Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Туған жер ғажаптары» -

«Туған жер ғажаптары»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 448 | Просмотров: 7266 | Размер: 21.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні:15.04.13ж

Пәні: Өзін-өзі тану
Мұғалім: Ашуханова Анар Құндыбекқызы
Тақырыбы: «Туған жер ғажаптары»
Мақсаты: Балалардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеғейту.
Міндеттері:
-туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
-туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, иллюстрация және
демонстрация,мұғалім баяндамасы,ойға шабуыл,әңгіме.
Көрнекілігі: бейнетаспа, оқулық, дәптер, үлестірмелі смайлдер, суреттер.
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Бірінші кедергі
Мәтінмен жұмыс

Дәйексөз

Екінші кедергі
Ойын «Мен»

Үшінші кедергі
Тапсырма

Төртінші кедергі
«Сиқырлы қоржын»

Жүректен жүрекке Сәлеметсіздер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Қане, балалар, барлығымыз шаттық шеңберіне тұрамыз (оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шаттық шеңберге тұрады).
Құлпыра берші, кең дала
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағына егейін.
Бәрекелді, балалар! Енді орнымызға отырамыз.
Қане, оқушы қалай отыруы керек, қолымыз партаның үстінде, аяғымыз еденде, бойымызды тік ұстаймыз.
Видеоролик көрсету (туған жер туралы)
Оқушылар, қалай ойлайсыңдар неліктен мен сендерге мына видеороликті көрсеттім?
Бұл видеороликтен нені көрдіңдер?
Яғни, балалар,біздің еліміз Қазақстан елі туралы.
Сендер туған жер деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Балалар, туған жер несімен көрікті?
Еліміздің қандай ғажап, көрікті жерлерін білесіңдер?
Неліктен бұл жерлерді ғажап деп ойлайсыңдар?
Ендеше соған көз жеткізу үшін біз сендермен «Туған жер ғажаптарына» саяхатқа шығамыз.Саяхат барысында біз еліміздің көптеген аты аңызға айналған жерлерімен танысамыз.Саяхат барысында ғажап жерлерді көру үшін біз мынадай кедергілерден өтуіміз керек.
Қазір сендер үнтаспадан «Күн мен гүлдер» атты әңгімені тыңдайсыңдар, өте мұқият тыңдаңдар себебі қазір бұл әңгімені талдаймыз.
Гүлдерді, шөптерді кім және не үшін оятады?
Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстарып, айтып беріңдерші?
Балалар, енді тақтадағы мына мақалға назар аударайықшы. Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Балалар, халқымыз бекер «туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»- деп айтпаған. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп, оған қамқорлықшы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.
Ия, сендер бұл кедергіден өттіңдер. Сондықтан да мына таң ғажайып көріністі көруге мүмкіндігіміз бар. Ал келесі көріністі көру үшін мына кедергіден өтуіміз керек
Ол үшін сендермен «» ойынын ойнаймыз, ол ойынды ойнау үшін туған жер ғажаптарын өздеріңнің өнерлеріңмен бейнелеулерің керек (окушыларға уакыт беріледі өлең оку, ән айту,сурет салу).
Өте жақсы, балалар, сендер бұл кедергіден де өттіңдер!
Сондықтан мына ғажайып суретті көруге болады.
Енді саяхатымызды жалғастырамыз, балалар, келесі кедергіге де келіп қалыппыз. Ол кедергі «Тапсырма» деп аталады екен, кедергіден өту үшін біз дәптерімізге мына тапсырманы орындауымыз керек.
Қане, бәріміз дәптерімізді ашып тапсырманы орындаймыз.
-Мен туған жерді сүйемін, өйткені...
-Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
-Мен туған жерді мақтан етемін, өйткені...
-Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
-Мен туған жерді ғажайып деймін, өйткені...
Жарайсыңдар, балалар, жазып болсақ өзіміздің жазған пікірлерімізді оқимыз.
Балалар, міне, саяхатымызда аяқталуға жақындады. Бізде соңғы кедергі қалыпты ол «Сиқырлы қоржын » деп аталады екен.
Сендерге сиқырлы қоржынның ішінде сөздер беріліпті, сол сөздерді пайдаланып біз бүгінгі сабақты түйіндеп саяхатымызды аяқтауымыз керек.
Сонымен саяхатымыз аяқталды,балалар!
Бізді қандай көріністер күтіп тұр екен?

Ендеше бәріміз, шаттық шеңберіне тұрайық.
Балалар, бәріміз қол ұстасып, «Қазақстан елім менің» әнін айтамыз.
Жарайсыңдар! Орнымызға отырамыз, ал мына смайліктерді сендерге белсене қатысқандарың үшін бергім келеді, әрқашан жүздеріңнен күлкі айырылмасын.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.