Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жақсы сөз-жанға қуат -

Жақсы сөз-жанға қуат

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 321 | Просмотров: 3333 | Размер: 308.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні: 29.10.13ж
Сыныбы: 4 «Б»
Пәні: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Жақсы сөз-жанға қуат
Мақсаты: Оқушылардың“сөз”,“бақыт”құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
-Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
-Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, эвристикалық сұрақтар, әңгіме, ойға шабуыл, иллюстрация және демонстрация.
Көрнекілігі: оқулық, үнтаспа, дәптер, интерактивтік тақта
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері



Көрініс

Әңгімелесу



Сұрақ жауап

Мәтінмен жұмыс



Сұрақ-жауап



Дәйексөз

Жаңа ақпарат

Суретпен жұмыс

Ойын-жаттығу

Дәптермен жұмыс


Қорытынды

Жүректен жүрекке


Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгін өзін-өзі тану сабағын мен беремін.Менің аты-жөнім Динара Серікқызы

Балалар,барлығымыз шаттық шеңберіне тұрамыз (оқушылар бір бірінің қолынан ұстап, шаттық шеңберге тұрады).
Балалар біз бір-біріміздің қолдарымыздан ұстағанда нені сездік?(Жылулықты сеземіз)
Бір-біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?(жақсы көңіл күй, қуанышты байқап тұрмыз)
Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық.
Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.
Өте жақсы!Орнымызға отырамыз.Енді балалар қазір біз көрініс қоямыз.Бұл көрініс арқылы сендер бүгінгі тақырыпты біле аласыңдар.(екі оқушы телефонмен сөйлеседі)
Телефон шырылдайды. Телефонды Самалдың анасы алады.
Әсел:
-Самал үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші. Телефонды анасы Самалға береді.
-Әй,Самал,математика пәнінен қандай тапсырма берді?
Самал: -Сәлем, Әсел! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым.
Әсел: -Неге?
Самал: -Кеше кішкене қызуым көтеріліп тұрған соң анам бір күнге үйде бол, қызуың түссін, сабақта ауырып қаларсың деді.
Әсел: -Жарайды онда,басқа қыздарға телефон соғып білермін.
Балалар бұл көріністе Әсел қандай кемшілік жіберді.(амандасуды, сәлемдесуді ұмытып кетті)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жақсы сөз-жанға қуат»
Біздің мақсатымыз жақсы сөздерді қолдана білуге үйрету, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, жақсы сөздің адам өмірінде маңыздылығын білеміз.
Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттен, ұнамсыз қылықтан аулақ болуға тырысу керек.Әдепті, ақылды балалар қандай сөздер айту керек екенін мына күннің шуағындағы сөздерді оқып білуге болады.
Айналайын! Сәлеметсіз бе! Кешіріңіз! Рақмет! Бақытты бол! Сау болыңыз! Өркенің өссін! Көп жаса! Құлыным!
Осы сөздерді көбіне біз қай жерлерде қолданамыз?
Қандай кездерде сендер жақсы сөздер қолданасыңдар?
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Өздеріңе жақын адамдарға қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
"Жақсы сөз жарым ырыс" дейді халқымыз.Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді.Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
Енді балалар жылы жақсы сөздердің адамға әсерін түсіну үшін "Сыпай қоян" әңгімесін оқып шығайық.

Сыпайы қоян
Мексика ертегісі
Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады.Қоянның жүрегі дір етті.Қашу керек бірақ қайда.Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті.Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді.Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.
-Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір.Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сылағандай.Маған кіруге рұқсат етші, - дейді.
Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін.Ол қоянның даусын естіп, оны шақырады.Жыланның даусынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:
-Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр.Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі.
-Осы бір сиқырлы сөздер-ай!Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінеді жылан.
Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі бар?
Жақыс сөз адамдарға қалай әсер етеді?
Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?
Өте жақсы, балалар!Енді тақтаға назар аударамыз.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді.Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды.Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
"Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді"
Балалар енді тақтадағы суреттерге назарымызды аударамыз.Осы суреттерге байланысты сендерде кітапта диалогтар берілген.Олардың қайсысы мақтау, құттықтау, амандық сұрау, алғыс сөздер екендіген тауып айтасыңдар.
1.Құрметті ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!
Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз;
2.- Апа, аман – есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңіз бе?
Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау;
3.- Алло! Сәлеметсің бе, Арман! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.
Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру;
4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ өскенде елін қорғайтын азамат болады.
Күтілетін жауап: мақтау.
Өте жақсы,оқушылар!
Енді балалар мен сендерді үш топқа бөлемін.Мен сендерге жағдаяттар беремін, сол жағдаяттарды пайдалана отырып көрініс көрсетесіңдер.
1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым қатынасы.
3-топ:Емханаға келген дәргер мен науқас арасындағы диалог.
Ізетті, сыпайы болу, жақсы, жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана білу адамның жақсы қасиетін білдіреді.
Жарайсыңдар!Енді дәптерімізді ашып жақсы сөздерді топтастырып жазамыз.Өздерің білетін, жиі қолданатын жылы сөздерді жазыңдар
Енді балалар бізге құпия хат келді.Кәне хатты ашып көрейік.Бұл хатта былай деп жазылған екен:
Құрметті достар!Партада менімен бірге бір оқушы отырады.Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақта менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем «сен сараңсың» — дейді. Мен не істеуім керек?
Балалар, осы құпия хатқа жауап тауып көрейікші.
Өте жақсы, балалар!
Енді бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберіне тұрайық.
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарсын көгерсін!
Кешегідей бүгінде,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей,
Қолдарына ту алсын.

Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Жарайсыңдар!Осымен сабағымыз аяқталды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.