Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әсемдікке ұмтылайық» -

«Әсемдікке ұмтылайық»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 390 | Просмотров: 3404 | Размер: 53.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№3 жалпы орта білім беру мектебі


Тақырыбы: «Әсемдікке ұмтылайық»

Пән мұғалімі : Адильханова Л.Х
Пәні : Өзін-өзі тану
Өтетін сыныбы : 6 «А»

Оқу жылы 2014-2015 жж

Тексерген :
Күні: 22.10.14ж
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 6
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,оқушыларды түгендеу)
II. Үй тапсырмасын сұрау («тәтті көмпиттер» сұрақ-жауап)
III. Шаттық шеңбер (ән салу)
IV. Жаңа сабақ түсіндіру (әңгімелесу)
V. Сахналау
VI. Тыныштық сәті (баяу әнмен шығармашылық жұмыс)
VII. Тапсырма (оқулықпен жұмыс)
VIII. Жүректен жүрекке
IX. Үйге тапсырма («Қыз Жібек» жырынан үзінді оқу)
Тақырыбы: Әсемдікке ұмтылайық
Мақсаты:
Оқушылардың әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру;
- Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері
Қыз сыны
Әні М. Омаров
Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашын төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге
А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Күмісті шашбау жарасып белге

Қиылған қасы қарақат көзі
Жүректі баурап оятар сезім
Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей
Дидарын нұрлы шуақты күндей
А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Дидарын нұрлы шуақты күндей

Жаңарып қайта жаңарып көне
Ләззат алар көрген жан сенен
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Халқымның салтын сақтаған көркем
А-а-а-а-а-а-а
А-а-а-а-а-а-а
Халқымның салтын сақтаған көркем

Дәйексөз
Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызығады
Ғ. Мұстафин
Әңгімелесу
 Адамды сұлу ететін не нәрсе?
 Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
 Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?
Мұғалім оқиды:
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнінмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Сахналау
Оқушыларға алдын -ала үйге «Жан сұлулығы» тақырыбына өз еріктерімен көрініс дайындап келуге берілген.
Көрініс соңында оқушыларға талдау ұсынылады.
Тыныштық сәті
Оқушылар асем де сұлу табиғат аясына саяхатқа шығады.Баяу ән қосылып тұрады,топтық жұмыс,оқушылар табиғат сұлулығын,әсемдігін қалай сезінетіндерін қағаз бетіне түсіреді.
1-ші топ ақын болып олен шығарады.
2-ші топ жазушы болып шағын шырма жазады.
3-ші топ суретші болып сурет салады.
Тапсырма
Ш. Сариевтің «сұлулық» өлеңін оқып , сұлулықты қалай түсінетіндеріңді айтыңдар!
Оқу ақпараты
Сұлулық адам жанын марқайтатын , көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін , таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.
Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді.
Жүректен жүрекке
Оқушылар тілектерін былайша білдіреді
« ...сен сұлусың, маған сенің шашың ұнайды »
Үйге тапсырма
« Қыз Жібек » жырынан үзіндіні оқып, мазмұнымен танысу.
Қыз жібектің құрметі
Жиһаннан асқан сәулеті
Ләлі – Мәжнүн болмаса
Өзгеден артық келбеті
Үш қызы бар қасында- ай
Өзі он төрт жасында- ай
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай...

«Жақсылық етсең – өзіңе,жамандық етсең-өзіңе» деген мақалды қалай түсінесің?

Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

Адам баласы неліктен үнемі талпыныс , ізденісте болады ?

Ізденіс дегеніміз не?

Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып бер

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді?
Отбасы татулығы дегенді қалай түсінесің?
«Біреуді таны,таныма жақсылық жасау сенің – парызың» дегенді қалай түсінесің?

«Менің атым Қожа» мәтінінде сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

Өзін –өзі тану пәні бізге не үшін қажет?

Осы күндей жайнап жүріңіз!Сіз өте сұлусыз!
Өзін-өзі тану пәні оқушыларға қажет пе?

Кәмпит қаншалықты тәтті болса,сіздің өміріңіз де соншалықты тәтті болсын деп тілейміз!Бугінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Кәмпит қаншалықты тәтті болса,сіздің өміріңіз де соншалықты тәтті болсын деп тілейміз! Бізге айтар тілегіңіз рахмет!

Осы күндей жайнап жүріңіз!Сіз өте сұлусыз!Бізге айтар тілегіңіз
рахмет!

Осы жұлдыздай жарқырап жүріңіз!Сіз өте сұлусыз! Біздің сабаққа берер бағаңыз Рахмет!


Осы жұлдыздай жарқырап жүріңіз!Сіз өте сұлусыз! Біздің сабаққа берер бағаңыз Рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.