.
.
Өзiн-өзi тану сабағы Табиғатқа құштармын
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 360 | Просмотров: 3207 | Размер: 30.0 Kb | Автор: ТәрбиеМектеп Дөң орта мектебі Мерзiм 28.08.2014 № 27
Тақырып Табиғатқа құштармын
Құндылық Қиянат жасамау Қасиеттер:аялы қарым-қатынас ,қамқорлық.
Мұғалiм Турлыбаева А.Ж Класс 1 Оқушылар саны 18
Сабақ мақсаты:Табиғатқа «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- Табиғатқа қамқорлық қажет ететінін туралы білімдерін кеңейту.
-Оқушылардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
-Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгіндеу.
3.Ережелердіқайталау:сабақтабіз тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек
.2. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»
Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда.
(тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
3.Үй тапсырмасын тексеру.
-Мәтінді оқып келдіңдер ме?/Ә.Ысқақовтың «Табиғат деген не?»әңгімесі/Әңгіменің мазмұнын сұрау.
Сұрақтар:
-Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен?
-Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?
-Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова
-Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе?
-Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?Қалай ойлайсыңдар?/балалардың жауаптары/
Бүгінгі сабағымыздағы дәйексөзді дәптерге жазып алайық/дәптер,47бет/
Әңгiмелеу (сұхбат).
Үзілген гүл
Кеңес Оразбекұлы
Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген.
Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.
Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады.
Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді.
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп...
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой.
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан...
Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып:
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап:
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді.
Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды?
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді?
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады?
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
«Өзін-өзі тану»
журналы
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(топқа түрлі қағаздан жасалған гүлдер арқылы бқленеді)
Жағдаяттар шешу:
1 топ: Сен келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің?(сахналау)
2 топ: Тәртіпсіз бір бала құстарға тас атқылап жүр. Соны көргенде, сенің іс әрекетің?(сахналау)
Талдау: неліктен осындай әрекет жасадыңыз?
Топпен ән айту.Ертегілер әлемі
АйгерімҚалаубаева
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
3. Үй тапсырмасы.
«Орманшының баласы»мәтінін оқып келу.
Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салып келесіңдер «Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып,28 сабақ. Дәптер,35б.
4. Соңғы тыныштық сәтi. баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.