңдер?
• Сипаттап жазыңдар
8. Сабақты қорытындылау сәті
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландырады.
«Адам бойындағының бәрі де – бет-пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс»деген екен А.П.Чехов. Сондықтан да әрқашан әсемдікке ұмтылайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.